жергілікті бюджеттерден және әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан қаржыландырылатын шығыстардан басқа, азаматтардың денсаулығын сақтау саласындағы қызмет;
әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына трансферттер;
2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.28.10. № 369-V ҚР Заңымен (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 6) тармақша өзгертілді
6) әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру:
Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына сәйкес бюджет қаражаты есебінен зейнетақымен қамсыздандырылуға құқығы бар азаматтарға зейнетақы төлемдері;
мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар;
мемлекеттік арнайы жәрдемақылар;
арнайы мемлекеттік жәрдемақылар;
зейнеткерлерді, Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерін, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген мемлекеттік жәрдемақы алушыларды жерлеуге жәрдемақы;
бала тууына байланысты тағайындалатын және төленетін біржолғы мемлекеттік жәрдемақы;
баланы бір жасқа толғанға дейін бағу-күту бойынша оларға тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы;
мүгедек баланы тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, бала асырап алушыға, қорғаншыға (қамқоршыға) тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы;
«Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көп балалы аналарға тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы;
экологиялық апат аймақтарында тұратын адамдарға Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген әлеуметтік көмек;
әскери қызметшiлердiң, арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің, құқық қорғау органдары мен мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерiнiң отбасыларына Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде көзделген әлеуметтiк төлемдер;
саяси қуғын-сүргін құрбандарына және одан зардап шеккендерге Қазақстан Республикасы ның заңнамалық актілерінде көзделген әлеуметтік төлемдер;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің міндеттемелері болып табылатын әлеуметтік төлемдер;
оралмандарға әлеуметтік көмек көрсету;
көші-қон саясатын іске асыру;
2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.07.03. № 177-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.03.07. № 229-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 7) тармақша өзгертілді
7) мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік:
қазақтың ұлттық мәдениетін және басқа да ұлттық мәдениеттерді қайта өркендету, сақтау, дамыту және тарату;
республикалық маңызы бар театр және музыка өнерін, ұлттық фильмдер шығаруды, мұражай ісін қолдау;
мәдениет және мемлекеттік жастар саясаты саласында республикалық және халықаралық маңызы бар әлеуметтік маңызды іс-шараларды өткізу;
халықаралық және республикалық маңызы бар тарихи-мәдени мұра объектілерінің сақталуын қамтамасыз ету;
республикалық деңгейде спорттың ұлттық және бұқаралық түрлерінің дамуын қолдау;
жоғары жетістіктер спортын дамыту;
спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама командалары (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалары) мүшелерінің халықаралық спорттық жарыстарға дайындалуы және қатысуы;
мемлекеттік республикалық спорт ұйымдарының жұмыс істеуі;
халықаралық туристік нарықта және мемлекет ішінде Қазақстан және оның туристік мүмкіндіктері туралы ақпарат дайындау және тарату;
республикалық маңызы бар мұрағат қорының сақталуын қамтамасыз ету;
республикалық кітапханалардың жұмыс істеуі;
бұқаралық ақпарат құралдары арқылы республикалық деңгейде мемлекеттік ақпарат саясатын жүргізу;
мемлекеттік тілді және Қазақстан халқының басқа да тілдерін дамыту;
телерадио хабарларын тарату ұйымдарының телевизия және радио бағдарламаларын жерсеріктік хабар тарату жүйелері арқылы тарату;
республикалық деңгейде мәдениет ұйымдары қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау;
2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.04.12. № 435-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара) 8) тармақша өзгертілді
8) агроөнеркәсіптік кешен, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар және қоршаған ортаны қорғау, жер қатынастары:
су ресурстарын қорғауды және ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету, су шаруашылығы баланстарын, су ресурстарын кешенді пайдалану және қорғау схемаларын әзірлеу, су ресурстарын пайдалану және қорғау болжамы, су ресурстарын пайдаланудың ақпараттық-талдау жүйесін қамтамасыз ету;
судың мемлекеттік есебін, мемлекеттік су кадастрын жүргізу;
су беруге байланысты емес трансшекаралық су шаруашылығы құрылыстарын және республикалық маңызы бар су шаруашылығы құрылыстарын пайдалану;
республикалық маңызы бар ерекше авариялық су шаруашылығы құрылыстарын және гидромелиорациялық жүйелерді қалпына келтіру;
суармалы жерлердің мелиорациялық жай-күйінің мониторингі және оны бағалау;
республикалық маңызы бар орман қорын, жануарлар дүниесін, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды мемлекеттік есепке алуды, табиғи ресурстардың мемлекеттік кадастрларын жүргізу, ормандар мен жануарлар дүниесінің мемлекеттік мониторингі;
орман шаруашылығын жүргізу;
орман тұқым шаруашылығы және селекция;
мемлекеттік орман кадастрын, жануарлар дүниесінің, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мемлекеттік кадастрларын жүргізу;
ормандарды өрттен қорғау, орман зиянкестерінен және ауруларынан қорғау жөніндегі авиациялық жұмыстар;
балық ресурстарын және басқа да су мекенді жануарларын қорғау және өсімін молайту;
балық аулауды мемлекеттік реттеу және балық қорларын қорғау;
республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды күтіп ұстау, мемлекеттік табиғи-қорық қорын қалпына келтіру;
Қазақстан Республикасының жер заңнамасында белгіленген жағдайларда, жер учаскелерінің меншік иелеріне немесе жер пайдаланушыларға келтірілген залалдарды өтеу;
қоршаған ортаның мемлекеттік мониторингі;
республикалық деңгейде қоршаған ортаны қорғау бойынша іс-шаралар жүргізу;
І санат объектілеріне мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу;
қоршаған ортаға эмииссияға І санат объектілері үшін рұқсат беру;
гидрометеорологиялық мониторинг;
республикалық деңгейде жер қатынастарын реттеу;
мемлекеттік жер кадастрын, жер мониторингін жүргізу;
топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстар;
жануарлар ауруларының диагностикасы, эпизоотияға қарсы жұмыс, оның ішінде ветеринариялық препараттарды, олардың қорын қоса алғанда, сатып алу, жеткізу, сақтау, қолдану, сондай-ақ жануарлар мен құстардың қатерлі жұқпалы ауруларының ошақтарын жою және зарарсыздандыру;
фитосанитариялық мониторинг;
карантиндегі өнімнің зертханалық сараптамасы және егіс пен екпе материалдарындағы жасырын жұқтырылған ауруды анықтау;
карантиндік объектілердің таралу ошақтарын анықтау, оқшаулау, жою;
қорымен қоса, пестицидтерді (улы химикаттарды), оларды жеткізуге, сақтауға және қолдануға байланысты қызметтер көрсетуді сатып алу;
аграрлық азық-түлiк нарығында сатып алу және тауар интервенцияларын жүргiзу;
сорт сынақтары, тұқымдық және екпе материалдың сорттық және егістік сапаларын айқындау;
ауыл шаруашылығы өндірісін агрохимиялық және агроклиматтық қамтамасыз ету;
агроөнеркәсіптік кешенді техникалық қамтамасыз етуді мемлекеттік реттеу;
агроөнеркәсіптік кешеннің тұрақты дамуын қамтамасыз ету, оның субъектілеріне бәсекелестік нарығында жоқ немесе жеткіліксіз көрсетіліп келген қызметтер көрсетудің жекелеген түрлерін ұсыну;
агроөнеркәсіптік кешеннің ақпараттық-маркетингтік жүйесін ұйымдастыру;
екінші деңгейдегі банктердің ауыл шаруашылығы өнімін өңдеу жөніндегі кәсіпорындарға беретін кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау;
ауылшаруашылық өнімін шығаруды басқару жүйелерін дамыту;
өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруды қолдау;
өсімдіктердің жоғары бағалы сорттарының, ауыл шаруашылығы жануарларының, құстар мен балықтардың тұқымдары мен түрлерінің тектік қорын сақтау және дамыту;
суармалы жерлерді мелиоративтік жақсарту жөнінде іс-шаралар жүргізу;
2014.21.01. № 167-V ҚР Заңымен 9) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
9) өнеркәсіп, жер қойнауын пайдалану, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі:
мемлекеттік өнеркәсіп саясатын іске асыру;
отын-энергетика кешенін дамыту;
жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану, сейсмологиялық ақпарат мониторингі;
мемлекеттік геологиялық зерттеу;
геологиялық ақпаратты қалыптастыру;
кеніштер мен шахталарды жабу және жою, техногендік қалдықтарды көму;
мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жүргізу;
құрылыс нормалары мен стандарттарын сатып алу және әзірлеу;
сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы бақылау;
9-1) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру:
республикалық деңгейде энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру бойынша іс-шаралар өткізу;
2013.02.07. № 112-V ҚР Заңымен (2014 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.13.01. № 276-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 10) тармақша өзгертілді
10) көлік және коммуникациялар:
ақылы автомобиль жолдарын (жол учаскелерін) ағымдағы жөндеуді және күтіп-ұстауды, сондай-ақ жүріп өткені үшін ақы алудың бағдарламалық-аппараттық кешенін күтіп-ұстауды қоспағанда, халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын, сондай-ақ оларда жол қозғалысын реттеудің техникалық құралдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау;
су көлігі қызметін ұйымдастыру және реттеу;
кеме қатынасы жолдарын, шлюздердi күтiп-ұстау және кеме қатынасы мен теңізде жүзу қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету;
теңіз жолдарын навигациялық-гидрографиялық қамтамасыз ету;
әуе және су көлігін мемлекеттік реттеу;
әлеуметтік маңызы бар облысаралық қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын ұйымдастыру;
магистралды темір жолдарды дамыту;
аэроғарыш қызметі;
радиожиілік спектрі мен радиоэлектронды құралдар мониторингі;
2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 11) тармақша өзгертілді (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
11) экономикалық қызметті реттеу:
стандарттау, метрология және сертификаттау;
патенттерді, тауар белгілерін тіркеу және қорғау;
мемлекеттік инновациялық саясат;
мемлекеттік экспорттық және импорттық бақылау;
саудалық және демпингке қарсы реттеу;
бәсекелестікті дамыту және қорғау;
бағаны және табиғи монополияларды мемлекеттік реттеу;
жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау;
11-1) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық:
нормативтік-техникалық құжаттамаларды иелену, әзірлеу және жетілдіру;
елді мекендердің шегінде орналасқан жылумен жабдықтау, электрмен жабдықтау, газбен жабдықтау, сумен жабдықтау және су бұру объектілерін жаңғырту және дамыту, сондай-ақ елді мекендерді абаттандыру;
коммуналдық қалдықтармен жұмыс істеу саласын реттеу;
қолданбалы ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүргізу;
кадрлық және ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету;
коммуналдық шаруашылық саласындағы уәкілетті органның елді мекендердегі инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымының техникалық-экономикалық негіздемелерін, жаңғырту және дамыту инвестицияларының негіздемесін орталықтандырып әзірлеуі;
тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы объектілерді тексеруді және техникалық жай-күйін бағалауды жүргізу;
тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының мониторингі және оны бақылау үшін ақпараттық жүйе құру;
энергия және ресурс үнемдеу жөнінде іс-шаралар жүргізу;
2015.31.10. № 380-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.30.11. № 112-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 12) тармақша өзгертілді
12) басқа да бағыттар:
облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттеріне трансферттер;
үкіметтік борышқа қызмет көрсету және өтеу;
мемлекеттік кепілдіктер бойынша міндеттемелерді орындау;
үкіметтік қарыздарды хеджирлеу мәмілелері бойынша шығыстар;
мемлекеттің кепілгерлігі бойынша міндеттемелерді орындау;
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерін, оның ішінде мемлекеттік концессиялық мiндеттемелерiн орындау;
мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару шарты бойынша шығыстарды өтеу;
халықаралық қаржы ұйымдарына Қазақстан Республикасының мүшелігіне қатысты төлемдер, берілмейтін борыштық міндеттемелер (вексельдер) және донорлық жарналар бойынша мемлекеттің міндеттемелерін орындау;
үкіметтік борышты мерзімінен бұрын өтеуге, оның ішінде шығарылған мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алуға арналған шығыстар.
2. Сонымен қатар, республикалық бюджеттен:
1) мемлекеттік қызмет көрсететін немесе осы баптың 1-тармағында аталған қызмет түрлерін орындайтын орталық мемлекеттік органдар мен мемлекеттік мекемелердің күрделі шығыстарына, сондай-ақ аталған мемлекеттік мекемелердің кадрларды қайта даярлау және қызметкерлердің біліктілігін арттыру жөніндегі шығыстарына;
2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2013.03.12. № 150-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.31.10. № 380-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2) тармақша жаңа редакцияда
2) осы баптың 1-тармағында көрсетiлген бағыттар бойынша бюджеттiк инвестициялық жобаларға, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерін, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелерiн орындауға, халықаралық ынтымақтастыққа, қолданбалы ғылыми зерттеулерге, талдамалық және әлеуметтанушылық зерттеулерге және нормативтiк-әдiстемелiк қамтамасыз етуге;
3) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген өзге де мемлекеттік қызметтерге және орталық мемлекеттік органдар қызметінің бағыттарына арналған шығыстар қаржыландырылады.
3. Осы бапта аталған бағыттар бойынша шығыстарды бюджеттің басқа деңгейлерінен қаржыландыруға жол берілмейді.
2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2013.15.04. № 89-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2017.30.11. № 112-VI ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын орталық мемлекеттік органдар мен олардың аумақтық бөлімшелерінің шығыстары заттай нормалар ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының Президенті және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін штат санының лимиттері негізінде жоспарланады.
Басшысы мемлекеттік органдар жұмыскерлерінің санын қысқартқан кезде штат санының бекітілген лимиттеріне сәйкес есептелген, мемлекеттік органдардың қызметін қамтамасыз етуге көзделген қаражат мөлшері мемлекеттік органдарда тиісті және кейінгі жылдарда сақталады.
ҚР 2009.02.12. № 212-ІV Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.04.07. № 131-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 54-бап өзгертілді
54-бап. Облыстық бюджеттің шығыстары
1. Облыстық бюджеттің шығыстары мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
2013.13.06. № 101-V ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) жалпы сипаттағы мемлекеттік функциялар:
облыстық деңгейдегі жергілікті өкілді және атқарушы органдардың жұмыс істеуі;
аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдерін сайлауды қамтамасыз ету және өткізу;
облыс деңгейінде мемлекеттік жоспарлау;
облыстық бюджеттің атқарылуын ұйымдастыру;
облыстық коммуналдық меншікті басқару;
2010.29.12. № 372-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.16.02. № 562-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.11.04. № 189-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.17.04. № 195-V ҚР Заңымен (ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2) тармақша өзгертілді
2) қорғаныс, қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік:
облыстық ауқымдағы жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру, аумақтық қорғанысты дайындау және аумақтық қорғаныс;
облыс аумағында қоғамдық тәртіпті қорғау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
облыстық ауқымдағы азаматтық қорғаныс іс-шаралары;
облыстық әскери басқару органдарын жабдықталған әскерге шақыру (жинау) пункттерімен, дәрі-дәрмекпен, құрал-сайманмен, медициналық және шаруашылық мүлікпен, автомобиль көлігімен, байланыс құралдарымен, медициналық және техникалық қызметкерлермен, қызмет көрсететін персоналмен қамтамасыз ету және күтіп-ұстау бойынша әскери міндетті атқару шеңберіндегі іс-шаралар және медициналық комиссиялар құру;
жергілікті ауқымдағы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар мен олардың салдарларының алдын алу және оларды жою;
ішкі істер органдарының айдауылмен алып жүруі;
азаматтық, көшіп кету және көшіп келу, шетелдіктермен жұмыс мәселелері және заңсыз көші-қонға қарсы күрес жөніндегі қызмет;
уақытша ұстау изоляторларының, әкiмшiлiк қамауға алынған адамдарға арналған арнаулы қабылдау орындарының, белгiлi тұрғылықты жері және құжаттары жоқ адамдарға арналған қабылдау-бөлу орындарының, қызметтiк жануарларға арналған питомниктердiң жұмыс iстеуi;
мемлекеттік нөмір белгілерін, жүргізуші куәліктерінің бланкілерін және көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу куәліктерінің бланкілерін дайындауға ақы төлеуді қаржыландыруды қоспағанда, жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның қызметін қамтамасыз ету;
республикалық бюджеттен қаржыландырылатын аумақтық органдар аппараттарының ситуациялық орталығының электрондық почта, бейне- конференц-байланыс және бейне бақылау жүйесіне қызметтер көрсетуге арналған шығындарды қоспағанда, жанар-жағар май материалдарын сатып алуды, сондай-ақ аумақтық ішкі істер органдарына коммуналдық қызметтер көрсетуге, электр энергиясына, жылуға және байланыс қызметтерін көрсетуге ақы төлеу жөніндегі шығындарын қоса, қызметтік үй-жайлар мен көлік құралдарын күтіп-ұстау, оларға қызметтер көрсету және оларды жөндеу;
2010.29.12. № 372-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.05.05. № 60-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.29.06. № 163-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3) тармақша өзгертілді
3) білім беру:
техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі кәсіптік оқу бағдарламаларын, сондай-ақ арнайы және мамандандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін оқулықтар және оқу-әдістемелік кешендер сатып алу және жеткізу;
облыстық деңгейде жүзеге асырылатын балаларға қосымша білім беру;
республикалық бюджеттен қаржыландырылатындарды қоспағанда, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды даярлау;
балаларды арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқыту;
мамандандырылған білім беру ұйымдарында дарынды балаларды оқыту;
техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім;
облыстық ауқымдағы мектеп олимпиадаларын өткізу;
жергілікті деңгейде бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік ұйымдар қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау;
сайлау процесіне қатысушыларды оқыту;
балалар мен жасөспірімдердің психикалық денсаулығын зерттеу және халыққа психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялық көмек көрсету;
дамуында проблемалар бар балалар мен жасөспірімдерді оңалту және әлеуметтік бейімдеу;
техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі кәсіптік оқу бағдарламаларын, сондай-ақ арнайы және мамандандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарын (қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемелеріндегі білім ұйымдарын қоспағанда) материалдық-техникалық қамтамасыз ету;
жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды мемлекеттік қамтамасыз ету, оларды міндетті түрде жұмысқа орналастыру және тұрғын үймен қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен білім алушылардың жекелеген санаттарын ақысыз және жеңілдікпен тамақтандыру;
әдістемелік жұмыс;
кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарының жұмыс істеуі;
2010.29.12. № 372-IV ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2015.16.11. № 406-V ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) денсаулық сақтау:
облыстардың жергілікті өкілді органдарының шешімі бойынша тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемімен қосымша қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес вакциналарды, иммундық-биологиялық және басқа да медициналық препараттарды сатып алу және сақтау;
республикалық бюджеттен және әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан қаржыландырылатын бағыттарды қоспағанда, денсаулық сақтау саласындағы басқа да іс-шаралар;
2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.11.07. № 90-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 5) тармақша өзгертілді
5) әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру:
жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтік қамсыздандыру;
аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттен қаржыландырылатын әлеуметтік көмек түрлерін қоспағанда, қарттарды және мүгедек балаларды қоса, мүгедектерді әлеуметтік қамсыздандыру;
жергілікті деңгейде көші-қон іс-шараларын іске асыру;
6) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық:
елді мекендерді газдандыру;
облыстық коммуналдық меншікті қорғау жөніндегі шаралар;
2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.07.03. № 177-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 7) тармақша өзгертілді
7) мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік:
жергілікті маңызы бар театр және музыка өнерін қолдау;
мәдени-демалыс жұмысын қолдау;
мәдениет саласында жергілікті маңызы бар әлеуметтік маңызды іс-шараларды өткізу;
жергілікті маңызы бар тарихи-мәдени мұраның сақталуын және оған қол жеткізілуін қамтамасыз ету;
республикалық және халықаралық спорттық жарыстарға әртүрлі спорт түрлері бойынша облыстық құрама командалары мүшелерінің дайындығы және қатысуы;
облыстық деңгейде спорттық жарыстар өткізу;
мемлекеттік облыстық спорт ұйымдарының жұмыс істеуі;
жергілікті деңгейде туристік қызметті реттеу;
жергілікті маңызы бар мұрағат қорының сақталуын қамтамасыз ету;
облыстық кітапханалардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жергілікті деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясат жүргізу;
жергілікті деңгейде мемлекеттік тілді және Қазақстан халқының басқа да тілдерін дамыту;
облыстық деңгейде мемлекеттік жастар саясатын іске асыру шеңберінде іс-шаралар өткізу;
республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда олардың жұмыс істеуіне байланысты инфрақұрылымды дамыту объектілерін (жолдарды, көпірлерді, электр беру желілерін және басқа да коммуникацияларды) салу;
8) агроөнеркәсіптік кешен, су, орман шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары:
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес облыстық деңгейде облыстағы ауыл шаруашылығы саласындағы қатынастарды реттеу;
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес облыстық деңгейде өсімдік шаруашылығының, тұқым шаруашылығының, мал шаруашылығының, ветеринарияның дамуын, ауыл шаруашылығы өнімін өңдеуді және өткізуді реттеу;
арнайы қоймаларды (көмінділерді) күтіп-ұстау, салу және жөндеу;
бюджет қаражаты есебінен алынған пестицидтерді (улы химикаттарды) залалсыздандыру;
коммуналдық меншіктегі су шаруашылығы құрылыстарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
суды қорғау аймақтарын, су объектілері белдеулерін белгілеу;
облыстық маңызы бар ерекше авариялық су шаруашылығы құрылыстары мен гидромелиорациялық жүйелерді қалпына келтіру;
облыстық маңызы бар су құбырларын салу және реконструкциялау;
ормандарды сақтау, қорғау, молайту және орман өсіру;
жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды күтіп-ұстау және қорғау;
қоршаған ортаны қорғау жөнінде іс-шаралар өткізу;
ІІ, ІІІ, ІV санат объектілеріне мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу;
ІІ, ІІІ, ІV санаттағы қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат беру;
жануарлар дүниесін қорғау;
облыстық деңгейде жер қатынастарын реттеу;
Қазақстан Республикасының жер заңнамасында белгіленген жағдайларда, жер учаскелерінің меншік иелеріне немесе жер пайдаланушыларға келтірілген залалдарды өтеу;
инновациялық тәжірибені тарату және қолданысқа енгізу жөнінде іс-шаралар өткізу;
2011.24.11. № 495-ІV ҚР Заңымен 9) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
9) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі:
республикалық бюджеттен қаржыландырылатын шығыстарды қоспағанда, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін ұйымдастыру;