(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «МЕМЛЕКЕТТІК-ЖЕКЕШЕЛІК ӘРІПТЕСТІК ТУРАЛЫ» ҚАЗАҚСТАН ...

Предыдущая страница

5) мемлекеттік-жекешелік əріптестік жобасын іске асыру үшін жекеше əріптестің инвестицияларды жүзеге асыруы жатады, бұл ретте жекеше əріптестің меншікті қаражатының үлесі мемлекеттік-жекешелік əріптестік жобасы бойынша инвестициялардың жалпы сомасының кемінде он пайызын құрауға тиіс;

2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

6) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасында инвестициялық және пайдалану кезеңдерінің болуы жатады.

Инвестициялық кезең мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін жобалауды (қажет болған жағдайда), салуды және (немесе) реконструкциялауды және (немесе) жаңғыртуды не құруды қамтиды. Пайдалану кезеңі мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін оның функционалдық мақсатына сәйкес пайдалануды не мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісіне техникалық қызмет көрсетуді не оның инфрақұрылымын басқаруды қамтиды.

 

5-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының тараптары

1. Мемлекеттік әріптес пен жекеше әріптес мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының тараптары болып табылады.

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартында бірнеше мемлекеттік әріптес пен жекеше әріптес тараптар бола алады.

2025.15.03. № 172-VIII ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Оператор да мемлекеттік-жекешелік əріптестік шартының тарапы бола алады.

 

2017.03.07. № 86-VI ҚР Заңымен 6-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

6-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің қолданылу аясы

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік экономиканың барлық саласында (аясында) жүзеге асырылады. Бұл ретте тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын объектілер мемлекеттік-жекешелік әріптестікті іске асыру үшін берілмейді.

 

2025.15.03. № 172-VIII ҚР Заңымен 7-бап жаңа редакцияда (2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

7-бап. Мемлекеттік-жекешелік əріптестікті жүзеге асыру тəсілдері

1. Мемлекеттік-жекешелік əріптестік жүзеге асырылу тəсіліне қарай институционалдық жəне келісімшарттық болып бөлінеді.

2. Институционалдық мемлекеттік-жекешелік əріптестікті мемлекеттік-жекешелік əріптестік шартына сəйкес мемлекеттік-жекешелік əріптестік компаниясы іске асырады.

3. Осы баптың 2-тармағында көзделмеген өзге жағдайларда, мемлекеттік-жекешелік əріптестік келісімшарттық мемлекеттік-жекешелік əріптестік тəсілі бойынша жүзеге асырылады.

Келісімшарттық мемлекеттiк-жекешелiк əрiптестiк мемлекеттiк-жекешелiк əрiптестiк шартын, оның ішінде:

1) концессия шарты;

2) сервистік келісімшарт түрінде жасасу жəне іске асыру арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекеттік-жекешелік əріптестік шарттарында міндеттемелердің жекелеген түрлері, оның ішінде сенімгерлік басқару, мүліктік жалдау (жалға алу), мердігерлік, қызметтер көрсету міндеттемелері қамтылуы мүмкін.

Мемлекеттік-жекешелік əріптестік шарттарында мемлекеттік-жекешелік əріптестік объектісін құру жəне пайдалану, өндірілген тауарларды, жұмыстар мен көрсетілген қызметтерді өткізу, өндірілген тауарларды кəдеге жарату, сондай-ақ жобаны іске асыру аяқталғаннан кейін мемлекеттік-жекешелік əріптестік объектісін кейіннен кəдеге жарату жөніндегі жұмыстардың толық циклі қамтылуы мүмкін.

4. Бағдарламалық мемлекеттік-жекешелік əріптестікті іске асыру үшін салаларды (аяны) дамыту тұжырымдамаларында, ұлттық жобаларда мемлекеттік-жекешелік əріптестік жобаларының базалық параметрлері, оның ішінде мақсаттары мен міндеттері, бюджет қаражаты есебінен болжанатын төлемдер, мемлекеттік қолдау шаралары көзделуі мүмкін.

Бағдарламалық мемлекеттік-жекешелік əріптестік шеңберінде жекеше əріптесті айқындау тəртібі тиісті базалық параметрлер негізінде əзірленеді жəне онда үлгілік конкурстық құжаттама мен мемлекеттік-жекешелік əріптестіктің үлгілік шарты қамтылады.

 

8-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің республикалық және жергілікті жобалары

1. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары республикалық және жергілікті болып бөлінеді.

2025.15.03. № 172-VIII ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Республикалық жəне жергілікті мемлекеттік-жекешелік əріптестік жобаларын айқындау үшін мынадай өлшемшарттардың бірі пайдаланылады:

1) меншік түрі бойынша - мемлекеттік-жекешелік əріптестік объектісіне меншік құқығына (республикалық немесе коммуналдық) қарай не мемлекеттік-жекешелік əріптестік шартының тарапы болып табылатын квазимемлекеттік сектор субъектісінің акцияларына немесе жарғылық капиталға қатысу үлестеріне мемлекеттік меншік түріне қарай республикалық немесе жергілікті жобалар;

2) пайда алушылар бойынша - егер екi жəне одан көп облыстың, республикалық маңызы бар қаланың жəне астананың субъектiлерi пайда алушылар болып табылса, республикалық жобалар жəне егер бiр облыстың, республикалық маңызы бар қаланың жəне астананың субъектiлерi пайда алушылар болып табылса, жергiлiктi жобалар.

 

9-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын қаржыландыру, мемлекеттік-жекешелік әріптестік субъектілерінің шығындарын өтеу және мемлекеттік-жекешелік әріптестік субъектілерінің кіріс алу көздері

1. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын қаржыландыру:

1) жекеше әріптестің меншікті қаражаты;

2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қарызға алынған қаражат;

3) мемлекеттік бюджет қаражаты;

4) квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қаражаты;

5) Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де қаражат есебінен жүзеге асырылуы мүмкін.

2. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік субъектілерінің шығындарын өтеу және мемлекеттік-жекешелік әріптестік субъектілерінің кіріс алу көздері мыналар болып табылады:

2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын орындау шеңберінде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді өткізу;

2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда мемлекеттен берілетін субсидиялар;

3) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша инвестициялық шығындардың өтемақысы;

4) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша операциялық шығындардың өтемақысы;

5) мемлекеттік меншіктегі мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін басқаруды жүзеге асырғаны үшін сыйақы, сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін пайдаланғаны үшін жалдау төлемақысы;

6) қолжетімділік үшін төлемақы.

2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды; 2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 2-1-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2-1. Егер әлеуметтік инфрақұрылым мен тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету объектісін пайдалану жекеше әріптес инвестицияларының өзін-өзі ақтауын қамтамасыз етпесе, осындай жобалар әлеуметтік инфрақұрылым мен тыныс-тіршілікті қамтамасыз етудің мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары болып табылса, жекеше әріптестің шығындарын толық өтеу тек қана мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша жүзеге асырылады.

Денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт, телекоммуникация, байланыс, қоғамдық қауіпсіздік, көлік инфрақұрылымы, газбен, электрмен, жылумен және сумен жабдықтау және су бұру, қалдықтарды басқару объектілерін қоса алғанда, қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін пайдаланылатын, қамтамасыз етілуі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдарға жүктелген объектілер, объектілердің кешендері әлеуметтік инфрақұрылым мен тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету объектілеріне жатады.

2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 2-2-тармақпен толықтырылды (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2025.15.03. № 172-VIII ҚР Заңымен 2-2-тармақ жаңа редакцияда (2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2-2-тармақтың күші 2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңы қолданысқа енгізілген күнге дейін конкурстық құжаттамасы бекітілген немесе мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру қажеттілігінің бар екендігі туралы уәкілетті тұлғаның қорытындысы берілген жобаларға қолданылмайды

2-2. Сервистік келісімшарттарда инвестициялық шығындардың өтемақысы жəне (немесе) қоса қаржыландыру көзделмейді.

3. Жобалық қаржыландыруды пайдалана отырып, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын қаржыландыру осы Заңның ережелері ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2021.15.11. № 72-VII ҚР Заңымен (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.15.03. № 172-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді

4. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша инвестициялық шығындардың өтемақысын төлеу мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісі пайдалануға берілгеннен кейін мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартына сәйкес кемінде бес жылды құрайтын мерзім ішінде тең үлестермен жүзеге асырылады.

Бұл ретте инвестициялық шығындардың өтемақысын төлеудің жалпы мерзімін қысқартпай және осы Заңның 49-бабының шарттары сақталған кезде инвестициялық шығындардың өтемақысын төлеудің біркелкілігі сақтала отырып, мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін мерзімінен бұрын пайдалануға беру жағдайларын қоспағанда, мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартында белгіленген инвестициялық шығындардың өтемақысын төлеу мерзімдерін неғұрлым ерте кезеңдерге ауыстыруға тыйым салынады.

 

2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 10-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) (2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңы қолданысқа енгізілген күнге дейін конкурстық құжаттамасы бекітілген немесе мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру қажеттілігінің бар екендігі туралы уәкілетті тұлғаның қорытындысы берілген жобаларға қолданылмайды); 2025.15.03. № 172-VIII ҚР Заңымен 10-баптың тақырыбы өзгертілді (2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

10-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын жоспарлау және іске асыру, іске асыру жəне оны бағалау

2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) (2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңы қолданысқа енгізілген күнге дейін конкурстық құжаттамасы бекітілген немесе мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру қажеттілігінің бар екендігі туралы уәкілетті тұлғаның қорытындысы берілген жобаларға қолданылмайды)

1. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы мемлекеттік бастаманың немесе жекеше бастаманың негізінде мынадай реттіліктегі сатылардан өту арқылы іске асырылуы мүмкін:

2017.30.11. № 112-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) (2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңы қолданысқа енгізілген күнге дейін конкурстық құжаттамасы бекітілген немесе мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру қажеттілігінің бар екендігі туралы уәкілетті тұлғаның қорытындысы берілген жобаларға қолданылмайды) 1) тармақша жаңа редакцияда; 2025.15.03. № 172-VIII ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1) мыналарды:

мемлекеттік бастаманы іске асыру шеңберінде - инвестициялық ұсынысты жəне конкурстық (аукциондық) құжаттаманы əзірлеуді немесе үлгілік конкурстық (аукциондық) құжаттаманың негізінде конкурстық (аукциондық) құжаттаманы бекітуді; немесе

жекеше бастаманы іске асыру шеңберінде - осы Заңда белгіленген тәртіппен тиісті саланың орталық уәкілетті мемлекеттік органы немесе жергілікті атқарушы орган қалыптастырған және жариялаған тізбеге енгізілген қажеттіліктермен айқындалатын әлеуметтік-экономикалық міндеттерді шешуге бағытталған жобалар бойынша конкурстық (аукциондық) құжаттаманың ақпараттық парағын әзірлеуді; немесе

жекеше әріптесті айқындау бойынша тікелей келіссөздер жүргізудің жекеше бастамасы шеңберінде - бизнес-жоспар әзірлеуді қоса алғанда, жоспарлау;

2) осы Заңның 31-бабына сәйкес жекеше әріптесті айқындау;

3) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын жасасу;

4) тараптардың мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының талаптарын орындауы.

1-1. 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының тараптары өздеріне алған барлық міндеттемелерді орындағаннан кейін аяқталды деп есептеледі.

2025.15.03. № 172-VIII ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды (2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

3. Іске асыру кезеңі мемлекеттік-жекешелік əріптестік жобасын іске асыру мониторингі бойынша ақпаратты тапсыру күніне күнтізбелік бір жылдан асатын барлық іске асырылатын мемлекеттік-жекешелік əріптестік жобалары бойынша, сондай-ақ есепті жыл ішінде аяқталған немесе тоқтатылған мемлекеттік-жекешелік əріптестік жобалары бойынша бағалау жүргізіледі.

2025.15.03. № 172-VIII ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды (2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

4. Мемлекеттік-жекешелік əріптестік жобаларын басқару сапасын жақсарту жөніндегі ұсынымдарды қамтитын есеп мемлекеттік-жекешелік əріптестік жобаларының іске асырылуын бағалау нəтижесі болып табылады.

2025.15.03. № 172-VIII ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды (2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

5. Мемлекеттік-жекешелік əріптестік жобаларының іске асырылуын бағалау нəтижелерін Мемлекеттік-жекешелік əріптестікті дамыту орталығы бюджет саясаты жөніндегі орталық уəкілетті органға жібереді.

2025.15.03. № 172-VIII ҚР Заңымен 6-тармақпен толықтырылды (2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

6. Бюджет саясаты жөніндегі орталық уəкілетті орган Мемлекеттік-жекешелік əріптестікті дамыту орталығының есебі келіп түскен кезден бастап оны мынадай мүдделі тараптарға:

мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уəкілетті органға;

коммуналдық меншікке жататын мемлекеттік-жекешелік əріптестік объектілері бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жəне астананың жергілікті атқарушы органдарына;

салалық орталық мемлекеттік органдарға;

республикалық мемлекеттік-жекешелік əріптестік жобалары бойынша бюджетті атқару жөніндегі орталық уəкілетті органға жібереді.

 

11-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының операторы

2025.15.03. № 172-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Жекеше əріптес, қажет болған кезде, мемлекеттік-жекешелік əріптестік шартында белгіленген тəртіппен мемлекеттік-жекешелік əріптестік жобасының бір немесе бірнеше операторын айқындауға құқылы.

2. Институционалдық мемлекеттік-жекешелік әріптестікті іске асыру кезінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының операторын мемлекеттік-жекешелік әріптестік компаниясы айқындайды.

2025.15.03. № 172-VIII ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Мемлекеттік-жекешелік əріптестік объектісін нысаналы мақсатына сəйкес пайдалануды (функционалдық пайдалану) мемлекеттік-жекешелік əріптестік шартының тарапы болып табылатын немесе мемлекеттік-жекешелік əріптестік шартында айқындалған тəртіппен жəне талаптарда мемлекеттік əріптес, жекеше əріптес жəне оператор арасында жасалған пайдалану шарты негізінде əрекет ететін оператор жүзеге асыра алады.

Функционалдық пайдалану операторға ішінара немесе толық берілген жағдайда, жекеше əріптес мемлекеттік-жекешелік əріптестік объектісінің пайдалануға қолжетімділігі мен дайындығын (техникалық жəне (немесе) сервистік қызмет көрсету жəне (немесе) инфрақұрылымды басқару) қамтамасыз етеді.

 

12-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісінің және мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру үшін қажетті өзге де мүліктің құқықтық режимі

1. Егер осы Заңда өзгеше көзделмесе, мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты тараптарының мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін және (немесе) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру үшін қажетті өзге де мүлікті пайдалануы Қазақстан Республикасының заңнамасына және мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартына сәйкес жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының тарапы Қазақстан Республикасының заңнамасында және (немесе) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартында белгіленген тәртіппен екінші тараптың келісімімен мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін және (немесе) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру үшін қажетті өзге де мүлікті үшінші тұлғаларға мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты бойынша беруші тараптың міндеттемелерін үшінші тұлғалар сақтаған жағдайда беруге құқылы. Бұл ретте мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының беруші тарапы үшінші тұлғалардың әрекеттері үшін заңда белгіленген жауаптылықта болады.

3. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты бойынша мемлекеттік әріптес жекеше әріптеске берген мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісі және (немесе) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру үшін қажетті өзге де мүлік жекеше әріптестің балансына берілуге жататын жағдайларда, олар жекеше әріптестің мүлкінен оқшауландырылады және мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты бойынша міндеттемелердің орындалуына байланысты жүзеге асырылатын жеке есепте көрсетіледі.

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты бойынша бухгалтерлік есеп жүргізу және қаржылық есептілік жасау Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

4. Егер мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісі бойынша инвестициялық шығындарды өтеу жүзеге асырылатын жағдайда, онда мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісі мемлекеттік меншікке берілуге жатады. Бұл ретте мұндай мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін кепілге беруге жол берілмейді.

 

2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен 12-1-баппен толықтырылды

12-1-бап. Инвестициялық шығындардың өтемақысын есепке жатқызуға арналған шоттың құқықтық режимі

1. Инвестициялық шығындардың өтемақысын есепке жатқызуға арналған шот жекеше әріптес инвестициялық шығындардың өтемақысы түріндегі ақшалай түсімдер бойынша талап ету құқығы кепілімен қарыздық қаржыландыруды тартқан жағдайда ашылады.

2025.15.03. № 172-VIII ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Жекеше əріптес мемлекеттік əріптеспен келісу бойынша мемлекеттік-жекешелік əріптестік объектісін пайдалану тəртібін белгілейді жəне оның сақталуын қамтамасыз етеді. Егер мемлекеттік-жекешелік əріптестік объектісін пайдалануды оператор жүзеге асырса, пайдалану тəртібі мемлекеттік-жекешелік əріптестік шартында немесе бар болған кезде пайдалану шартында айқындалады.

3. Инвестициялық шығындардың өтемақысын есепке жатқызуға арналған шоттан өндіріп алу мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты бойынша талап ету құқығымен қамтамасыз етілген, жекеше әріптестің кредитор алдындағы міндеттемелерін орындауы шеңберінде ғана қолданылуы мүмкін.

Жекеше әріптес кредитормен келісу бойынша инвестициялық шығындардың өтемақысын есепке жатқызуға арналған шоттан қаражаттың бір бөлігін мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартында көрсетілген өзінің ағымдағы шотына аударуға құқылы.

 

13-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін пайдаланудың негізгі ережелері мен қағидаттары

1. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік субъектілері мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына қайшы келмейтін көлемде мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін пайдаланудың мынадай қағидаттарын сақтауға міндетті:

1) тауарларды ұсыну, жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету өлшемдерін осы тауарларға, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге сұранысты қанағаттандыру мақсатында бейімдеу;

2) тауарларды ұсынудың, жұмыстарды орындаудың және қызметтерді көрсетудің үздіксіздігін қамтамасыз ету.

2. Жекеше әріптес мемлекеттік әріптеспен келісу бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін пайдалану тәртібін белгілейді және оның сақталуын қамтамасыз етеді.

3. Жекеше әріптес Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайлардан басқа кезде, қызметтер көрсетуге қатысты бір тұлғаға басқалар алдында артықшылық жасауға құқылы емес.

2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды

4. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін пайдалану кезеңі мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының ерекшеліктеріне байланысты кемінде бес жыл мерзімге белгіленеді.

 

14-бап. Мемлекеттік әріптес пен жекеше әріптес арасында тәуекелдерді бөлу

1. Мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің түрлі кезеңдерінде туындайтын тәуекелдер тізбесін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.

2. Мемлекеттік әріптес пен жекеше әріптес арасында тәуекелдерді бөлу, сондай-ақ олардың туындау ықтималдығын азайту және орын алған тәуекелдердің салдарларын жою жөніндегі қажетті шаралар мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартында бекітіледі.

3. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартында мемлекеттік әріптес пен жекеше әріптес арасында тәуекелдерді бөлу тәуекелдерді барынша аз шығынмен озық түрде басқара алатын тарапқа оларды жүктеген жағдайда мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының ерекшеліктері ескеріле отырып жүзеге асырылады.

 

2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 15-бап жаңа редакцияда (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

15-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы ақпараттық қамтамасыз ету тәртібі

1. Тиісті салалардың орталық уәкілетті мемлекеттік органдары, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары жыл сайын өз құзыретін іске асыру шеңберінде Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттары негізінде, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың ұсыныстары мен халықтың қажеттіліктерін ескере отырып, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыру жөніндегі ұсыныстарды қалыптастыру үшін әлеуметтік-экономикалық міндеттердің тізбесін қалыптастырады және жариялайды.

2025.15.03. № 172-VIII ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды (2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

1-1. Орталық мемлекеттік жəне жергілікті атқарушы органдардың бірінші басшылары мемлекеттік-жекешелік əріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді орындау мақсатында құрылымдық бөлімшелердің жалпы үйлестірілуін қамтамасыз етеді.

2. Тиісті саланың орталық уәкілетті мемлекеттік органдары, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары, мемлекеттік әріптестер және Мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту орталығы мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің жоспарланатын және іске асырылатын жобалары туралы ақпараттық қамтамасыз етуді мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен, оның ішінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік веб-порталын пайдалану арқылы жүзеге асырады.

 

 

2-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК-ЖЕКЕШЕЛІК ӘРІПТЕСТІК СУБЪЕКТІЛЕРІНІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

 

16-бап. Жекеше әріптестің құқықтары мен міндеттері

1. Жекеше әріптес:

1) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының талаптарын өзгерту туралы ұсыныстар енгізуге;

2) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты мерзімінен бұрын бұзылған кезде мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартында белгіленген жағдайларда және тәртіппен төлемдер мен өтемақыларды талап етуге;

3) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасында өз қызметінен алынған таза кірісті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлегеннен кейін қалауы бойынша пайдалануға;

4) мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісіне қатысты құқықтарды мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартында көзделген талаптарда жүзеге асыруға;

5) Қазақстан Республикасының заңдарына және мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.

2. Жекеше әріптес:

1) мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектілерінің бейінін сақтауға, сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының талаптарына сәйкес мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін тиісті техникалық жай-күйде мемлекеттік әріптеске беруді қамтамасыз етуге;

2) жасалған мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты шеңберінде тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз етуге;

3) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру үшін бөлінген қаражаттың нысаналы пайдаланылуын қамтамасыз етуге;

4) Қазақстан Республикасының заңдарында және мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартында белгіленген өзге де талаптар мен шарттарды сақтауға міндетті.

 

17-бап. Мемлекеттік әріптестің құқықтары мен міндеттері

1. Мемлекеттік әріптес:

1) жекеше әріптеспен және мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының өзге де тараптарымен оның талаптары туралы келіссөздер жүргізуге;

2) 2025.15.03. № 172-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты шеңберінде жекеше әріптестің қаржылық-шаруашылық қызметін тексеруді, оның ішінде аудиторлық ұйымды тарту арқылы жүзеге асыруға;

4) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы шеңберінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісіне, сондай-ақ қызметті жүзеге асыруға қатысты құжаттамаға кедергісіз қол жеткізуге;

5) Қазақстан Республикасы заңнамасының және мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асыру шеңберінде жол берілген бұзушылықтарды жоюды талап етуге;

6) 2025.15.03. № 172-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

7) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының талаптарын жекеше әріптес не мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының өзге де тарапы бұзған жағдайда оны бұзуды талап етуге;