«Абай облысының су қорғау аймақтары мен су объектілері белдеулерін белгілеу және оларды шаруашылықта пайдалану режимі туралы» Абай облысы әкімдігінің 2025 жылғы 6 қазандағы № 172 Қаулысы

Абай облысының су қорғау аймақтары мен су объектілері белдеулерін белгілеу және оларды шаруашылықта пайдалану режимі туралы

Абай облысы әкімдігінің 2025 жылғы 6 қазандағы № 172 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасы Су кодексінің 27-бабының 1-тармағының 3-тармақшасы және 85-бабының 1, 2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 1-тармағының 8-1) тармақшасына, Қазақстан Республикасы су ресурстары және ирригация министрінің 2025 жылғы 9 маусымдағы № 120-НҚ бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36238 болып тіркелген) бекітілген су қорғау аймақтары мен белдеулері шекараларын белгілеу қағидаларының 5-тармағына сәйкес, Абай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Абай облысының су қорғау аймақтары мен су объектілері белдеулері осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес белгіленсін.

2. Абай облысының су қорғау аймақтары мен су объектілері белдеулерін шаруашылықта пайдалану режимі осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес белгіленсін.

3. «Абай облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Абай облысы бойынша филиалына ресми жариялауға және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің Эталондық бақылау банкіне енгізсін.

2) осы қаулыны оның ресми жарияланғаннан кейін Абай облысы әкімдігінің интернет - ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

4. Осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес, Абай облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

5. Осы қаулының орындалуын бақылау Абай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.