(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БЮДЖЕТ КОДЕКСІ» 2008 ЖЫЛҒ...

Предыдущая страница

2017.11.07. № 90-VI ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

Халық саны екі мың адам және одан аз аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 2020 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылатын 5) тармақшаның редакциясын қараңыз

5) аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттері құрамында бекітілетін аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің бюджеттік бағдарламалары болып бөлінеді.

Облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандық (қалалық) бюджеттік бағдарламалар, сондай-ақ қаладағы ауданның бюджеттік бағдарламалары және аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің бюджеттік бағдарламалары жергілікті бюджеттік бағдарламалар болып табылады.

2012.23.11. № 55-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.12.11. № 395-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді

3. Бюджеттік бағдарламалар іске асыру тәсіліне байланысты:

1) бір әкімші іске асыратын дара бюджеттік бағдарламаларға;

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

2) белгілі бір бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік бағдарламаларының құрамында бекітілетін және бюджеттік бағдарламалардың әртүрлі әкімшілері арасында ағымдағы қаржы жылы ішінде бөлінуге жататын, бөлінетін бюджеттік бағдарламаларға бөлінеді.

Мұндай бюджеттік бағдарламаларды бөлу бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша тиісті орталық мемлекеттік органдар айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.

Бөлінетін бюджеттік бағдарламаның түпкілікті нәтижелері бөлінетін бюджеттік бағдарламаны әртүрлі бюджеттік бағдарламалар әкімшілері арасында ағымдағы қаржы жылы ішінде бөлетін бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік бағдарламасында көрсетіледі.

Бөлінетін бюджеттік бағдарламаның тікелей нәтижелері әртүрлі бюджеттік бағдарламалар әкімшілері арасында ағымдағы қаржы жылы ішінде бөлінетін бюджеттік бағдарламаларды бөлген кезде бөлінетін бюджеттік бағдарламалар есебінен қаражат алатын бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік бағдарламасында көрсетіледі.

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалануға бағытталған бөлінетін бюджеттік бағдарламалардың тікелей және түпкілікті нәтижелері қаражатты осы бөлінетін бюджеттік бағдарламалар есебінен алатын бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік бағдарламасында көрсетіледі.

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалануға бағытталған бөлінетін бюджеттік бағдарламалар бойынша бекітілген (нақтыланған) бюджетте көзделген шығыстар толық бөлінбеген жағдайда, сондай-ақ шартты түрде қаржыландырылатын шығыстар үшін бөлінбеген сома бюджеттің атқарылмауы болып табылмайды.

2014.02.07. № 225-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4. Бюджеттік бағдарламалар (кіші бағдарламалар) бірыңғай бюджеттік сыныптаманың құрамында тиісті белгі (код) беріле отырып, ағымдағы бюджеттік бағдарламаларға (кіші бағдарламаларға) және бюджеттік даму бағдарламаларына (кіші бағдарламаларға) бөлінеді.

Бюджеттік инвестицияларды жүзеге асыруға бағытталған бюджет шығыстары бюджеттік даму бағдарламаларына (кіші бағдарламаларға) жатады. Бюджеттің қалған шығыстары ағымдағы бюджеттік бағдарламаларға (кіші бағдарламаларға) жатады.

 

245-бапқа сәйкес 34-бап алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілді

2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.27.04. № 15-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 34-бап өзгертілді; 2013.15.04. № 89-V ҚР Заңымен 34-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

34-бап. Мемлекеттік функцияларды, өкілеттіктерді жүзеге асыруға және олардан туындайтын мемлекеттік қызметтерді көрсетуге бағытталған бюджеттік бағдарламалар

1. Мемлекеттік функцияларды, өкілеттіктерді жүзеге асыруға және олардан туындайтын мемлекеттік қызметтерді көрсетуге бағытталған бюджеттік бағдарламаның құнына олармен байланысты барлық ағымдағы шығыстар кіреді.

2. Бюджеттік бағдарламалардың атауларында жүзеге асырылатын мемлекеттік функциялардың, өкілеттіктердің мазмұны және олардан туындайтын мемлекеттік қызметтерді көрсету немесе мемлекеттік орган қызметінің бағыттары көрсетілуге тиіс.

3. Үкіметтік емес ұйымдардың мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орындауы мемлекеттік қызметтер көрсетуге бағытталған бюджеттік бағдарламалар бойынша қаржыландырылады.

2017.30.11. № 112-VI ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды

4. Өтеусіз негізде берілетін активтерге бюджет қаражатын жоспарлауға жол беріледі.

 

245-бапқа сәйкес 35-бап алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілді

35-бап. Трансферттер мен бюджеттік субсидиялар беруге бағытталған бюджеттік бағдарламалар

1. Трансферттер мен бюджеттік субсидиялар беруге бағытталған бюджеттік бағдарламаларға:

1) бюджеттер деңгейлері арасындағы трансферттер;

1-1) 2017.11.07. № 90-VI ҚР Заңымен алып тасталды (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

Халық саны екі мың адам және одан аз аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 2020 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылатын 1-1) тармақшаның редакциясын қараңыз

2015.16.11. № 406-V ҚР Заңымен 1-2) тармақшамен толықтырылды (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

1-2) әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына трансферттер;

2) мемлекеттік мекемелердің қызметкерлеріне арналған ақшалай төлемдерден басқа, жеке тұлғаларға арналған трансферттер;

3) жеке және заңды тұлғаларға арналған бюджеттік субсидиялар жатады.

2. Бюджеттер деңгейлері арасындағы трансферттер, осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, бюджеттің бір деңгейінен басқасына өтеусіз және қайтарымсыз төлемдер болып табылады.

2-1. 2017.11.07. № 90-VI ҚР Заңымен алып тасталды (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

Халық саны екі мың адам және одан аз аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 2020 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылатын 2-1-тармақтың редакциясын қараңыз

2015.16.11. № 406-V ҚР Заңымен 2-2-тармақпен толықтырылды (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

2-2. Республикалық бюджеттен:

әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде қызметтер көрсеткені үшін ақы төлеуі мақсатында;

2-2-тармақтың үшінші, төртінші абзацтары 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі

әскери қызметшілерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсету бойынша денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеуге әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының шығындарын өтеу мақсатында;

«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жарналар төлеуден босатылған Қазақстан Республикасының азаматтары үшін мемлекеттің міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналары түрінде әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына ақша аудару осы қорға трансферттер болып табылады.

3. Мемлекеттік мекемелер қызметкерлеріне арналған ақшалай төлемдерден басқа, жеке тұлғаларға арналған трансферттер, бұл жеке тұлғаларға олардың иелігіндегі табыстарын өсіруге не Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген шығындардың немесе нұқсандардың белгілі бір түрлерін толық немесе ішінара өтеуге арналған ақшалай төлемдер.

4. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда, мемлекеттік функцияларды орындаудың және республиканың немесе өңірдің дамуының әлеуметтік-экономикалық міндеттерін іске асырудың басқа да тәсілі болмаған кезде ғана жеке және заңды тұлғаларға, соның ішінде шаруа немесе фермер қожалықтарына берілетін бюджеттен қайтарымсыз төлемдер бюджеттік субсидиялар болып табылады.

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

5. Бюджеттен субсидиялар төлеу тәртібін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша орталық мемлекеттік органдар айқындайды.

2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен 6-тармақпен толықтырылды (2015 ж. 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді)

6. Жергілікті өзін-өзі басқару органдарына трансферттер беру тәртібін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша айқындайды.

2015.16.11. № 406-V ҚР Заңымен 7-тармақпен толықтырылды (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

7. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына трансферттерді беру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

 

245-бапқа сәйкес 36-бап алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілді

36-бап. Бюджеттік кредиттер беруге бағытталған бюджеттік бағдарламалар

Бюджеттік кредиттер:

1) бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруға;

2) мемлекеттің сыртқы экономикалық қызметін жүзеге асыруға;

3) қаржы агенттіктерінің мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыруына;

2012.16.02. № 557-IV ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

4) төмен тұрған бюджеттердің қолма-қол ақша тапшылығын жабуға;

2012.16.02. № 557-IV ҚР Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды

5) мемлекеттің әлеуметтік саясатының міндеттерін шешуге бағытталады.

 

245-бапқа сәйкес 37-бап алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілді

2013.03.12. № 150-V ҚР Заңымен 37-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

37-бап. Бюджеттік инвестицияларды жүзеге асыруға бағытталған бюджеттік бағдарламалар

Бюджеттік инвестициялар бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру және заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу арқылы жүзеге асырылады.

 

245-бапқа сәйкес 38-бап алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілді

2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 38-бап өзгертілді (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

38-бап. Күрделі шығыстарды жүзеге асыруға бағытталған бюджеттік бағдарламалар

Күрделі шығыстарға, бюджеттік инвестициялардан басқа, шығыстардың экономикалық сыныптамасына сәйкес материалдық-техникалық базаны қалыптастыруға не нығайтуға, күрделі жөндеуді (қалпына келтіруді) жүргізуге және өзге де күрделі шығыстарға бағытталған шығыстар жатады.

 

245-бапқа сәйкес 39-бап алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілді

2012.23.11. № 55-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.04.07. № 131-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.31.10. № 380-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 39-бап өзгертілді

39-бап. Мемлекеттің міндеттемелерін орындауға бағытталған бюджеттік бағдарламалар

Мемлекеттің міндеттемелерін орындауға бағытталған бюджеттік бағдарламаларға:

қарыз алу шарттарынан туындайтын, уақыттың белгілі бір кезеңінде сыйақының, комиссиялық алымдардың, айыппұлдардың және өзге де төлемдердің жиынтық төлемдері, хеджирлеу мәмілелері бойынша төлемдер;

қарыз алушының қарыз шартында белгіленген тәртіппен алған қарыз сомасын қайтаруы, мемлекеттің қарыз шартынан туындайтын басқа да міндеттемелерді орындауы;

Қазақстан Республикасы мүшесі болып табылатын халықаралық ұйымдарға үлестік және донорлық жарналар;

мемлекеттік кепілдіктер мен кепілгерліктер бойынша міндеттемелерді орындау;

мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелерді орындау;

мемлекеттің Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардан және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінен немесе соттардың шешімдерінен туындайтын басқа да міндеттемелері жатады.

 

2012.16.02. № 557-IV ҚР Заңымен 39-1-баппен толықытырылды

39-1-бап. Нысаналы салым салуға бағытталған бюджеттік бағдарламалар

2013.03.12. № 151-V ҚР Заңымен (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда

1. Дербес бiлiм беру ұйымдарының қызметiне және (немесе) қордың ұйымдық-құқықтық нысанында құрылатын коммерциялық емес ұйымға тек қана дербес бiлiм беру ұйымдары мен олардың ұйымдарының қызметiн қаржыландыруды қамтамасыз ету үшiн бюджеттен төленетiн өтеусiз және қайтарымсыз төлемдер нысаналы салым болып табылады.

2. Нысаналы салым Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде айқындалған мақсаттарға бағытталады.

3. Нысаналы салым салу бюджеттік бағдарламалардың тиісті әкімшілері арқылы жүзеге асырылады.

2013.03.12. № 151-V ҚР Заңымен (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 4-тармақ жаңа редакцияда; 2015.21.07. № 337-V ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2015.12.11. № 395-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

4. Дербес бiлiм беру ұйымдары мен олардың ұйымдарының қызметiне нысаналы салым нәтижелерінің көрсеткiштерi тиiстi бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң стратегиялық жоспарларында және (немесе) бюджеттiк бағдарламаларында айқындалады.

Дербес бiлiм беру ұйымдары мен олардың ұйымдары тиiстi бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң стратегиялық жоспарларында және (немесе) бюджеттiк бағдарламаларында айқындалған, өздерiнiң қызметiне нысаналы салым нәтижелерінің көрсеткiштерiне қол жеткiзу үшiн жауапты болады.

2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 5-тармақ жаңа редакцияда

5. Нысаналы салым салуға бағытталған бюджеттік бағдарламалар бойынша шығыстарды жоспарлау бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілеген тәртіпке сәйкес бюджеттік өтінім жасау арқылы жүзеге асырылады.

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

6. Нысаналы салым салуға бағытталған бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыру бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілеген тәртіпке сәйкес жүзеге асырылады.

 

2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен 39-2-баппен толықтырылды

39-2-бап. Нысаналы аударымға бағытталған бюджеттік бағдарламалар

2015.17.11. № 407-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)

1. Республикалық бюджеттен:

2017.25.12. № 122-VI ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1) қызметінің негізгі нысанасы Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыру және өткізу, сондай-ақ халықаралық мамандандырылған көрменің аумағын көрмеден кейін пайдалану болып табылатын, жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлғаны қаржыландыруды қамтамасыз ету үшін ғана қордың ұйымдық-құқықтық нысанында құрылатын коммерциялық емес ұйымға;

2017.27.02. № 49-VI ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2) трансұлттық корпорациялардың қатысуымен бірлескен кәсіпорындар құру үшін, сондай-ақ шетелдік инвестициялық қорларға үлестік қатысу үшін ғана дербес кластерлік қорға;

2017.27.02. № 49-VI ҚР Заңымен 3) тармақшамен толықтырылды (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2017.13.03. № 53-VI ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

3) өткізу кезінде шығындар туындауы мүмкін болатын, екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйымға;

2017.13.03. № 53-VI ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды

4) ұзақ мерзімді активтерді иелену, халықаралық қаржы орталығының органдары мен олардың ұйымдарының қызметін қамтамасыз ету және қаржыландыру үшін ғана, оның органдары мен олардың ұйымдарының, сондай-ақ қатысушыларының қызметі үшін жағдайларды қамтамасыз ететін коммерциялық емес ұйымға төленетін өтеусіз және қайтарымсыз төлемдер нысаналы аударым болып табылады.

2. Нысаналы аударым Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде айқындалған мақсаттарға бағытталады.

3. Нысаналы аударым бюджеттік бағдарламалардың тиісті әкімшілері арқылы жүзеге асырылады.

2015.12.11. № 395-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.17.11. № 407-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2017.27.02. № 49-VI ҚР Заңымен (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2017.13.03. № 53-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.25.12. № 122-VI ҚР Заңымен (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді

4. Нысаналы аударым нәтижелерінің көрсеткіштері бюджеттік бағдарламалардың тиісті әкімшілерінің стратегиялық жоспарларында және (немесе) бюджеттік бағдарламаларында айқындалады.

Қызметінің негізгі нысанасы Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыру және өткізу, сондай-ақ халықаралық мамандандырылған көрменің аумағын көрмеден кейін пайдалану болып табылатын, жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлға, дербес кластерлік қор, сондай-ақ халықаралық қаржы орталығы органдарының, олардың ұйымдарының және қатысушыларының қызметі үшін жағдайларды қамтамасыз ететін ұйым бюджеттік бағдарламалардың тиісті әкімшілерінің стратегиялық жоспарларында және (немесе) бюджеттік бағдарламаларында айқындалған, өздерінің қызметіне нысаналы аударым нәтижелерінің көрсеткіштеріне қол жеткізу үшін жауапты болады.

Екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйым бюджеттік бағдарламалардың тиісті әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларында айқындалған бағыттар бойынша нысаналы аударымды пайдаланғаны үшін жауапты болады.

5. Нысаналы аударымға бағытталған бюджеттік бағдарламалар бойынша шығыстарды жоспарлау бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілеген тәртіпке сәйкес бюджеттік өтінім жасау арқылы жүзеге асырылады.

6. Нысаналы аударымға бағытталған бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыру бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілеген тәртіпке сәйкес жүзеге асырылады.

 

245-бапқа сәйкес 40-бап алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілді

40-бап. Барлау және қарсы барлау қызметін жүзеге асыратын, сондай-ақ қорғалатын тұлғалардың және объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін органдардың мемлекеттік органдар мен олардың мекемелерінің шығыстарын сыныптау

Барлау және қарсы барлау қызметін жүзеге асыратын, сондай-ақ қорғалатын тұлғалардың және объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін мемлекеттік органдар мен олардың мекемелерінің шығыстары мынадай бюджеттік бағдарламалар:

мемлекеттік функциялар мен өкілеттіктерді орындауға, трансферттер беруге және күрделі шығыстарды жүзеге асыруға бағытталған бір бюджеттік бағдарлама;

бюджеттік инвестицияларды жүзеге асыруға бағытталған бір бюджеттік бағдарлама бойынша шығыстардың экономикалық сыныптамасының бір өзіндік ерекшелігі бойынша көрсетіле отырып, бір функционалдық топ бойынша жіктеледі.

 

41-бап. Мемлекеттік тапсырма

2011.19.01. № 395-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2012.01.02. № 551-IV ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2013.04.07. № 130-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2014.10.06. № 208-V ҚР Заңымен (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2017.11.05. № 65-VІ ҚР Заңымен (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2017.30.11. № 112-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді

1. Жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға, Ұлттық әл-ауқат қоры тобына кіретін ұйымдарға, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын оның ұйымдарына, Қазақстан Республикасының Ұлттық олимпиада комитетіне, дербес кластерлік қорға, дербес білім беру ұйымдарына және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын олардың ұйымдарына, жекелеген мемлекеттік қызметтер көрсетуге, бюджеттік инвестициялық жобаларды iске асыруға және мемлекеттің әлеуметтiк-экономикалық тұрақтылығын және (немесе) әлеуметтік-мәдени дамуын қамтамасыз етуге бағытталған басқа да мiндеттердi орындауға арналған тапсырыс мемлекеттік тапсырма болып табылады.

Жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға, Ұлттық әл-ауқат қоры тобына кіретін ұйымдарға, мемлекеттік тапсырманы орындауға бюджет қаражатын бөлу осы заңды тұлғалардың жарғылық капиталы ұлғайтылмай жүзеге асырылады.

2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.12.11. № 395-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.30.11. № 112-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ жаңа редакцияда

2. Мемлекеттік тапсырманы жоспарлау бюджетті әзірлеу кезінде осы Кодексте белгіленген талаптар сақталып:

1) кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуы тұрғысынан Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының;

2) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасына сәйкестігі тұрғысынан монополияға қарсы органның оң қорытындылары ескеріле отырып, жүзеге асырылады.

2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2017.30.11. № 112-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді

3. Мемлекеттік тапсырманы орындау бекітілген республикалық үш жылдық бюджеттік бағдарламаларды республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшісі мен мемлекеттік тапсырманы орындаушы арасында азаматтық-құқықтық мәміле жасау арқылы іске асыру шеңберінде, онда нәтижелер көрсеткіштері көрсетіле отырып, жүзеге асырылады.

Мемлекеттік тапсырманы орындау Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында көзделген конкурстық рәсімдер сақталмай жүзеге асырылады.

2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4. Мемлекеттік тапсырмалардың, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің және мемлекеттік тапсырмаларды орындауға жауапты заңды тұлғалардың тізбесін жыл сайын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

5. Мемлекеттік тапсырманы әзірлеу және орындау тәртібін бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.

 

2012.23.11. № 55-V ҚР Заңымен 6-тарау 41-1-баппен толықтырылды; 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 41-1-бап өзгертілді

41-1-бап. Шартты түрде қаржыландырылатын шығыстар

Осы бапта айқындалған жағдайлар басталған кезде ең үздік тікелей нәтижеге қол жеткізу үшін бекітілген бюджеттік бағдарламаларға қосымша бөлінетін республикалық бюджет шығыстары шартты түрде қаржыландырылатын шығыстар болып табылады.

Шартты түрде қаржыландырылатын шығыстардың жалпы көлемі кезекті қаржы жылына арналған республикалық бюджет шығыстары көлемінің төрт пайызынан аспауға тиіс.

Шартты түрде қаржыландырылатын шығыстар бюджетті әзірлеу кезінде осы Кодексте белгіленген талаптар сақтала отырып, жоспарлы кезеңге арналған республикалық бюджетті қалыптастырған кезде жоспарланады.

Шартты түрде қаржыландырылатын шығыстардың тізбесін және көлемін бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган қалыптастырады, Республикалық бюджет комиссиясы қарайды және олар әлеуметтік-экономикалық даму болжамының құрамында мақұлданады. Шартты түрде қаржыландырылатын шығыстар жоспарлы кезеңге арналған республикалық бюджетте бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган әкімшілік жасайтын, жеке бөлінетін бюджеттік бағдарлама бойынша көзделеді.

Шартты түрде қаржыландырылатын шығыстар бірінші тоқсанның қорытындылары бойынша бюджет кірістерінің атқарылуы есепті кезеңге арналған бекітілген жоспарлы көрсеткіштерден асып түскен жағдайда, сондай-ақ ағымдағы қаржы жылына арналған әлеуметтік-экономикалық даму параметрлерін жақсарту болжанған жағдайда, Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бойынша бөлінеді. Бұл ретте, ағымдағы қаржы жылының бюджетінде көзделген бюджеттік бағдарламалар бойынша бюджет қаражатының уақтылы игерілуі, шығыстардың әлеуметтік бағыттылығы, ағымдағы қаржы жылындағы бюджеттік бағдарламалар бойынша қабылданған міндеттемелердің аяқталу мерзімдері ескеріледі.

Шартты түрде қаржыландырылатын шығыстарды бөлу тәртібін бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.

 

 

7-тарау. Бюджетаралық қатынастар

 

42-бап. Бюджетаралық қатынастар туралы жалпы ережелер

2017.11.07. № 90-VI ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)