өзара байланысты тұлғалар - мына шарттардың ең болмағанда біреуіне жауап беретін:
олар бір бірінің ұйымдарының қызметкерлері немесе директорлары (басшылары) болып табылатын;
олар заңды тұрғыда танылған іскер әріптестер болып табылатын, яғни шарттық қатынастармен байланысқан, пайда табу мақсатында әрекет ететін және бірлескен қызметті жүзеге асыруға байланысты шығыстар мен залалдарды бірге көтеретін;
олар жұмыс беруші және жұмыскер болып табылатын;
қандай да бір тұлға олардың екеуінің де айналысқа шығарылған дауыс беретін акцияларының бес немесе одан да көп пайызын тікелей немесе жанама иелік ететін, оларды бақылайтын немесе ұстаушы болып табылатын;
олардың біреуі басқасын тікелей немесе жанама бақылайтын;
олардың екеуін де үшінші тұлға тікелей немесе жанама бақылайтын;
олар бірігіп үшінші тұлғаны тікелей немесе жанама бақылайтын;
олар туысқандар немесе бір отбасының мүшелері болып табылатын тұлғалар.
Егер тұлғалар бірлескен кәсіпкерлік немесе өзге қызметте әріптестер болып табылса және бұл ретте олардың біреуі басқасының айрықша (жалғыз) агенті, айрықша дистрибьюторы немесе айрықша концессионері болып табылса (бұл қалай ұсынылса да), мұндай тұлғалар, егер олар көрсетілген шарттардың ең болмағанда біреуіне жауап берсе, осы тараудың мақсаттары үшін өзара байланысты деп есептелуге тиіс.
Егер тұлға заң жүзінде немесе практика жүзінде басқа тұлғаның әрекеттерін шектеу немесе оны басқару мүмкіндігіне ие болса, ол осы тұлғаны бақылайтын болып есептеледі.
65-бап. Тауарлардың кедендік құны туралы жалпы ережелер
1. Осы тараудың ережелері 1994 жылғы Тарифтер мен сауда жөніндегі бас келісімнің (1994 жылғы ТСБК) VII бабында және 1994 жылғы Тарифтер мен сауда жөніндегі бас келісімнің VII бабын қолдану жөніндегі келісімде белгіленген жалпы қағидаттар мен қағидаларға негізделеді.
2. Егер Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелу кезінде тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасын кесіп өтсе және осындай тауарларға қатысты осы баптың 3-тармағында көрсетілгендерден өзге кедендік рәсім алғаш рет мәлімделсе, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін тауарлардың (бұдан әрі осы тарауда - әкелінетін тауарлар) кедендік құны осы тарауға сәйкес айқындалады.
Егер тауарларды осы баптың 3-тармағында көрсетілгендерден өзге кедендік рәсіммен орналастыру кезінде оларды кедендік декларациялау осы Кодекстің 185, 186, 187, 188 және 189-баптарында айқындалған ерекшеліктермен жүзеге асырылған жағдайда да әкелінетін тауарлардың кедендік құны осы тарауға сәйкес айқындалады.
3. Тауарларды кедендік транзит кедендік рәсімімен, кеден қоймасы кедендік рәсімімен, жою кедендік рәсімімен, мемлекет пайдасына бас тарту кедендік рәсімімен немесе арнайы кедендік рәсіммен орналастыру кезінде, осы баптың 2-тармағының ережелеріне қарамастан, олардың кедендік құны айқындалмайды.
4. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетілетін тауарлардың кедендік құнын айқындау, осы баптың ережелері ескеріле отырып, осы Кодекстің 73-бабына сәйкес жүргізіледі.
5. Осы Кодекстің 279-бабының 1-тармағында, 289-бабы 1-тармағының екінші бөлігінде, 2 және 3-тармақтарында және 298-бабы 1-тармағының екінші бөлігінде, 2 және 3-тармақтарында көрсетілген тауарлардың, сондай-ақ осы Кодекстің 250, 275 және 331-баптарына сәйкес кедендік рәсімдермен орналастырылуға жататын қалдықтардың кедендік құны, Комиссия айқындайтын ерекшеліктер ескеріле отырып, осы тарауға сәйкес айқындалады.
6. Осы Кодекстің 88-бабына, 136-бабының 5-тармағына, 217-бабының 11-тармағына және 278-бабының 12-тармағына сәйкес төленуге жататын кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы баждарды, өтемақы баждарын есептеу мақсаттары үшін тауарлардың кедендік құны, Комиссия айқындайтын ерекшеліктер ескеріле отырып, осы тарауға сәйкес айқындалады.
Осы Кодекстің 157-бабының 4-тармағында, 163-бабының 3-тармағында, 174-бабының 4-тармағында, 233-бабының 5-тармағында, 242-бабының 6-тармағында, 322-бабының 3-тармағында, 362-бабының 8-тармағында, 363-бабының 4-тармағында, 367-бабының 4-тармағында және 392-бабының 3-тармағында көрсетілген мән-жайлар, сондай-ақ осы Кодекстің 337-бабына сәйкес - Комиссия айқындайтын және Комиссия айқындаған жағдайларда Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын, өздерінде кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндет орындалуға жататын мән-жайлар басталған кезде төленуге жататын кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы баждарды, өтемақы баждарын есептеу мақсаттары үшін тауарлардың кедендік құны осы тарауға және көрсетілген баптардың ережелеріне сәйкес айқындалады.
7. Егер, осы Кодекстің 289-бабы 1-тармағының екінші бөлігінде және 298-бабы 1-тармағының екінші бөлігінде көрсетілген тауарларды қоспағанда, осы Кодексте көзделген кедендік рәсімдердің бірімен орналастырылған тауарлар өзге кедендік рәсіммен не осындай кедендік рәсіммен орналастырылған жағдайда, осындай тауарлардың кедендік құны - оларды осы баптың 3-тармағында көрсетілгендерден өзге кедендік рәсіммен алғаш орналастыру кезінде айқындалған тауарлардың кедендік құны, ал егер тауарларға арналған декларацияға тауарлардың кедендік құны туралы мәліметтер бөлігінде өзгерістер енгізілген болса, осындай өзгерістерді енгізу кезінде айқындалған тауарлардың кедендік құны болып табылады.
Тауарлар, кері экспорт кедендік рәсімін қоспағанда, кедендік рәсімдермен орналастырылған кезде, кеден қоймасы кедендік рәсімінің қолданысын аяқтау үшін олардың кедендік құны, Комиссия айқындайтын ерекшеліктер ескеріле отырып, осы тарауға сәйкес айқындалады.
2025.18.07. № 215-VIIІ ҚР Заңымен 8-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8. Қазақстан Республикасында тауарлардың кедендік құны Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен айқындалады. Егер тауарлардың кедендік құнын айқындау кезінде шетел валютасын Қазақстан Республикасының ұлттық валютасына қайта есептеу жүргізу талап етілетін болса, мұндай қайта есептеу, егер осы Кодексте өзгеше белгіленбесе, кеден органы кедендік декларацияны тіркеген күні белгіленген Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының ресми бағамы (бұдан əрі - валюталар бағамы) бойынша жүргізіледі.
9. Тауарлардың кедендік құнын айқындау тауарлардың еркін немесе жалған кедендік құнын пайдалануға негізделмеуге тиіс.
10. Тауарлардың кедендік құны және оны айқындауға қатысты мәліметтер анық, саны жағынан айқындалған және құжатпен расталған ақпаратқа негізделуге тиіс.
11. Тауарлардың кедендік құнын айқындау рәсімдері жалпыға бірдей қолданылатын болуға, яғни тауарлардың берілу көздеріне, оның ішінде тауарлардың шығарылған жеріне, тауарлардың түріне, мәмілеге қатысушыларға және басқа да факторларға қарай ерекшеленбеуге тиіс.
12. Әкелінетін тауарлардың кедендік құнын айқындау рәсімдері демпингпен күресу мақсаттарында пайдаланылмауға тиіс.
13. Осы тараудың ережелері кеден органдарының тауарлардың кедендік құнын растау үшін ұсынылған кез келген өтініштің, құжаттың немесе декларацияның анықтығына немесе дәлдігіне көз жеткізу құқығын шектеуші немесе оған күмән келтіруші ережелер ретінде қарастырыла алмайды.
14. Тауарлардың кедендік құнын декларант айқындайды, ал кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы баждарды, өтемақы баждарын кеден органы осы Кодекстің 83-бабының 2-тармағына сәйкес және 135-бабының 3-тармағын ескере отырып есептеген жағдайда, тауарлардың кедендік құнын кеден органы айқындайды.
15. Әкелінетін тауарлармен жасалған мәміленің осы Кодекстің 66-бабында айқындалған мәндегі құны барынша мүмкін боларлық дәрежеде осы тауарлардың кедендік құнының негізі болуға тиіс.
Әкелінетін тауарлардың кедендік құнын олармен жасалған мәміленің құны бойынша айқындау мүмкін болмаған жағдайда, тауарлардың кедендік құны осы Кодекстің тізбектеле қолданылатын 68 және 69-баптарына сәйкес айқындалады. Бұл ретте әкелінетін тауарлардың осы Кодекстің 68 және 69-баптарына жауап беретін кедендік құнын айқындау үшін құндық негізді негіздеп таңдау мақсаттарында кеден органы мен декларанттың арасында консультациялар жүргізілуі мүмкін. Консультациялар процесінде кеден органы мен декларант, коммерциялық құпияны сақтау шартымен, өздерінің қолда бар ақпаратымен алмаса алады.
Консультациялар уәкілетті орган айқындаған тәртіппен және мерзімдерде жүргізіледі.
Әкелінетін тауарлардың кедендік құнын осы Кодекстің 68 және 69-баптарына сәйкес айқындау мүмкін болмаған кезде, осы Кодекстің 70-бабына сәйкес, бағаланатын, бірдей немесе біртекті тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында сатылған баға не осы Кодекстің 71-бабына сәйкес тауарлардың есеп айырысу құны тауарлардың кедендік құнын айқындау үшін негіз ретінде пайдаланылуы мүмкін. Әкелінетін тауарлардың кедендік құнын айқындау кезінде декларанттың көрсетілген баптарды қолдану кезектілігін таңдауға құқығы бар.
Егер әкелінетін тауарлардың кедендік құнын айқындау үшін осы Кодекстің 66, 68, 69, 70 және 71-баптарын қолдану мүмкін болмаса, тауарлардың кедендік құнын айқындау осы Кодекстің 72-бабына сәйкес жүзеге асырылады.
16. Егер тауарларды кедендік декларациялау кезінде тауарларға арналған декларацияны кеден органы тіркейтін күні тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкету үшін сатылатын мәміленің шарттарына сәйкес олардың кедендік құнының дәлме-дәл шамасын есептеуге қажетті дәлме-дәл мәліметтер қамтылған құжаттардың болмауына байланысты оны айқындау мүмкін болмаған жағдайда, тауарлардың кедендік құнының дәлме-дәл шамасын айқындауды кейінге қалдыруға жол беріледі. Бұл жағдайда тауарлардың кедендік құнын (бұдан әрі осы бапта - тауарлардың кедендік құнының алдын ала шамасы) декларанта бар құжаттар мен мәліметтер негізінде айқындауға және мәлімдеуге, сондай-ақ тауарлардың кедендік құнының мәлімделген алдын ала шамасын негізге ала отырып, кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы баждарды, өтемақы баждарын есептеу мен төлеуге жол беріледі.
Тауарлардың кедендік құнын кейінге қалдырып айқындау жағдайларын да қамтитын тауарлардың кедендік құнын кейінге қалдырып айқындау тәртібін, тауарлардың кедендік құнын кейінге қалдырып айқындауды пайдалану кезінде әкелінетін тауарлармен жасалған мәміле құны бойынша әдісті (1-әдісті) қолдану ерекшеліктерін, тауарлардың кедендік құнының алдын ала шамасы туралы мәліметтерді мәлімдеу ерекшеліктерін, тауарлардың кедендік құнының дәлме-дәл шамасын мәлімдеу тәртібі мен мерзімдерін, тауарлардың кедендік құнын бақылау ерекшеліктерін Комиссия айқындайды және Комиссия көздеген жағдайларда - уәкілетті орган айқындайды.
Тауарлардың кедендік құнының дәлме-дәл шамасы негізге алына отырып қосымша есепке жазылған кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы баждарды, өтемақы баждарын төлеу тауарлардың кедендік құнының дәлме-дәл шамасы мәлімделген мерзімнен кешіктірілмей жүргізіледі.
17. Комиссия 1994 жылғы Тарифтер мен сауда жөніндегі бас келісімнің VII бабын қолдану жөніндегі Келісімнің тиісті ережелерін, бұған қоса оған түсініктеме ескертулерді, сондай-ақ Дүниежүзілік сауда ұйымының Кедендік бағалау комитеті және Дүниежүзілік кеден ұйымының Кедендік бағалау жөніндегі техникалық комитеті қабылдаған тауарлардың кедендік құны жөніндегі құжаттарды негізге ала отырып, әкелінетін тауарлардың кедендік құнын айқындау әдістерін қолдану кезінде осы тарау ережелерінің біркелкі қолданылуын қамтамасыз етуге бағытталған актілер қабылдайды.
18. Осы тараудың ережелері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін, жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты қолданылмайды.
19. Әкелінетін тауарлардың кедендік құнын айқындау әдістерін қолдану мәселелері жөніндегі алдын ала шешімдер уәкілетті орган айқындаған жағдайларда қабылдануы мүмкін. Әкелінетін тауарлардың кедендік құнын айқындау әдістерін қолдану мәселелері бойынша алдын ала шешім беру тәртібін, шарттары мен мерзімдерін, сондай-ақ осындай алдын ала шешімді қолдану тәртібі мен мерзімдерін уәкілетті орган белгілейді.
66-бап. Әкелінетін тауарлармен жасалған мәміле құны бойынша әдіс (1-әдіс)
1. Әкелінетін тауарлардың кедендік құны олармен жасалған мәміленің құны болып табылады, яғни осы тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкету үшін сату кезінде олар үшін іс жүзінде төленген немесе төленуге жататын және мынадай шарттар бір мезгілде орындалған:
тауарларды қайта сатуға болатын географиялық өңірді шектейтін;
тауарлардың құнына елеулі әсер етпейтін;
Еуразиялық экономикалық одақ органдарының актілерінде немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шектеулерді қоспағанда, сатып алушының тауарларды пайдалану және оларға билік ету құқықтарына қатысты шектеулер болмаған;
2) тауарлардың сатылуы немесе бағасы өздерінің тауарлар бағасына әсері сан жағынан айқындала алмайтын қандай да бір шарттарға немесе міндеттемелерге тәуелді болмаған;
3) осы Кодекстің 67-бабына сәйкес қосымша есепке жазулар жүргізуге болатын кездегіден басқа жағдайларда, сатып алушының тауарларды кейіннен сатуынан, оларға өзгеше тәсілмен билік етуінен немесе пайдалануынан түсетін кірістің немесе табыстың ешбір бөлігі сатушыға тікелей немесе жанама түрде тиесілі болмаған;
4) сатып алушы және сатушы өзара байланысты тұлғалар болып табылмаған немесе сатып алушы мен сатушы әкелінетін тауарлармен жасалатын мәміленің құны осы баптың 4-тармағына сәйкес кедендік мақсаттар үшін қолайлы болатындай түрде өзара байланысты тұлғалар болып табылған кезде осы Кодекстің 67-бабына сәйкес толықтырылған баға болып табылады.
2. Егер осы баптың 1-тармағында көрсетілген шарттардың ең болмаса біреуі орындалмаған жағдайда, іс жүзінде төленген немесе төленуге жататын баға әкелінетін тауарлардың кедендік құнын айқындау үшін қолайлы болып табылмайды және әкелінетін тауарлармен жасалған мәміле құны бойынша әдіс (1-әдіс) қолданылмайды.
3. Әкелінетін тауарлар үшін сатып алушы тікелей сатушыға немесе сатушының пайдасын көздеп өзге тұлғаға жүзеге асырған немесе жүзеге асыруына жататын барлық төлемдердің жалпы сомасы осы тауарлар үшін іс жүзінде төленген немесе төленуге жататын баға болып табылады. Бұл ретте төлемдер Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған кез келген нысанда тікелей немесе жанама жүзеге асырылуы мүмкін.
Егер декларацияланатын тауарлар бір мәміле шеңберінде сатып алынған осындай тауарлардың көп мөлшерінің бір бөлігі болып табылған жағдайда, декларацияланатын тауарлар үшін іс жүзінде төленген немесе төленуге жататын баға декларацияланатын тауарлар саны мен сатып алынған тауарлардың жалпы саны арасында қандай қатынас болса, сондай арақатынаста (пропорцияда) айқындалады.
4. Сатушы мен сатып алушының арасындағы өзара байланыс фактісі өзінен-өзі мәміленің құнын әкелінетін тауарлардың кедендік құнын айқындау үшін қолайсыз деп тануға негіз болып табылмауға тиіс. Бұл жағдайда сатуға ілеспе мән-жайларға талдау жасалуға тиіс. Егер көрсетілген өзара байланыс іс жүзінде төленген немесе төленуге жататын бағаға әсер етпесе, мәміленің құныәкелінетін тауарлардың кедендік құнын айқындау үшін қолайлы деп танылады.
5. Егер сатушы мен сатып алушы өзара байланысты тұлғалар болып табылған жағдайда және бұл ретте декларант ұсынған немесе кеден органы өзге тәсілмен алған ақпараттың негізінде кеден органы сатушы мен сатып алушы арасындағы өзара байланыстың іс жүзінде төленген немесе төленуге жататын бағаға әсер ету белгілерін тапса, онда кеден органы бұл белгілер туралы декларантқа жазбаша немесе электрондық нысанда хабарлайды. Бұл жағдайда кеден органы кедендік бақылау, оның ішінде сатуға ілеспе мән-жайларға талдау жүргізеді. Декларанттың сатушы мен сатып алушы арасындағы өзара байланыстың іс жүзінде төленген немесе төленуге жататын бағаға әсер етпегенін мына тәсілдердің бірімен:
1) сатуға ілеспе мән-жайларды сипаттайтын (көрсететін) қосымша құжаттар мен мәліметтер (оның ішінде кеден органы қосымша сұратқандарын) ұсыну арқылы дәлелдеуге құқығы бар. Сатушы мен сатып алушы арасындағы өзара байланыстың іс жүзінде төленген немесе төленуге жататын бағаға әсерін айқындау мақсатында кеден органы сатуға ілеспе мән-жайларға талдау жүргізу кезінде мәміленің барлық шарттарын, оған қоса сатып алушы мен сатушы өздерінің коммерциялық қарым-қатынастарын ұйымдастырған тәсілді және қарастырылып отырған бағаның қалай белгіленгенін қарастырады. Егер жүргізілген талдаудың нәтижесінде кеден органы сатып алушы мен сатушының өзара байланысты тұлғалар бола отырып, тауарларды өздері өзара байланысты тұлғалар болып табылмаған кездегі сияқты дәл сол шарттарда, оның ішінде шамалас бағалармен (яғни сол деңгейдегі бағалармен) өзара сатқанын және сатып алғанын анықтаған жағдайда, бұл факт сатушы мен сатып алушы арасындағы өзара байланыстың іс жүзінде төленген немесе төленуге жататын бағаға әсер етпегенінің дәлелі болып табылады;
2) әкелінетін тауарлармен жасалған мәміленің құны тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінген сол немесе соған сәйкес уақыт кезеңінде орын алған мынадай тексеру шамаларының біріне:
Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкету үшін сатушымен өзара байланысты тұлғалар болып табылмайтын сатып алушыларға бірдей немесе біртекті тауарларды сату кезінде осындай тауарлармен жасалған мәміленің құнына;
бірдей немесе біртекті тауарлардың осы Кодекстің 70-бабына сәйкес айқындалған кедендік құнына;
бірдей немесе біртекті тауарлардың осы Кодекстің 71-бабына сәйкес айқындалған кедендік құнына жақын екенін растайтын құжаттар мен мәліметтер ұсыну арқылы дәлелдеуге құқығы бар.
6. Егер кеден органында осы баптың 5-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген тексеру шамаларының бірі әкелінетін тауарлармен жасалған мәміленің құнына жақын екені туралы жеткілікті ақпарат болса, ол декларанттан әкелінетін тауарлармен жасалған мәміле құнының осы тексеру шамасына жақын екенін дәлелдейтін қосымша ақпарат сұратуға тиіс емес.
7. Кеден органы осы баптың 5-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген тексеру шамаларын әкелінетін тауарлармен жасалған мәміле құнымен салыстырған кезде декларант ұсынған, сатудың коммерциялық деңгейлеріндегі, тауарлар санындағы, осы Кодекстің 67-бабында көрсетілген қосымша есепке жазулардағы айырмашылықтар туралы, сондай-ақ сатушы мен сатып алушы өзара байланысты тұлғалар болып табылған кезде сатушы сату кезінде шегетін шығыстармен салыстырғанда, әдетте, сатушы мен сатып алушы өзара байланысты тұлғалар болмаған кезде, сатушы сату кезінде шегетін шығыстардағы айырмашылықтар туралы мәліметтерді ескереді.
8. Осы баптың 5-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген тексеру шамалары декларанттың бастамасы бойынша және осы баптың 7-тармағына сәйкес салыстыру мақсаттарында ғана пайдаланылады және әкелінетін тауарлардың кедендік құнын айқындау үшін негіз ретінде пайдаланыла алмайды.
9. Әкелінетін тауарлар үшін іс жүзінде төленген немесе төленуге жататын баға Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарларға қатысты болады, осыған байланысты сатып алушы сатушыға аударатын дивидендтер және өзге де төлемдер, егер олар әкелінетін тауарлармен байланысты болмаса, әкелінетін тауарлардың кедендік құнына енгізілмейді.
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 10-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
10. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына ақпаратты өңдеу жабдықтарына арналған бағдарламалық қамтылымды қамтитын ақпарат жеткізгіштерді əкелу кезінде кедендік құнды айқындау Еуразиялық экономикалық комиссияның шешімінде айқындалатын тəртіппен жүзеге асырылады.
Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына өзге де ақпарат жеткізгіштерді (қағаз, электрондық немесе басқа) оларда қамтылған ақпаратпен бірге əкелген кезде кедендік құнға ақпараттың құны кірмеуге тиіс, бұл орайда оның нақты төленген немесе төленуге жататын бағадан бөлек болуы жəне құжаттамамен расталуы шарт.
Бұл ретте тауарлардың осындай санатының кедендік құнын айқындау осы Кодекстің 67-бабы 1-тармағы бірінші бөлігінің 7) тармақшасына сəйкес жүзеге асырылады.
67-бап. Әкелінетін тауарлар үшін іс жүзінде төленген немесе төленуге жататын бағаға қосымша есепке жазулар
1. Әкелінетін тауарлардың кедендік құнын олармен жасалған мәміленің құны бойынша айқындау кезінде осы тауарлар үшін іс жүзінде төленген немесе төленуге жататын бағаға мынадай қосымша есепке жазулар қосылады:
1) сатып алушы жүзеге асырған немесе оның жүзеге асыруына жататын, бірақ өздеріне:
сатып алушының Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының шегінен тыс жерлерде әкелінетін тауарларды өзінің атынан сатып алуға байланысты қызметтер көрсеткені үшін өз агентіне (делдалына) төлейтін сатып алғаны үшін сыйақыны қоспағанда, делдалдарға (агенттерге) берілетін сыйақы және брокерлерге берілетін сыйақы;
егер кедендік мақсаттар үшін ол әкелінетін тауарлармен біртұтас ретінде қарастырылса, ыдысқа арналған шығыстар;
әкелінетін тауарларды қаптауға арналған шығыстар, оның ішінде қаптама материалдарының және қаптау жұмыстардың құны жататын, әкелінетін тауарлар үшін іс жүзінде төленген немесе төленуге жататын бағаға қосылмаған мөлшердегі шығыстар;
2) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкету үшін әкелінетін тауарларды өндіруге және сатуға байланысты пайдалану үшін сатып алушы тікелей немесе жанама түрде тегін немесе төмендетілген бағамен ұсынған мынадай тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің:
әкелінетін тауарлар өндірілген (тұратын) шикізаттың, материалдардың, детальдардың, жартылай фабрикаттар мен өзге тауарлардың;
әкелінетін тауарларды өндіру кезінде пайдаланылған құралдардың, мөртабандардың, қалыптар мен соған ұқсас өзге де тауарлардың;
әкелінетін тауарларды өндіру кезінде жұмсалған материалдардың;
Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан тыс жерде орындалған және әкелінетін тауарларды өндіру үшін қажетті жобалаудың, әзірлеудің, инженерлік, конструкторлық жұмыстың, көркемдік әрлеудің, дизайнның, эскиздер мен сызбалардың әкелінетін тауарлар үшін іс жүзінде төленген немесе төленуге жататын бағаға енгізілмеген мөлшерде тиісті түрде бөлінген құны;
3) әкелінетін тауарларды кейіннен сату, оларға өзгеше тәсілмен билік ету немесе оларды пайдалану нәтижесінде алынған кірістің (табыстың) сатушыға тікелей немесе жанама түрде тиесілі бір бөлігі;
4) әкелінетін тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына келу орнына дейін, ал егер Комиссия тауарларды тасымалдау (тасу) жүзеге асырылатын көлік түріне және осындай тасымалдау (тасу) ерекшеліктеріне қарай өзге орындарды айқындаса - осындай тауарларды Комиссия айқындаған орынға дейін тасымалдауға (тасуға) арналған шығыстар;
5) әкелінетін тауарларды тиеуге, түсіруге немесе қайта тиеуге және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына келу орнына дейін, ал егер Комиссия әкелінетін тауарларды тасымалдау (тасу) жүзеге асырылатын көлік түріне және оларды тасымалдау (тасу) ерекшеліктеріне қарай өзге орындарды айқындаса - осындай тауарларды Комиссия айқындаған орынға дейін тасымалдауға (тасуға) байланысты өзге операцияларды жүргізуге арналған шығыстар;
6) осы тармақтың 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген операцияларға байланысты сақтандыру шығыстары;
7) әкелінетін тауарларға қатысты және осы тауарлар үшін іс жүзінде төленген немесе төленуге жататын бағаға енгізілмеген мөлшерде, әкелінетін тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкету үшін сату шарты ретінде сатып алушы тікелей немесе жанама түрде жүргізген немесе жүргізуге тиіс роялтиді, патенттер, тауар белгілері, авторлық құқықтар үшін төлемдерді қоса алғанда, зияткерлік меншік объектілерін пайдаланғаны үшін лицензиялық және өзге ұқсас төлемдер.
Әкелінетін тауарлардың кедендік құнын айқындау кезінде:
а) әкелінетін тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында қайта өндіру (көбейту) құқығы үшін төлемдер;
б) егер әкелінетін тауарларды бөлу немесе қайта сату құқығы үшін төлемдер әкелінетін тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкету үшін сатудың шарты болып табылмаса, мұндай төлемдер іс жүзінде төленген немесе төленуге жататын бағаға қосылмауға тиіс.
2. Әкелінетін тауарлардың кедендік құны, олар іс жүзінде төленген немесе төленуге жататын бағадан бөлінген, декларант мәлімдеген және ол құжатпен растаған жағдайда, мына шығыстарды:
1) тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінгеннен кейін өнеркәсіптік қондырғылар, машиналар немесе жабдық сияқты осындай тауарларға қатысты жүргізілетін салуға, тұрғызуға, құрастыруға, монтаждауға, қызмет көрсетуге немесе техникалық көмек көрсетуге арналған шығыстарды;