«Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 30 желтоқсандағы № 97-VII Заңы (2026.20.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

Предыдущая страница

2) жеке тұлғалардың денсаулығына және (немесе) мүлкіне, заңды тұлғалардың мүлкіне зиян келтіруді болғызбау;

3) жануарлар дүниесі объектілеріне және олар мекендейтін ортаға залал келтіруді болғызбау;

4) тіршілігі үшін қауіпті жағдайдағы жануарларға көмек көрсету;

5) адасып қалған жануарларды иелеріне немесе жауапты адамдарға қайтару;

2026.19.05. № 292-VIII ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (2026 ж. 20 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

6) иесіз жануарлардың санын бюджет қаражаты және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен осы Заңда белгіленген тəртіппен реттеу;

2026.19.05. № 292-VIII ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (2026 ж. 20 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

7) иесіз жануарларды Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған көздер есебінен вакциналау мақсаттарында жүзеге асырылады.

2. Қараусыз қалған және иесіз жануарларға қарау жөніндегі қызметті жүзеге асыру кезіндегі іс-шаралар:

2026.19.05. № 292-VIII ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2026 ж. 20 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1) аулау қызметтерінің қараусыз қалған және иесіз жануарларды аулауын, сондай-ақ оларды есепке алуды;

2) қараусыз қалған және иесіз жануарларды осы Заңда көзделген, жануарларды ұстауға қойылатын жалпы талаптарға сәйкес жануарларды уақытша ұстау пункттерінде не жануарларға арналған панажайларда ұстауды;

2026.19.05. № 292-VIII ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 20 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)  

2-1) осы Заңның 15-бабында көзделген жағдайларда эвтаназиялауды;

3) қараусыз қалған жануарлардың иелерін іздестіруді, сондай-ақ иесіз жануарларға иелерді іріктеп таңдауды қамтиды.

 

24-бап. Жануарларды аулау, уақытша ұстау және жансыздандыру

1. Жануарларды аулауды, уақытша ұстауды және жансыздандыруды аулау қызметі жүзеге асырады.

2. Жануарларды аулауды, уақытша ұстауды және жансыздандыруды дара кәсіпкерлер және мемлекеттік емес заңды тұлғалар бюджет қаражаты есебінен жүзеге асыра алады.

3. Жануарларды аулау, уақытша ұстау және жансыздандыру осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

 

25-бап. Иесіз жануарлардың санын реттеу

2026.19.05. № 292-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2026 ж. 20 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Иесіз жануарлардың санын реттеу мемлекет, жануарларды аулаумен, уақытша ұстаумен және жансыздандырумен айналысатын дара кәсіпкерлер және мемлекеттік емес заңды тұлғалар мысықтарға қатысты қолданылатын стерилизациялау, осы Заңның 15-бабында көзделген жағдайларда эвтаназиялау, жануарларды жайластыру, халыққа білім беру іс-шараларын және түсіндіру жұмыстарын жүргізу арқылы иесіз жануарлардың санын азайту үшін қабылдайтын шаралар кешенін білдіреді.

2026.19.05. № 292-VIII ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2026 ж. 20 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, иесіз жануарлардың санын уларды, өзге де химиялық препараттарды пайдалануды қоса алғанда, кез келген тәсілдермен жансыздандыру арқылы реттеуге тыйым салынады.

 

26-бап. Жануарларға арналған панажайлар

2026.19.05. № 292-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2026 ж. 20 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Жануарларға арналған панажайлар өз қызметін осы Заңға сəйкес жүзеге асырады.

2. Жануарларға арналған панажайлар мемлекеттік және жекеше болуы мүмкін.

3. Жануарларға арналған панажайлар жануар иесімен немесе жауапты адаммен келісу бойынша үй жануарларын уақытша ұстау (орналастыру), сондай-ақ ветеринариялық және өзге де қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыра алады.

4. Жануарларға арналған панажайлардың жануар иесінен немесе жауапты адамнан жануарды ұстауға байланысты шығыстардың өтемін, сондай-ақ егер жануарға олар қажет болса, ветеринариялық көрсетілетін қызметтердің құнын алуға құқығы бар.

5. Жануарларға арналған панажайлардың лауазымды адамдары:

1) жануар иесінің және (немесе) жауапты адамның талап етуі бойынша жануарды қайтаруға;

2) жеке тұлғалардың жануарларға арналған панажайға санитариялық өңдеу күндерін қоспағанда, жұмыс уақытында жануарларға арналған панажай белгілеген тәртіппен бару мүмкіндігін қамтамасыз етуге;

3) жануарларға арналған панажайдағы жануарлардың көбеюіне жол бермеу жөніндегі шараларды қабылдауға;

2026.19.05. № 292-VIII ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2026 ж. 20 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4) жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен иттерді қоспағанда, иесіз жануарларға стерилизациялау жүргізуге;

2026.19.05. № 292-VIII ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (2026 ж. 20 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5) ауырған немесе жарақаттанған жануарды емдеуді, сондай-ақ профилактикалық іс-шаралар жүргізуді қамтамасыз етуге;

6) қараусыз қалған жануарлардың иелерін іздестіруді және иесіз жануарларға иелерді іріктеп таңдауды жүргізуге;

7) жануарларды сәйкестендіруді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін олардың жеке сипаттамаларын тіркей отырып, жануарлардың жануарларға арналған панажайға келіп түсуін және одан шығуын құжаттамалық есепке алуды жүргізуге міндетті.

 

 

6-тарау.-ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖАНУАРЛАРҒА ЖАУАПКЕРШІЛІКПЕН ҚАРАУ САЛАСЫНДАҒЫ ЗАҢНАМАСЫНЫҢ САҚТАЛУЫН ҚОҒАМДЫҚ БАҚЫЛАУ

 

27-бап.-Қазақстан Республикасының жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы заңнамасының сақталуын қоғамдық бақылау

1. Жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы қоғамдық бақылауды қоғамдық инспекторлар және жарғысында жануарларға жауапкершілікпен қарау саласында қоғамдық бақылау жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыру көзделген коммерциялық емес ұйымдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.

2. Жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы қоғамдық бақылау ерікті және өтеусіз негізде жүзеге асырылады.

 

28-бап. Жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы қоғамдық инспекторлар мен коммерциялық емес ұйымдардың құқықтары

1. Қоғамдық инспекторлардың:

1) жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы бұзушылықтарды аудио, фото және бейнетехника құралдарының көмегімен тіркеуге және тиісті материалдарды мемлекеттік органдарға жіберуге;

2) Қазақстан Республикасының жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы заңнамасының талаптарын бұзушылықтардың алдын алуда және оларды анықтауда мемлекеттік органдарға жәрдемдесуге;

3) жануарларға жауапкершілікпен қарау саласында халықты ағарту жөніндегі жұмысқа қатысуға құқығы бар.

2. Жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы коммерциялық емес ұйымдардың:

1) мемлекеттік органдардан өздерінің жарғылық мақсаттары мен міндеттерін іске асыруға қажетті ақпарат алуға;

2) жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы қоғамдық бақылау нәтижелері бойынша мемлекеттік органдарға ұсыныстар енгізуге;

3) жануарлардың қажеттеріне бөлінген бюджет қаражатының пайдаланылуы туралы ақпаратты сұратуға және алуға құқығы бар.

2026.19.05. № 292-VIII ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2026 ж. 20 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы қоғамдық бақылауды жүзеге асыру кезінде жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы қоғамдық инспекторларға және коммерциялық емес ұйымдарға «Қоғамдық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тəртіппен жануарларды уақытша ұстау пункттерінің, жануарларға арналған панажайлардың және жануарларға қарау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын өзге де ұйымдардың аумағы мен үй-жайларына қолжетімділік қамтамасыз етілуге тиіс.

 

 

7-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЖӘНЕ ӨТПЕЛІ ЕРЕЖЕЛЕР

 

29-бап. Қазақстан Республикасының жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық

Қазақстан Республикасының жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа алып келеді.

 

30-бап. Өтпелі ережелер

1. Осы Заңның 7-бабы 2) тармақшасының қолданысы 2025 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақша мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:

«2) жануарларды жануарларға арналған панажайларда, зоологиялық жатынжайларда, жануарларды уақытша ұстау пункттерінде, жануарларға арналған оңалту орталықтарында, зоологиялық питомниктерде, контактілі зоопарктерде, жылжымалы хайуанаттар бақтарында ұстау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;».

2. Осы Заңның 18-бабы 3-тармағының қолданысы 2029 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақ мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:

1) осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап 2025 жылғы 1 қаңтарға дейін:

«3. Егер жануарларды ұстау, тасымалдау олардың тіршілігі мен саулығына зиян келтірмей, биологиялық, түрлік және жеке ерекшеліктеріне сәйкес неғұрлым тиімді пайдалануды қамтамасыз етуге мүмкіндік бермесе, жануарларды жылжымалы хайуанаттар бақтарында, ауыл шаруашылығы жануарларының және үй жануарларының көрмелерін қоспағанда, жылжымалы жануарлар көрмелерінде, сондай-ақ дельфинарийлерде, жылжымалы және стационарлық океанариумдарда және контактілі зоопарктерде пайдалануға жол берілмейді.»;

2) 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап 2029 жылғы 1 қаңтарға дейін:

«3. Егер жануарларды ұстау, тасымалдау олардың тіршілігі мен саулығына зиян келтірмей, биологиялық, түрлік және жеке ерекшеліктеріне сәйкес неғұрлым тиімді пайдалануды қамтамасыз етуге мүмкіндік бермесе, жануарларды дельфинарийлерде, стационарлық океанариумдарда пайдалануға жол берілмейді.».

3. Осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін құрылған жылжымалы хайуанаттар бақтары, контактілі зоопарктер, жылжымалы океанариумдар, ауыл шаруашылығы жануарларының және үй жануарларының көрмелерін қоспағанда, жылжымалы жануарлар көрмелері Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен 2025 жылғы 1 қаңтарға дейін таратылуға немесе қайта ұйымдастырылуға жатады.

4. Осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін құрылған дельфинарийлер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен 2029 жылғы 1 қаңтарға дейін таратылуға немесе қайта ұйымдастырылуға жатады.

5. Көрсетілген мерзімдер өткеннен кейін осы баптың 3 және 4-тармақтарында аталған, өз қызметін тоқтатпаған және (немесе) өздерінің құрылтай құжаттарын осы Заңның талаптарына сәйкес келтірмеген тұлғалар облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының жүгінуі бойынша сот тәртібімен таратылады.

 

31-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі

Осы Заң:

1) 2023 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілетін осы Заңның 9-бабы 1-тармағының 4) тармақшасын, 11-бабын, 21-бабы 1-тармағының 2) тармақшасын;

2) 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы Заңның 18-бабының 7-тармағын;

3) 2029 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы Заңның 18-бабының 8-тармағын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

         Президенті

 

        Қ. ТОҚАЕВ

 

Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2021 жылғы 30 желтоқсан

            № 97-VII