Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу актісі кітаптарының нысандарын және осы кітаптардағы жазбалардың негізінде берілетін куәліктердің нысандарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 12 қаңтардағы № 9 бұйрығы
Осы редакция 2020 жылғы 28 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 181-бабының 1-тармағына және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) туу туралы актілік жазбаларың негізінде жасалатын азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу актісі кітаптарының осы бұйрықтық 1-қосымшасына сәйкес нысаны:
2) әке болуды анықтау туралы актілік жазбалардың негізінде жасалатын азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу актісі кітаптарынын осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес нысаны:
3) неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы актілік жазбалардың негізінде жасалатын азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу актісі кітаптарының осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес нысаны:
4) некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы актілік жазбалардың негізінде жасалатын азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу актісі кітаптарының осы бұйрықтың 4-қосымшасына сәйкес нысаны:
5) бала асырап алу туралы актілік жазбалардың негізінде жасалатын азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу актісі кітаптарының осы бұйрықтың 5-қосымшасына сәйкес нысаны:
6) атын, әкесінің атын, тегін ауыстыру туралы актілік жазбалардың негізінде жасалатын азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу актісі кітаптарының осы бұйрықтың 6-қосымшасына сәйкес нысаны:
7) қайтыс болу туралы актілік жазбалардың негізінде жасалатын азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу актісі кітаптарының осы бұйрықтың 7-қосымшасына сәйкес нысаны;
8) азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу актісі кітаптарындағы жазбалардың негізінде берілетін туу туралы куәліктің осы бұйрықтың 8-қосымшасына сәйкес нысаны;