ҚР СТ ISO 15875-1-2017
Ыстық және салқын сумен қамтамасыз етуге арналған пластмассадан жасалған құбыржол жүйелері
Тігілген полиэтилен (РЕ-Х)
1-бөлім. Жалпы ережелер
(ISO 15875-1:2003+Amd.1:2007 Plastics piping systems for hot and cold water
installations - Crosslinked polyethylene (PE-X) - Part 1: General, IDT)
Мазмұны
3. Терминдер мен анықтамалар, белгіенулер және қысқарған терминдер
Осы стандарт оны адам тұтынуға (тұрмыстық жүйелер) арналған-арналмағандығына немесе қолдану класына сәйкес есептік қысым мен температуралар кезінде жылыту жүйелеріне тәуелсіз ғимаратта ыстық және суық су беруге арналған қондырғыларда пайдалану үшін тігілген полиэтиленнен (РЕ-Х) жасалған құбыржол жүйелеріне жалпы ережелерді белгілейді (1-кестені қараңыз).
Осы стандартта пайдалану шарттарының қатары (қолдану кластары), есептік қысымы мен құбыр өлшемдері кластары келтірілген. 1-кестеде көрсетілген мәндерді арттыратын ТD, Тmax және Тmal мәндер үшін осы стандарт қолданылмайды.
Ескертпе - Осы ережелерді таңдау жауапкершілігі олардың нақты талаптары мен қондырғы жөніндегі ережелердің немесе басқа ережелердің қандай да бір тиісті ұлттық жинақтарын есепке ала отырып сатып алушыға немесе тапсырыс берушіге байланысты [1].
Осы стандарт осы стандартта айтылған сынақ әдістерінің параметрлерін анықтайды.
Осы стандарт осы серияның басқа бөлімдерімен үйлесімде РЕ-Х құбырларына, фитингтерге, олардың қосылыстарына және басқа пластмассалар мен ыстық және суық суды беруге арналған қондырғыларда пайдалануға арналған пластикалық емес материалдардың құрауыштарымен қосылыстарына қолданылады.
Осы стандартты (құжатты) қолдану үшін мынадай сілтемелік құжаттар қажет. Күні көрсетілген сілтемелер үшін тек сілтемелік құжаттың көрсетілген басылымы қолданылады: