Балалар-жасөспірімдер спорт мектептері желісінің ең төмен мемлекеттік нормативтерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 11 мамырдағы № 119 бұйрығы
(2025.24.02. берілген өзгерістермен)
ҚР Туризм және спорт министрінің м.а. 2025.10.02. № 20 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2025 ж. 24 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 65-3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған балалар-жасөспірімдер спорт мектептері желісінің ең төмен мемлекеттік нормативтері бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықпен көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.