коммуналдық меншіктегі сумен жабдықтау объектілерін, тазарту, сорғыту жүйелерін, кәріз, жылу және электр желілерін құру және реконструкциялау;
елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету;
жерлеу орындарын күтіп-ұстау және туған-туысы жоқтарды жерлеу;
елді мекендерде көшелерді жарықтандыру;
елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру;
2014.07.03. № 177-V ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
6) мәдениет және спорт:
жергілікті деңгейде мәдени-демалыс жұмысын қолдау;
аудандық (қалалық) кітапханалардың жұмыс істеуі;
хайуанаттар парктері мен дендропарктердің жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
бұқаралық спортты және спорттың ұлттық түрлерін дамыту;
аудан (облыстық маңызы бар қала) деңгейінде спорттық жарыстарды өткізу;
облыстық спорттық жарыстарға әртүрлі спорт түрлері бойынша ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) құрама командалары мүшелерінің дайындығы және қатысуы;
мемлекеттік аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) спорт ұйымдарының жұмыс істеуі;
бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жергілікті деңгейде мемлекеттік ақпарат саясатын жүргізу;
жергілікті деңгейде мемлекеттік тілді және Қазақстан халқының басқа да тілдерін дамыту;
аудандық (облыстық маңызы бар қала) деңгейде мемлекеттік жастар саясатын іске асыру шеңберінде іс-шаралар жүргізу;
2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
7) ауыл шаруашылығы, жер қатынастары:
мал шаруашылығында мал көмінділерін (биотермиялық орларды) жасау, күтіп-ұстау;
ауру жануарларды санитарлық союды ұйымдастыру;
жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып қоймай залалсыздандырылған (зарарсыздандырылған) және қайта өңделген жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын иелеріне өтеу;
аудандық (облыстық маңызы бар қала) деңгейде жер қатынастарын реттеу;
2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8) көлік және коммуникациялар:
аудандық (қалалық) маңызы бар автомобиль жолдарын, сондай-ақ оларда жол жүрісін реттеудің техникалық құралдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау;
темір жол қатынасын қоспағанда, әлеуметтік мәні бар қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданішілік қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын ұйымдастыру;
2012.13.01. № 542-IV ҚР Заңымен 8-1) тармақшамен толықтырылды (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiлді)
8-1) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру:
аудан (облыстық маңызы бар қала) деңгейінде энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру бойынша іс-шаралар өткізу;
2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 9) тармақша өзгертілді (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
9) экономикалық қызметті реттеу:
жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау;
2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен (2015 ж. 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2017.11.07. № 90-VI ҚР Заңымен (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2017.30.11. № 112-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 10) тармақша өзгертілді
Халық саны екі мың адам және одан аз аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 2020 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылатын 10) тармақшаның редакциясын қараңыз
10) өзге де бағыттар:
облыстық бюджетке трансферттер;
аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттеріне берілетін трансферттер;
жергілікті атқарушы органдардың борышына қызмет көрсету және оны өтеу;
тиісті облыстың мәслихаты қабылдаған, жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерін, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелерін орындау;
мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару шарты бойынша шығыстарды өтеу.
2017.11.07. № 90-VI ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттен:
1) мемлекеттік қызмет көрсететін немесе осы баптың 1-тармағында аталған қызмет түрлерін орындайтын мемлекеттік мекемелердің күрделі шығыстарына, сондай-ақ аталған мемлекеттік мекемелердің кадрларды қайта даярлау және қызметкерлердің біліктілігін арттыру жөніндегі шығыстарға;
2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2013.03.12. № 150-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.31.10. № 380-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.30.11. № 112-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2) тармақша жаңа редакцияда
2) осы баптың 1-тармағында көрсетілген бағыттар бойынша бюджеттік инвестициялық жобаларға, тиісті облыстың мәслихаты қабылдаған, жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерін, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелерін орындауға;
3) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де көрсетілетін мемлекеттік қызметке және ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті мемлекеттік басқару органдары қызметінің бағыттарына арналған шығындар қаржыландырылады.
2017.30.11. № 112-VI ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Тиісті облыстың мәслихаты қабылдаған, жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерін, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелерін орындауды қоспағанда, осы бапта көрсетілген бағыттар бойынша шығыстарды бюджеттердің басқа деңгейлерінен қаржыландыруға жол берілмейді.
2013.15.04. № 89-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.11.07. № 90-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 4-тармақ жаңа редакцияда
4. Аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттен қаржыландырылатын жергілікті атқарушы органдардың шығыстары заттай нормалар ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін штат санының лимиттері негізінде жоспарланады.
2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2017.11.07. № 90-VI ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Халық саны екі мың адам және одан аз аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 2020 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылатын 5-тармақтың редакциясын қараңыз
5. Облыстық маңызы бар қала бюджеті құрамында қаладағы ауданның шығыстары мынадай бағыттар бойынша көзделеді:
1) облыстық маңызы бар қаладағы аудан әкімі аппаратының жұмыс істеуі;
2) шаруашылық бойынша есепке алуды жүзеге асыру;
3) азаматтық хал актілерінің жазбасы жөніндегі қызметті қамтамасыз ету;
4) мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту ұйымдарының қызметін қамтамасыз ету;
5) шұғыл жағдайларда науқасы ауыр адамдарды дәрігерлік көмек көрсететін жақын жердегі денсаулық сақтау ұйымына жеткізуді ұйымдастыру;
6) мұқтаж азаматтарға үйде әлеуметтік көмек көрсету;
7) мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерімен бірлесіп, мәдени-бұқаралық және ағарту іс-шараларын ұйымдастыру;
8) жеке тұлғалардың тұрғылықты жері бойынша және олардың жаппай демалу орындарында дене шынықтыру мен спортты дамыту үшін жағдайлар жасау;
9) дене шынықтыру және спорт жөніндегі уәкілетті органмен және мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерімен бірлесіп, мүгедектер арасында сауықтыру және спорттық іс-шаралар өткізуді ұйымдастыру;
10) қоғамдық жұмысты, жастар практикасын және әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру;
11) елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету;
12) жерлеу орындарын күтіп-ұстау және туған-туысы жоқ адамдарды жерлеу;
13) елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру;
14) елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру;
15) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де бағыттар.
2017.11.07. № 90-VI ҚР Заңымен 56-1-баппен толықтырылды
56-1-бап. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттерінің шығыстары
1. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттерінің шығыстары мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
1) аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының жұмыс істеуі;
2) шаруашылық бойынша есепке алуды жүзеге асыру;
3) азаматтық хал актілерінің жазбасы жөніндегі қызметті қамтамасыз ету;
4) мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту, оның ішінде мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту ұйымдарында медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастыру;
5) ауылдық жерлерде оқушыларды жақын жердегі мектепке дейін тегін алып баруды және одан алып қайтуды ұйымдастыру;
6) шұғыл жағдайларда науқасы ауыр адамдарды дәрігерлік көмек көрсететін жақын жердегі денсаулық сақтау ұйымына жеткізуді ұйымдастыру;
7) мұқтаж азаматтарға үйде әлеуметтік көмек көрсету;
8) аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің мемлекеттік тұрғын үй қорының сақталуын ұйымдастыру;
9) елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету;
10) жерлеу орындарын күтіп-ұстау және туған-туысы жоқ адамдарды жерлеу;
11) елді мекендерде көшелерді жарықтандыру;
12) елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру;
13) жергілікті деңгейде мәдени-демалыс жұмысын қолдау;
14) аудандық маңызы бар қалаларда, ауылдарда, кенттерде, ауылдық округтерде автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау;
15) елді мекендерді сумен жабдықтауды ұйымдастыру;
16) жергілікті деңгейде халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету;
17) жергілікті деңгейде дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық іс-шараларды өткізу;
18) мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалар шеңберінде ауылдық елді мекендерді жайластыруды шешуге арналған іс-шараларды іске асыру;
19) аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджетке трансферттер.
2. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттерінен:
1) мемлекеттік қызметтерді көрсететін немесе осы баптың 1-тармағында көрсетілген қызмет түрлерін орындайтын мемлекеттік мекемелердің күрделі шығыстарына, сондай-ақ көрсетілген мемлекеттік мекемелердің кадрларды қайта даярлау және жұмыскерлердің біліктілігін арттыру жөніндегі шығыстарына;
2) бюджеттік инвестициялық жобаларға;
3) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге және аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдері мен жергілікті өзін-өзі басқару органдары қызметінің бағыттарына арналған шығындар да қаржыландырылады.
3. Осы бапта көрсетілген бағыттар бойынша шығыстарды бюджеттердің басқа деңгейлерінен қаржыландыруға жол берілмейді.
4. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттерінен қаржыландырылатын әкімдер аппараттарының шығыстары заттай нормалар ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін штат санының лимиттері негізінде жоспарланады.
10-тарау. Бюджеттік комиссиялар
57-бап. Бюджеттік комиссиялар туралы негізгі ережелер
1. Бюджеттік комиссия бюджет жобасын уақтылы және сапалы әзірлеуді және бюджетті нақтылау және атқару жөнінде ұсыныстар дайындауды қамтамасыз ету мақсатында құрылады.
2013.04.07. № 130-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Республикалық бюджеттік комиссия және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттік комиссиялары өз қызметін тұрақты негізде жүзеге асырады.
2017.03.07. № 86-VI ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Қазақстан Республикасының Үкіметі Республикалық бюджет комиссиясын құрады, ол туралы ережені бекітеді, оның құрамын айқындайды.
2013.04.07. № 130-V ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімдіктері тиісінше облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттік комиссияларын құрады, олар туралы ережені бекітеді, олардың құрамын айқындайды.
2013.04.07. № 130-V ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды
5. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімдіктері облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттік комиссияларының жұмысына жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын мәселелер бойынша, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдерін тартады.
58-бап. Бюджеттік комиссиялардың құзыреті
Бюджеттік комиссиялардың құзыретіне:
2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) әлеуметтік-экономикалық даму болжамы жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
2013.03.12. № 150-V ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды
1-1) бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттері және жаңа бастамаларға арналған лимиттер бойынша ұсыныстар әзірлеу;
2) бюджеттер жобаларының көрсеткіштерін айқындау жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
2015.12.11. № 395-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) республикалық және жергілікті бюджеттердің және (немесе) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының түсімдерін қысқартуды немесе шығыстарын ұлғайтуды көздейтін нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша ұсыныстар әзірлеу;
4) бюджеттерді нақтылау жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
5) бюджеттік мониторингтің нәтижелерін, нәтижелерге жүргізілген бағалауды қарау және олар бойынша ұсыныстар әзірлеу;
6) осы Кодексте, сондай-ақ бюджеттік комиссиялар туралы ережелерде көзделген өзге де өкілеттіктер кіреді.
59-бап. Бюджеттік комиссиялардың құрамы мен жұмыс органдары
2017.11.07. № 90-VI ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Бюджет комиссияларының құрамына: бюджет комиссиясының төрағасы, төрағасының орынбасарлары, хатшысы, мүшелері кіреді, сондай-ақ ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет комиссияларының құрамына аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдері кіреді.
2011.24.11. № 495-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ жаңа редакцияда
2. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган бюджет комиссияларының жұмыс органдары болып табылады.
3. Бюджеттік комиссияның төрағасы оның қызметіне басшылық жасайды, бюджеттік комиссияның отырыстарын өткізеді, оның жұмысын жоспарлайды, оның ұсыныстарының іске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады және комиссия жүзеге асыратын қызметке жауапты болады. Бюджеттік комиссияның төрағасы болмаған кезде оның функцияларын бюджеттік комиссия төрағасының өзі тағайындаған орынбасары орындайды.
4. Бюджеттік комиссияның хатшысы бюджеттік комиссияның қызметін қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты үйлестіреді, бюджеттік комиссия отырыстарының хаттамаларын дайындайды.
5. Жұмыс органы бюджеттік комиссия айқындайтын мерзімдер мен күн тәртібіне сәйкес бюджеттік комиссияның отырыстарына материалдар дайындайды.
2015.12.11. № 395-V ҚР Заңымен 6-тармақпен толықтырылды
6. Бюджет комиссиясының қызметін ұйымдастыру тәртібін тиісті бюджет комиссиясының жұмыс органы әзірлейді және айқындайды.
3-бөлім. Бюджетті әзірлеу, қарау, бекіту
11-тарау. Бюджетті жоспарлау негіздері
245-бапқа сәйкес 60-бап алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілді
60-бап. Бюджетті жоспарлау негіздері туралы жалпы ережелер
2017.03.07. № 86-VI ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Мемлекеттік жоспарлау жүйесін Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының Президентімен келісу бойынша айқындайды.
2. Бюджет процесінде мынадай құжаттар пайдаланылады:
2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.02.07. № 225-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) Қазақстан Республикасының немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әлеуметтік-экономикалық даму болжамы;
2) республикалық бюджет туралы заң, жергілікті бюджет туралы мәслихат шешімі;
3) мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарлары;
2015.12.11. № 395-V ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды
3-1) бюджеттік бағдарламалар;
4) операциялық жоспарлар.
2011.24.11. № 495-ІV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ жаңа редакцияда
3. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган мемлекеттік жоспарлау бойынша әдіснамалық басшылықты жүзеге асырады, мемлекеттік жоспарлау жүйесін жетілдіру және бюджет жүйесін дамыту жөнінде ұсыныстар әзірлейді, сондай-ақ бюджет саясатын қалыптастыруды жүзеге асырады.
Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган бюджеттік жоспарлау саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді, бюджеттік жоспарлау бойынша әдіснамалық басшылықты жүзеге асырады, сондай-ақ бюджеттік жоспарлау жүйесін жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлейді.
245-бапқа сәйкес 61-бап алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілді
2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 61-бап жаңа редакцияда (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
61-бап. Әлеуметтiк-экономикалық даму болжамы
2011.24.11. № 495-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.02.07. № 225-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Әлеуметтiк-экономикалық даму болжамы жоспарлы кезеңге арналған бюджеттік параметрлермен өзара байланыстырылған стратегиялық мақсаттарды ескере отырып, Қазақстан Республикасының, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың экономикалық даму параметрлерін және мемлекеттің бес жылдық кезеңге арналған экономикалық саясатын айқындайтын құжат болып табылады.
2011.24.11. № 495-ІV ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды; 2012.16.02. № 557-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.23.11. № 55-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-1-тармақ өзгертілді; 2014.02.07. № 225-V ҚР Заңымен 1-1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2017.11.07. № 90-VI ҚР Заңымен 1-1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1-1. Әлеуметтік-экономикалық даму болжамы стратегиялық және бағдарламалық құжаттар мен елдегі жағдай және Республиканың ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттары туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауы ескеріле отырып, жылжымалы негiзде бес жылдық кезеңге арналып жыл сайын әзiрленедi және мыналарды:
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2017.30.11. № 112-VI ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) мемлекеттік басқарудың республикалық деңгейінде:
экономиканы дамытудың сыртқы және ішкі жағдайларын;
бес жылдық кезеңге арналған экономикалық саясаттың, оның ішінде салықтық-бюджеттік саясаттың мақсаттары мен міндеттерін;
бес жылдық кезеңге арналған экономикалық саясаттың, оның ішінде салықтық-бюджеттік саясаттың негізгі бағыттары мен шараларын;
бес жылдық кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің болжамын;
мемлекеттік қаржының тұрақтылығын бағалауды;
ішкі және сыртқы үкіметтік борыштың жоспарлы кезеңге арналған болжамын;
шоғырландырылған, мемлекеттік және республикалық бюджеттердің түсімдері мен шығыстарының, тиісті бюджеттің тапшылығы (профициті) мен мұнайға қатысты емес тапшылығының (профицитінің) болжамын қамтитын, жоспарлы кезеңге арналған бюджеттік параметрлердің болжамын;
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының түсімдері мен шығыстарының жоспарлы кезеңге арналған болжамын;
әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарын іске асыруға бағытталған шығыстардың жаңа бастамаларын;
кезекті қаржы жылына арналған шартты түрде қаржыландырылатын шығыстардың тізбесін;
2) облыс, республикалық маңызы бар қала, астана деңгейінде:
облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әлеуметтiк-экономикалық даму үрдістерін, басымдықтарын, нысаналы индикаторлары мен көрсеткіштерін;
облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әлеуметтiк-экономикалық даму көрсеткіштерінің болжамын;
мыналарды:
облыс, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің түсімдері мен шығыстарының болжамын қамтитын, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттік параметрлерінің болжамын;
облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарын іске асыруға бағытталған шығыстардың жаңа бастамаларын;
облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың басым бюджеттік инвестицияларының тізбесін қамтуға тиіс облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жоспарлы кезеңге арналған бюджеттік параметрлерін қамтиды.
Нысаналы индикаторлар мен көрсеткiштер сандық және сапалық нәтижелердi айқындау үшiн түйінді бағыттар (салалар) бойынша белгiленеді, бес жылдық кезең iшiнде мемлекеттің әлеуметтiк-экономикалық саясаты осы нәтижелерге қол жеткiзуге бағытталуға тиiс.
Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың), аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері мен бюджеттік өлшемдері аудандарға (облыстық маңызы бар қалаларға) және аудандық маңызы бар қалаларға, ауылдарға, кенттерге, ауылдық округтерге бөліне отырып, облыстың әлеуметтік-экономикалық даму болжамының құрамында көрсетіледі.
2017.30.11. № 112-VI ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органы әлеуметтік-экономикалық дамудың және бюджеттік параметрлердің қосымша болжамды көрсеткіштерін енгізуі мүмкін.
2017.30.11. № 112-VI ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды
2-1. Әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің болжамы экономиканың ішкі және сыртқы даму жағдайларының өзгерістері ескеріле отырып нақтылануы мүмкін.
3. Жоспарлы кезеңнiң екiншi және үшiншi жылдарына арналған бюджеттік параметрлердiң болжамы индикативтiк сипатта болады және әлеуметтiк-экономикалық даму болжамының өзгерiстерi, бюджеттік мониторинг және нәтижелердi бағалау, басқа да iшкi және сыртқы факторлар ескерiле отырып, кезектi жоспарлы кезеңге бюджеттік параметрлердiң болжамын әзiрлеу кезiнде нақтылануы мүмкiн.
2011.24.11. № 495-ІV ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2014.02.07. № 225-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Әлеуметтiк-экономикалық даму болжамын тиісінше мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органы әзірлейді және Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы мақұлдайды және ол бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануға жатады.
2011.24.11. № 495-ІV ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды
5. 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2011.24.11. № 495-ІV ҚР Заңымен 6-тармақпен толықтырылды
6. 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2011.24.11. № 495-ІV ҚР Заңымен 7-тармақпен толықтырылды; 2012.16.02. № 557-IV ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
7. 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2012.16.02. № 557-IV ҚР Заңымен 7-1-тармақпен толықтырылды
7-1. 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2011.24.11. № 495-ІV ҚР Заңымен 8-тармақпен толықтырылды; 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 8-тармақ жаңа редакцияда
8. Әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеудің тәртібі мен мерзімдерін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.
245-бапқа сәйкес 62-бап алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілді
2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.12.11. № 395-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 62-бап жаңа редакцияда
62-бап. Мемлекеттiк органның стратегиялық жоспары және меморандумы
1. Мемлекеттік органның стратегиялық жоспары Қазақстан Республикасының стратегиялық және бағдарламалық құжаттарының, Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму болжамының негізінде әр үш жыл сайын бесжылдық кезеңге әзірленеді.
2. Мемлекеттiк органның стратегиялық жоспары мемлекеттiк орган қызметiнiң стратегиялық бағыттарын, мақсаттарын, нысаналы индикаторларын айқындайды.
2017.27.02. № 49-VI ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2017.03.07. № 86-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.30.11. № 112-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ жаңа редакцияда
3. Мемлекеттік органның стратегиялық жоспарын мемлекеттік органның басшысы мемлекеттік және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органдармен келісу бойынша бекітеді.
Мемлекеттік органның стратегиялық жоспарында білім, ғылым және (немесе) денсаулық сақтау салаларымен байланысты мақсаттар болған кезде мемлекеттік органның стратегиялық жоспары білім, ғылым және (немесе) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органдармен келісіледі.