(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «МЕМЛЕКЕТТІК-ЖЕКЕШЕЛІК ӘРІПТЕСТІК ТУРАЛЫ» ҚАЗАҚСТАН ...

Предыдущая страница

5) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының жобасы;

6) үздік конкурстық (аукциондық) өтінімді айқындау өлшемшарттарының сипаты;

7) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының параметрлері көрсетілуге тиіс валютаны (валюталарды) нұсқау және салыстыру және бағалау мақсатында бірыңғай валютаға келтіру үшін қолданылатын валюта (валюталар) бағамы;

8) конкурстық (аукциондық) өтінімді ұсыну тіліне қойылатын талаптар;

9) әлеуетті жекеше әріптестің өз конкурстық (аукциондық) өтінімін конкурстық (аукциондық) өтінімдерді ұсыну мерзімі өткенге дейін өзгерту немесе кері қайтарып алу құқығына нұсқау;

10) конкурстық (аукциондық) өтінімнің мазмұны, конкурстық (аукциондық) өтінімдерді ұсыну тәсілі, орны, мерзімі және қолданылу мерзімі, сондай-ақ конкурстық (аукциондық) өтінімді қамтамасыз етуді енгізу шарттары;

11) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының конкурстық (аукциондық) құжаттамасының мазмұны бойынша түсіндірулерді алу тәсілдері;

12) конкурстық (аукциондық) өтінімдер бар конверттерді ашу рәсімдері, орны, күні және уақыты;

13) келіссөздер барысында өзгерістер енгізуге жол берілмейтін конкурстың (аукционның) шарттары.

2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды

2-1. Конкурстық (аукциондық) құжаттамада осы Заңның 40-бабына сәйкес келіссөздер барысында өзгерістер енгізуге жол берілмейтін, конкурстың (аукционның) елеулі шарттары болып табылатын конкурстың (аукционның) шарттары айқындалады.

2020.29.06. № 352-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ жаңа редакцияда

3. Конкурстық (аукциондық) құжаттама әлеуетті жекеше әріптеске қағаз жеткізгіште ұсынылған жағдайда, конкурсты (аукционды) ұйымдастырушы мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының ұсынылған конкурстық (аукциондық) құжаттамасы үшін мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының конкурстық (аукциондық) құжаттамасының көшірмесін жасауға жұмсалған шығындардан аспайтын ақы алуға құқылы.

2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

4. Әлеуетті жекеше әріптес конкурсты (аукционды) ұйымдастырушыға мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының конкурстық (аукциондық) құжаттамасын түсіндіру туралы сұрау салумен, бірақ конкурстық (аукциондық) өтінімдерді ұсыну мерзімі өткенге дейін күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей, ал жекеше әріптесті айқындау жөнінде қайта конкурс (аукцион) өткізген кезде конкурстық (аукциондық) өтінімдерді ұсыну мерзімі өткенге дейін күнтізбелік он бес күннен кешіктірмей өтініш жасауға құқылы.

Конкурсты (аукционды) ұйымдастырушы мұндай сұрау салу тіркелген кезден бастап күнтізбелік үш күн ішінде әлеуетті жекеше әріптестерге түсіндірме береді.

2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

5. Конкурсты (аукционды) ұйымдастырушы конкурстық (аукциондық) өтінімдерді ұсыну мерзімі өткенге дейін күнтізбелік жиырма күннен кешіктірмей өз бастамасы бойынша немесе әлеуетті жекеше әріптестің сұрау салуына жауап ретінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының конкурстық (аукциондық) құжаттамасына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге құқылы.

Конкурсты (аукционды) ұйымдастырушы мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының конкурстық (аукциондық) құжаттамасына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы шешім қабылданған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей барлық әлеуетті жекеше әріптестерге мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының конкурстық (аукциондық) құжаттамасына енгізілген өзгерістердің және (немесе) толықтырулардың мәтінін ұсынады. Бұл ретте конкурсты (аукционды) ұйымдастырушы әлеуетті жекеше әріптестердің осы өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды конкурстық (аукциондық) өтінімдерде ескеруі үшін конкурстық (аукциондық) өтінімдер ұсыну мерзімін кемінде күнтізбелік отыз күн мерзімге, ал қайта конкурс (аукцион) кезінде кемінде күнтізбелік он бес күн мерзімге ұзартады.

2020.29.06. № 352-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 6-тармақ жаңа редакцияда

6. Конкурсты (аукционды) ұйымдастырушы мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының конкурстық (аукциондық) құжаттамасын түсіндіру үшін әлеуетті жекеше әріптестермен кездесу өткізуге құқылы.

 

2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 38-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

38-бап. Конкурстық (аукциондық) өтінім

1. Конкурстық (аукциондық) өтінім әлеуетті жекеше әріптестің мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының конкурстық (аукциондық) құжаттамасында белгіленген талаптар мен шарттарға келісім білдіру нысаны болып табылады.

2. Әлеуетті жекеше әріптес конкурстық (аукциондық) өтінімді конкурсты (аукционды) ұйымдастырушыға мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының конкурстық (аукциондық) құжаттамасында көрсетілген ұсыну мерзімі өткенге дейін ұсынады.

3. Әлеуетті жекеше әріптестің конкурстық (аукциондық) өтінімі мынадай:

1) әлеуетті жекеше әріптес және (немесе) консорциумға қатысушы бұрын жекеше әріптесті айқындау жөніндегі және (немесе) сол бір лотқа қатысты осы конкурсқа (аукционға) қатысуға конкурстық (аукциондық) өтінім ұсынған;

2) конкурстық (аукциондық) өтінім жекеше әріптесті айқындау жөніндегі осы конкурсқа (аукционға) қатысуға конкурстық (аукциондық) өтінімдерді қабылдау мерзімі өткеннен кейін келіп түскен жағдайларда қабылданбайды.

4. Әлеуетті жекеше әріптес конкурстық (аукциондық) өтінімдерді ұсыну мерзімінің аяқталуынан кешіктірмей:

1) енгізілген конкурстық (аукциондық) өтінімді өзгертуге және (немесе) толықтыруға;

2) өзі енгізген конкурстық (аукциондық) өтінімді қамтамасыз етуді қайтару құқығын жоғалтпастан, өзінің конкурстық (аукциондық) өтінімін кері қайтарып алуға құқылы.

5. Конкурстық (аукциондық) өтінімнің қолданылу мерзімі мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының конкурстық (аукциондық) құжаттамасында белгіленген талап етілетін мерзімге сәйкес келуге тиіс.

 

2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 39-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

39-бап. Конкурстық (аукциондық) өтінімді қамтамасыз ету

1. Әлеуетті жекеше әріптес конкурстық (аукциондық) өтінімді қамтамасыз етуді:

1) өзінің конкурстық (аукциондық) өтінімін конкурстық (аукциондық) өтінімдерді ұсыну мерзімі өткеннен кейін кері қайтарып алмайтынына не өзгертпейтініне және (немесе) толықтырмайтынына;

2) өзін жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурс (аукцион) жеңімпазы деп айқындаған жағдайда, мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын жасасатындығына кепілдік ретінде енгізеді.

2025.15.03. № 172-VIII ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Жекеше əріптесті айқындау жөніндегі конкурсқа (аукционға) қатысуға конкурстық (аукциондық) өтінімді қамтамасыз ету мемлекеттік-жекешелік əріптестік шарты бойынша болжамды инвестициялар сомасының оннан бір пайызы мөлшерінде енгізіледі.

Мемлекеттік-жекешелік əріптестік шарты бойынша болжамды инвестициялар сомасы конкурстық (аукциондық) құжаттамада айқындалады.

3. Әлеуетті жекеше әріптес, егер ол екі кезеңдік рәсім пайдаланылатын жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурстың (аукционның) бірінші кезеңіне қатысса, конкурстық (аукциондық) өтінімді қамтамасыз етуді енгізбейді.

4. Әлеуетті жекеше әріптес конкурстық (аукциондық) өтінімді қамтамасыз етудің мынадай түрлерінің бірін таңдауға құқылы:

1) конкурсты (аукционды) ұйымдастырушы үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шотқа енгізілетін кепілдікті ақшалай жарна;

2) банк кепілдігі.

Әлеуетті жекеше әріптестің конкурстық (аукциондық) өтінімінің қолданылу мерзімі өткенге дейін енгізілген кепілдікті ақшалай жарнаға тұтастай не оның бір бөлігін талап ету құқығының үшінші тұлғаларда туындауына алып келетін әрекеттер жасауына жол берілмейді.

Осы баптың 5-тармағында көрсетілген әрекеттерді қоспағанда, конкурсты (аукционды) ұйымдастырушының әлеуетті жекеше әріптес енгізген кепілдікті ақшалай жарнаны пайдалануына жол берілмейді.

2025.15.03. № 172-VIII ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5. Конкурсты (аукционды) ұйымдастырушы конкурстық (аукциондық) өтінімді қамтамасыз етуді мынадай жағдайлардың бірі басталған кезде:

1) əлеуетті жекеше əріптес конкурстық (аукциондық) өтінімді конкурстық (аукциондық) өтінімдер ұсынудың соңғы мерзімі өткеннен кейін кері қайтарып алғанда;

2) конкурстың (аукционның) жеңімпазы деп айқындалған əлеуетті жекеше əріптес мемлекеттік-жекешелік əріптестік шартын жасасудан жалтарғанда, оның ішінде конкурстық (аукциондық) өтінімді жəне мемлекеттік-жекешелік əріптестік шартының талаптарын конкурстық (аукциондық) комиссияның ескертулері мен ұсыныстарына сəйкес талқылаудан жəне нақтылаудан бас тарту арқылы жалтарғанда не оның ұсыныстары жекеше əріптесті айқындау жөніндегі конкурстың талаптары тұрғысынан қолайсыз болып табылғанда қайтармайды.

6. Осы баптың 5-тармағында көзделген жағдайлардың бірі басталған кезде конкурстық (аукциондық) өтінімді қамтамасыз ету сомасы тиісті бюджет кірісіне есепке жатқызылады.

7. Конкурсты (аукционды) ұйымдастырушы әлеуетті жекеше әріптеске ол енгізген конкурстық (аукциондық) өтінімді қамтамасыз етуді мынадай жағдайлардың бірі басталған:

1) осы әлеуетті жекеше әріптес өзінің конкурстық (аукциондық) өтінімін конкурстық (аукциондық) өтінімдер ұсынудың соңғы мерзімі өткенге дейін кері қайтарып алған;

2) жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурсқа (аукционға) қатысуға жіберу туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қайтарады. Аталған жағдай жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурсқа (аукционға) қатысушылар деп танылған әлеуетті жекеше әріптестерге қолданылмайды;

3) жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурстың (аукционның) қорытындысы туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қайтарады. Аталған жағдай жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурстың (аукционның) жеңімпазы деп айқындалған жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурсқа (аукционға) қатысушыға қолданылмайды;

4) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты күшіне енген;

5) әлеуетті жекеше әріптестің конкурстық (аукциондық) өтінімінің қолданылу мерзімі өткен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қайтарады.

 

2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 40-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

40-бап. Конкурстық (аукциондық) өтінімдерді қарау

1. Конкурстық (аукциондық) өтінімдерді қарауды және іріктеуді конкурстық (аукциондық) комиссия жүзеге асырады.

Конкурсты (аукционды) ұйымдастырушы конкурстық (аукциондық) комиссияның жұмыс органы болып табылады.

2. Конкурстық (аукциондық) комиссия конкурстық (аукциондық) өтінімдер бар конверттерді мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының конкурстық құжаттамасында көрсетілген мерзімде ашады.

3. Конкурсты (аукционды) ұйымдастырушы конкурстық (аукциондық) өтінімдерге қажетті сараптамалар жүргізуді қамтамасыз етеді.

4. Конкурстық (аукциондық) комиссия барлық конкурстық (аукциондық) өтінімді қарайды.

Бір конкурстық өтінім ғана ұсынылған жағдайда, бұл өтінімді конкурстық комиссия осы тармақтың бірінші бөлігіне сәйкес қарайды.

Егер үштен аз аукциондық өтінім ұсынылса, онда аукцион өтпеді деп есептеледі.

5. Конкурстық (аукциондық) комиссия конкурстық (аукциондық) өтінімі үздік деп танылған әлеуетті жекеше әріптеспен не жалғыз әлеуетті жекеше әріптеспен (конкурсты өткізу кезінде) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын және мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының талаптарын нақтылау жөнінде келіссөздер жүргізеді.

6. Келіссөздер жүргізуге дайындық кезеңінде конкурстық (аукциондық) комиссия мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы мен мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты бойынша ескертулер мен ұсыныстарды әлеуетті жекеше әріптеске жазбаша нысанда жіберуге тиіс.

Келіссөздер жүргізу қорытындысы бойынша конкурстық (аукциондық) комиссия шешім қабылдайды.

Келіссөздер барысында жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурстың (аукционның) шарттарына өзгерістер енгізуге жол берілмейді.

7. Егер конкурстық (аукциондық) өтінімі үздік деп танылған әлеуетті жекеше әріптес конкурстық (аукциондық) комиссияның ескертулері мен ұсыныстарына сәйкес конкурстық (аукциондық) өтінімді және мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының талаптарын талқылаудан және нақтылаудан бас тартқан не оның ұсыныстары жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурс (аукцион) шарттары тұрғысынан қолайсыз болып табылған жағдайда, онда конкурстық (аукциондық) комиссия бұл конкурстық (аукциондық) өтінімді қарамайды және үздік конкурстық (аукциондық) өтінімді жаңадан таңдайды.

8. Жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурстың (аукционның) қорытындысы бойынша конкурстық (аукциондық) комиссияның шешімімен үздік конкурстық (аукциондық) өтінім айқындалады, ал өтінім беруші жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурстың (аукционның) жеңімпазы деп танылады.

2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 9-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

9-тармақтың күші 2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңы қолданысқа енгізілген күнге дейін конкурстық құжаттамасы бекітілген немесе мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру қажеттілігінің бар екендігі туралы уәкілетті тұлғаның қорытындысы берілген жобаларға қолданылмайды

9. Осы Заңның 40-1-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, конкурсты (аукционды) ұйымдастырушы конкурстық (аукциондық) комиссияның шешімі негізінде жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурстың (аукционның) жеңімпазымен мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын жасасады.

Конкурсты ұйымдастырушы ерекше маңызды мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыру үшін конкурстық (аукциондық) комиссияның шешімі негізінде конкурстың жеңімпазы мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру мақсатында құрған, құрылатынын конкурстың жеңімпазы конкурстық өтінімде мәлімдеген заңды тұлғамен мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын жасасады (мемлекеттік әріптеске мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартында айқындалған көлемде және талаптарда осындай заңды тұлғаның міндеттемелерін орындаудың банктік кепілдіктері ұсынылған жағдайда).

10. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын жасасу мерзімі жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурстың (аукционның) қорытындысы шығарылған күннен бастап күнтізбелік тоқсан күннен аспауға тиіс.

 

2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 40-1-баппен толықтырылды (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

40-1-баптың күші 2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңы қолданысқа енгізілген күнге дейін конкурстық құжаттамасы бекітілген немесе мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру қажеттілігінің бар екендігі туралы уәкілетті тұлғаның қорытындысы берілген жобаларға қолданылмайды

40-1-бап. Жекеше бастама негізінде жекеше әріптесті таңдау ерекшеліктері

1. Әлеуетті жекеше әріптестің мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыру жөніндегі ұсыныстарды қалыптастыру үшін әлеуметтік-экономикалық міндеттер тізбесінен бір немесе бірнеше міндетті шешу үшін мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына конкурстық (аукциондық) құжаттаманың ақпараттық парағының жобасын әзірлеу арқылы бастамашылық жасауы жекеше бастама деп танылады.

2. Жекеше бастаманы іске асыру шеңберіндегі конкурстық (аукциондық) құжаттаманы тиісті саланың орталық уәкілетті мемлекеттік органдары, жергілікті атқарушы органдар келісілгеннен және сараптамадан кейін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен бекітеді.

2025.15.03. № 172-VIII ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды (2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

2-1. Жобаға бастамашылық жасаған əлеуетті жекеше əріптес өзі бастамашылық жасаған жобада жекеше əріптесті айқындау жөніндегі конкурсқа қатысуға міндетті.

Егер біліктілікті іріктеу нəтижелері бойынша конкурсқа екіден кем əлеуетті жекеше əріптес жіберілсе, конкурс өткізілмеген болып есептеледі. Бұл ретте қайта конкурс өткізуге жол беріледі.

2025.15.03. № 172-VIII ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын жасасқан конкурстың (аукционның) жеңімпазы жобаға бастамашылық жасаған әлеуетті жекеше әріптеске оның конкурстық (аукциондық) құжаттаманың ақпараттық парағының жобасын және мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының жобасын әзірлеуге жұмсаған шығындарын өтеуге міндетті.

 

41-бап. Жекеше әріптесті айқындау жөніндегі жабық конкурс өткізудің ерекшеліктері

Жекеше әріптесті айқындау жөніндегі жабық конкурс осы Заңның ережелері ескеріле отырып, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен өткізіледі.

Жекеше әріптесті айқындау жөніндегі жабық конкурс өткізудің шарттары, күні, орны мен уақыты туралы ақпаратты, сондай-ақ оның нәтижелері туралы мәліметтерді конкурсты ұйымдастырушы әлеуетті жекеше әріптестерге жазбаша нысанда жібереді.

 

42-бап. 2025.15.03. № 172-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

43-бап. 2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 44-бап жаңа редакцияда (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

44-бап. Тікелей келіссөздер негізінде жекеше әріптесті айқындау

Тікелей келіссөздер негізінде жекеше әріптесті айқындау технологиялар трансферін көздейтін бірегей объектілерді құруға және пайдалануға бағытталған мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыру үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен ғана жүзеге асырылуы мүмкін.

 

2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 44-1-баппен толықтырылды

44-1-бап. Өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту жөніндегі мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің ерекшеліктері

1. Өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту жөніндегі мемлекеттік-жекешелік әріптестік осы Заңның ережелеріне сәйкес іске асырылады және кәсіпкерлік субъектілерінің жекелеген жобалар үшін (оның ішінде бірнеше жобаны қамтамасыз ету үшін) жеке түрде, сондай-ақ индустриялық аймақтарды құру шеңберінде жаңа өндірістер құруға, жұмыс істеп тұрған өндірістерді жаңғыртуға және кеңейтуге бағытталған жобаларын инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз етуге бағытталады.

2025.15.03. № 172-VIII ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Жекеше əріптес өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту шеңберінде инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды құруды жəне (немесе) пайдалануды мемлекеттік-жекешелік əріптестік шартына сəйкес жүзеге асырады.

3. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру нәтижесінде пайда болған инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым, егер мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік меншікке беріледі.

2025.15.03. № 172-VIII ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4. Жекеше əріптестің инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды құруға бағытталған инвестициялық шығындарының өтемақысы Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сəйкес жүзеге асырылады.

5. Өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту жөніндегі мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау және іске асыру ерекшеліктерін, оның ішінде жекеше әріптесті айқындау және мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын жасасу тәртібін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.

 

45-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты

2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурс (аукцион) нәтижелері негізінде не осы Заңда белгіленген жағдайларда тікелей келіссөздер жүргізу қорытындылары бойынша жасалады.

2. 2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты жазбаша нысанда жасалады. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының жазбаша нысанын сақтамау мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының жарамсыздығына әкеп соғады.

2025.15.03. № 172-VIII ҚР Заңымен 3-1-тармақпен толықтырылды (2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

3-1. Мемлекеттік-жекешелік əріптестік шарттары, сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік əріптестік жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелер болған кезде оларды мемлекеттік қазынашылық немесе мемлекеттік қазынашылық органдары бюджетті атқару жөніндегі орталық уəкілетті орган айқындаған тəртіппен тіркеуге тиіс.

2025.15.03. № 172-VIII ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4. Мемлекеттік-жекешелік əріптестік шарты Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған əртүрлі шарттардың элементтері қамтылатын шарт болып табылады. Егер осы Заңнан, тараптардың келісімінен немесе мемлекеттік-жекешелік əріптестік шартының мəнінен өзгеше туындамаса, мемлекеттік-жекешелік əріптестік шарты тараптарының қатынастарына тиісті бөліктерде осы мемлекеттік-жекешелік əріптестік шартында элементтері қамтылатын Қазақстан Республикасының шарттар туралы заңнамасы қолданылады.

 

2025.15.03. № 172-VIII ҚР Заңымен 46-бап жаңа редакцияда (2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

46-бап. Мемлекеттік-жекешелік əріптестік шартының мазмұны

1. Мемлекеттік-жекешелік əріптестік шартының елеулі талаптары мыналар болып табылады:

1) жобаның мақсаттары, міндеттері, тікелей жəне түпкілікті нəтижелері;

2) мемлекеттік-жекешелік əріптестік жобасын іске асыру кезеңі ішінде мемлекеттік-жекешелік əріптестік объектісі жəне мемлекеттік-жекешелік əріптестік объектісіне мүліктік құқықтар;

3) мемлекеттік-жекешелік əріптестік жобасының инвестициялық жəне операциялық кезеңдерінің мазмұны мен мерзімдері;

4) мемлекеттік-жекешелік əріптестік жобасын қаржыландыру мөлшерлері, мерзімдері мен шарттары, сондай-ақ инвестициялардың мөлшерлері, мерзімдері мен шарттары;

5) шығындарды өтеу жəне кірістерді алу көздері, мемлекеттік қолдау шаралары ұсынылған жағдайда олардың түрлері, көлемдері, ұсыну мерзімдері мен шарттары;

6) мемлекеттік-жекешелік əріптестік жобасын іске асыру мерзімі;

7) мемлекеттік-жекешелік əріптестік шартының тараптары арасында тəуекелдерді бөлу;

8) бюджет саясаты жөніндегі орталық уəкілетті орган бекіткен əдістемелік ұсынымдарға сəйкес есептелген жобаның əлеуметтік-экономикалық жəне қаржылық-экономикалық модельдері.

Тараптар барлық елеулі талаптар бойынша келісімге қол жеткізбеген кезде мемлекеттік-жекешелік əріптестік шарты жасалмаған болып есептеледі.

2. Мемлекеттік-жекешелік əріптестік шарты мынадай міндетті талаптарды қамтуға тиіс:

1) мемлекеттік-жекешелік əріптестік шарты тараптарының, тараптардың өкілетті өкілдерінің толық атауы;

2) мемлекеттік-жекешелік əріптестік шарты тараптарының тұрған жері (заңды мекенжайы) жəне банктік деректемелері;

3) тараптардың мемлекеттік-жекешелік əріптестік жобасының мақсаттарына, оның ішінде инвестициялық жəне пайдалану кезеңдері шеңберінде қол жеткізуді қамтамасыз ететін, сондай-ақ тəуекелдерді басқару бөлігіндегі құқықтары мен міндеттері;

4) жоба шеңберінде берілетін тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің түрлеріне, көлеміне, сапасына қойылатын талаптар, оның ішінде сапа индикаторларын жəне толық пайдалану əзірлігінің өлшемшарттарын бұзғаны үшін ақаулы ұпайлардың есептемесі;

5) мемлекеттік-жекешелік əріптестік жобасы шеңберінде өндірілетін тауарларға, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) қалыптастыру жəне бекіту тəртібі;

6) бюджет саясаты жөніндегі орталық уəкілетті орган айқындайтын тəртіппен енгізілетін, мемлекеттік-жекешелік əріптестік жобасын іске асыру үшін мемлекеттік-жекешелік əріптестік жобасының болжамды инвестициялары құнының оннан бір пайызы мөлшерінде меншікті қаражатын енгізу жəне қарыз қаражатын тарту бойынша жекеше əріптестің міндеттемелерін қамтамасыз ету;

7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес мемлекеттік-жекешелік əріптестік шарты бойынша дауларды сотқа дейінгі, сотта жəне (немесе) соттан тыс шешу тəртібі;

8) мемлекеттік-жекешелік əріптестік шарты тараптарының қабылданған міндеттемелерді орындауын бағалау өлшемшарттары, оларды орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайларда тұрақсыздық айыбын (міндетті түрде құндық мəнде көрсете отырып) төлеу;

9) егер оператор мемлекеттік-жекешелік əріптестік шартының тарапы болып табылмаса, операторды айқындау тəртібі, оператор тартылуға тиіс талаптар, оны тартуға жауапты тарап;

10) қоршаған ортаны қорғау жəне жұмыстарды жүргізу қауіпсіздігі жөніндегі талаптар;

11) валюталық компонент бойынша қайта қаржыландыру тетігін қоса алғанда, валюталық тəуекелдерді бөлу тəртібі;

12) мемлекеттік-жекешелік əріптестік шарты тараптарының жауапкершілігі;

13) мемлекеттік-жекешелік əріптестік шартын өзгерту жəне бұзу шарттары, оның ішінде пайда алушылар мен мүдделі тұлғалар үшін теріс салдарды болғызбау немесе барынша азайту жөніндегі іс-шаралар, сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік əріптестік шарты мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда тараптардың шығыстары мен шығындарын өтеу тəртібі;

14) мемлекеттік-жекешелік əріптестік шартын орындаудан біржақты бас тартудың айрықша жағдайлары;