Қауіпті өндірістік объектілер мен қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қою және есептен шығару қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 29 қыркүйектегі № 485 бұйрығы
(2026.02.05. берілген өзгерістермен)
Осы бұйрыққа өзгерістер енгізу туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 2026 жылғы 13 сәуірдегі № 157 бұйрығын қараңыз (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі)
ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 2023.14.07. № 382 бұйрығымен (2023 ж. 4 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.13.04. № 157 бұйрығымен (2026 ж. 2 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) кіріспе жаңа редакцияда
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 701 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі туралы ереженің 16-тармағының 98) тармақшасына және «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Мемлекеттік қызметтер туралы заң) 10-бабының 1) тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған қауіпті өндірістік объектілер мен қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қою және есептен шығару қағидалары бекітілсін.
2. «Қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қою және есептен шығару» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 229 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20497 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.