15) мемлекеттік-жекешелік əріптестік шарты бойынша берілетін мүлікті күтіп-ұстау ауыртпалығының, сондай-ақ көрсетілген мүліктің кездейсоқ жойылу немесе кездейсоқ бүліну тəуекелдерінің өту талаптары мен мерзімдері;
16) мемлекеттік-жекешелік əріптестік шартының орындалуын мониторингтеу тəртібі, оның ішінде жекеше əріптестің мониторинг жүргізу үшін ақпарат беру тəртібі.
Мемлекеттік-жекешелік əріптестік шартында мемлекеттік-жекешелік əріптестік жобасын іске асырудың өзге де талаптары қамтылуы мүмкін.
3. Институционалдық мемлекеттік-жекешелік əріптестік шартында осы баптың 1 жəне 2-тармақтарында көзделген талаптардан басқа, мыналар қамтылуға тиіс:
1) мемлекеттік-жекешелік əріптестік компаниясын құру тəртібі мен мерзімдері;
2) мемлекеттік-жекешелік əріптестік компаниясының органдарын қалыптастыру тəртібі;
3) мемлекеттік-жекешелік əріптестік компаниясының жарғылық капиталын қалыптастыру мен толықтыру тəртібі;
4) мемлекеттік-жекешелік əріптестік компаниясының акционерлері (қатысушылары) арасындағы қатынастар;
5) корпоративтік дауларды шешу тəртібі.
Мемлекеттік-жекешелік əріптестік компаниясының құрылтай шартын тараптар институционалдық мемлекеттік-жекешелік əріптестік шартының талаптарында жасауға тиіс.
4. Егер Қазақстан Республикасының бейрезиденті жекеше əріптес болып табылса, мемлекеттік-жекешелік əріптестік шарты бойынша қолданылатын құқықты мемлекеттік-жекешелік əріптестік шартының тараптары айқындайды.
5. Мемлекеттік-жекешелік əріптестік шарты қазақ жəне орыс тілдерінде жасалуға тиіс. Мемлекеттік-жекешелік əріптестік шарты мемлекеттік-жекешелік əріптестік шарты тараптарының келісімі бойынша айқындалған өзге де тілдерде қосымша жасалуы мүмкін.
47-бап. Жекеше әріптестің кредиторымен тікелей келісім
Жекеше әріптестің кредиторымен тікелей келісімде мынадай шарттар көзделеді:
1) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты бойынша міндеттемелердің мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты талаптарының орындалмауына әкеп соқтыратындай елеулі бұзылу жағдайлары туралы мемлекеттік әріптестің жекеше әріптес кредиторларына хабарлау міндеттемесі;
2) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты және (немесе) талап ету құқығын біреуге беру бойынша құқықтарды кепілге беру немесе мемлекеттік әріптестің келісуімен жекеше әріптестің борышын аудару;
3) жекеше әріптес мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты бойынша өзінің міндеттемелерін мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының талаптары бойынша оның орындалмауына әкеп соқтыратындай етіп елеулі бұзған жағдайда, жекеше әріптес кредиторларының жекеше әріптесті ауыстыруды талап ету, сондай-ақ жекеше әріптестің жаңа кандидатурасын ұсыну құқығы;
4) осы баптың 3) тармақшасында көзделген жағдайларда жекеше әріптесті ауыстыру тәртібі;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де шарттар.
48-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының мерзімі
1. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының мерзімі осы Заңның 4-бабының 2) тармақшасында белгіленген мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру мерзімінен аспауға тиіс.
2. 2025.15.03. № 172-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының қолданылу мерзімі мынадай жағдайларда:
1) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының тараптарына байланысты емес мән-жайлар нәтижесінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы кідіртілгенде немесе тоқтатыла тұрғанда;
2) мемлекеттік әріптестің және (немесе) мемлекеттік органдардың әрекеттері немесе әрекетсіздігі нәтижесінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы тоқтатыла тұрғанда;
2025.15.03. № 172-VIII ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) мемлекеттік әріптестің мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартында көзделмеген талаптарды қоюы нәтижесінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыруға байланысты шығыстар ұлғайғанда осы Заңның 57-бабының 3-тармағына сəйкес айқындалған органның шешімі негізінде мемлекеттік-жекешелік əріптестік шарты тараптарының бірінің талап етуі бойынша ұзартылуы мүмкін.
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2025.15.03. № 172-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 49-бап жаңа редакцияда
49-бап. Мемлекеттік-жекешелік əріптестік шартын өзгерту, бұзу, тоқтату
1. Мемлекеттік-жекешелік əріптестік шарты мемлекеттік-жекешелік əріптестік шарты тараптарының келісімі бойынша өзгертілуі жəне (немесе) бұзылуы мүмкін.
2. Мемлекеттік-жекешелік əріптестік шартының талаптары өзгерістер нəтижесінде мемлекеттік-жекешелік əріптестік жобасының əлеуметтік-экономикалық тиімділігінің көрсеткіштері жақсарған кезде, сондай-ақ егер мұндай өзгерістер мемлекеттік-жекешелік əріптестік шартында көзделген, тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің сапалық сипаттамаларына жəне (немесе) көлеміне жəне (немесе) қолжетімділігіне қойылатын талаптарды төмендетпесе, тараптардың келісімі бойынша өзгертілуі мүмкін.
3. Осы баптың 2-тармағының талаптары сақталған кезде, сондай-ақ жекеше əріптес мемлекеттік-жекешелік əріптестік шартының қолданылу мерзімін ұзарту жүзеге асырылатын кезеңде инвестициялар енгізген кезде мемлекеттік-жекешелік əріптестік шартының қолданылу мерзімін ұлғайта отырып, пайдалану кезеңін ұлғайтуға жол беріледі.
4. Мемлекеттік-жекешелік əріптестік шартын тиісті бюджет комиссиясының қарауынсыз бюджет қаражатын пайдалану бөлігінде мемлекеттік міндеттемелердің өзгеруіне алып келетін өзгертуге жол берілмейді.
5. Осы Заңның 46-бабының 1-тармағы бірінші бөлігінің 1) жəне 7) тармақшаларында көзделген талаптарды қоспағанда, мемлекеттік-жекешелік əріптестік шартының елеулі талаптары сараптамалардың оң қорытындылары болған жəне өзгерістер тиісінше конкурстық құжаттаманы жəне мемлекеттік-жекешелік əріптестік шартының жобасын сараптауды жəне келісуді жүзеге асырған барлық органмен, олардың құзыретіндегі мəселелер бойынша өзге де мүдделі органдармен келісілген жағдайда ғана, сондай-ақ монополияға қарсы орган бəсекелестікті қорғауды қамтамасыз ету бөлігінде осындай өзгерістерді келіскен жағдайда өзгертілуі мүмкін.
Осы Заңның 46-бабының 1-тармағы бірінші бөлігінің 1) жəне 7) тармақшаларында көзделген мемлекеттік-жекешелік əріптестік шартының елеулі талаптарын өзгертуге болмайды.
6. Мемлекеттік-жекешелік əріптестік шарты:
1) мемлекеттік-жекешелік əріптестік шарты бұзылған не қолданылу мерзімі өткен кезде;
2) жекеше əріптес таратылған (қайтыс болған, əрекет қабілетінен айырылған) кезде;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе мемлекеттік-жекешелік əріптестік шартында көзделген өзге де жағдайларда тоқтатылады.
7. Мемлекеттік əріптестің талап етуі бойынша мемлекеттік-жекешелік əріптестік шарты:
1) жекеше əріптес мемлекеттік-жекешелік əріптестік шартын елеулі түрде бұзған кезде;
2) егер жекеше əріптес өзінің дəрменсіздігіне (банкроттығына) байланысты мемлекеттік-жекешелік əріптестік жобасын жүзеге асыруға қабілетсіз болса;
3) қоғам мен мемлекет мүддесінде, оның ішінде мұндай əрекеттер ұлттық қауіпсіздікті, халықтың денсаулығы мен имандылығын қамтамасыз ету мақсатында жасалған кезде ғана сот шешімімен бұзылуы мүмкін.
8. Жекеше əріптестің талап етуі бойынша мемлекеттік-жекешелік əріптестік шарты мемлекеттік əріптес жəне (немесе) мемлекеттік орган мемлекеттік-жекешелік əріптестік шартын елеулі түрде бұзған кезде ғана сот шешімімен бұзылуы мүмкін.
2025.15.03. № 172-VIII ҚР Заңымен 50-бап жаңа редакцияда (2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
50-бап. Мемлекеттік-жекешелік əріптестік шарты бойынша талап етуді басқаға беру жəне жекеше əріптестің борышын аудару
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік-жекешелік əріптестік шарты бойынша талап етуді басқаға беруге жəне жекеше əріптестің борышын аударуға мемлекеттік əріптестің, оператордың жазбаша келісуі болған жəне жекеше əріптестің құқықтары мен міндеттері өтетін тұлға жалпы жəне қосымша (арнаулы) біліктілік талаптарына сай болған жағдайда ғана жол беріледі.
2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен 51-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
51-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты бойынша кепіл нысанасы
1. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, жекеше әріптес мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты бойынша өзінің құқықтарын мемлекеттік әріптестің жазбаша келісімімен ғана кепілге беруге құқылы.
2. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты бойынша инвестициялық шығындардың өтемақысы түріндегі ақшалай түсімдер бойынша өзінің талап ету құқықтарын кредиторға кепілге беру мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының талаптарына сәйкес мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру үшін қарыздық қаржыландыруды тарту мақсатында ғана жүзеге асырылады.
3. Жекеше әріптестің мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты бойынша өзінің құқықтарын кредиторға кепілге беруі және осы құқықтардың құнын есепке алу Қазақстан Республикасының мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
4. Мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің пайдалануға берілген объектілері бойынша инвестициялық шығындарды өтеу мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының талаптарында көзделген сомалар мен мерзімдер шегінде толық көлемде жүзеге асырылады.
2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен 51-1-баппен толықтырылды
51-1-бап. Жекеше әріптесті ауыстыру
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2025.15.03. № 172-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Жекеше əріптес тікелей келісім жасасқан кредитор алдындағы жəне (немесе) мемлекеттік-жекешелік əріптестік шарты бойынша өзінің міндеттемелерін орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда, тікелей келісім жасасқан кредиторлармен келісу бойынша жекеше əріптесті ауыстыруға жол беріледі, ол жекеше əріптесті ауыстыру мақсатында мемлекеттік əріптестің конкурс (аукцион) өткізуі арқылы жүзеге асырылады.
2. Жекеше әріптес ауыстырылған жағдайда, мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты бойынша құқықтар мен міндеттер мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты бойынша жекеше әріптесті ауыстыру туралы келісім жасалған кезден бастап жаңа жекеше әріптеске беріледі.
3. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты бойынша жекеше әріптесті ауыстыру Қазақстан Республикасының мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
6-тарау. ИНСТИТУЦИОНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК-ЖЕКЕШЕЛІК ӘРІПТЕСТІКТІ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
52-бап. Институционалдық мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы жалпы ережелер
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Институционалдық мемлекеттік-жекешелік әріптестікті іске асыру үшін мемлекеттік әріптес пен жекеше әріптес мемлекеттік-жекешелік әріптестік компаниясын құрады.
2025.15.03. № 172-VIII ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Мемлекеттік-жекешелік əріптестік компаниясы өз қызметін акционерлік қоғамның не жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің ұйымдық-құқықтық нысанында жүзеге асырады, онда мемлекеттік əріптес пен жекеше əріптес жиынтығында дауыс беретін акциялардың (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) бір жүз пайызына ие болады.
Мемлекеттік жəне жекеше əріптестер құрылтай шарты шеңберінде мемлекеттік-жекешелік əріптестік шартын жасасуға құқылы.
Осы Заңда реттелмеген бөлігінде мемлекеттік-жекешелік əріптестік компаниясының қызметі Қазақстан Республикасының акционерлік қоғамдар жəне жауапкершілігі шектеулі жəне қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы заңнамасында реттеледі.
3. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік компаниясының жарғылық капиталына қатысу үшін мемлекеттік бюджеттен ақша бөлу Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
4. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартында жекеше әріптестің мемлекеттік әріптеске немесе мемлекеттік әріптестің жекеше әріптеске мемлекеттік-жекешелік әріптестік компаниясының өзіне тиесілі дауыс беретін акцияларына (қатысу үлестеріне) меншік құқықтарын беруі (өтеулі немесе өтеусіз) көзделуі мүмкін.
53-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік компаниясының жарғысы
1. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік компаниясының жарғысында мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының атауы көрсетіле отырып, заңды тұлғаның мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру мақсатында әрекет ететіні жөнінде мәлімет қамтылуға тиіс.
Мемлекеттік-жекешелік әріптестік компаниясы жарғысының ережелері мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартына қайшы келмеуге тиіс.
2. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты мен мемлекеттік-жекешелік әріптестік компаниясы жарғысының арасында қайшылықтар болған жағдайда:
1) егер олар мемлекеттік әріптес пен жекеше әріптес арасындағы ішкі қатынастарға жататын болса, мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының;
2) егер оларды қолдану мемлекеттік-жекешелік әріптестік компаниясының үшінші тұлғалармен қатынастары үшін мәні болса, жарғының талаптары қолданылуға тиіс.
54-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік компаниясын құқықтық реттеу
1. Мемлекеттік әріптестің не жекеше әріптестің мемлекеттік-жекешелік әріптестік компаниясына қатысуын тоқтатудың шарттары мен тәртібі мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартында айқындалады.
2. Мемлекеттік әріптестің мемлекеттік-жекешелік әріптестік компаниясының өзіне тиесілі дауыс беретін акцияларын (қатысу үлестерін) үшінші тұлғалардың пайдасына иеліктен шығаруына, кепілге қоюына немесе оған өзгеше ауыртпалық салуына жекеше әріптестің келісімімен ғана жол беріледі.
Жекеше әріптестің мемлекеттік-жекешелік әріптестік компаниясының өзіне тиесілі дауыс беретін акцияларын (қатысу үлестерін) үшінші тұлғалардың пайдасына иеліктен шығаруына, кепілге қоюына немесе оған өзгеше ауыртпалық салуына мемлекеттік әріптестің келісімімен ғана жол беріледі.
3. Мемлекеттік әріптес пен жекеше әріптестің келісімінсіз:
1) мемлекеттік-жекешелік әріптестік компаниясының жарғылық капиталын ұлғайтуға немесе, міндетті енгізілуі Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды қоспағанда, оның жарғысына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге;
2) мемлекеттік-жекешелік әріптестік компаниясының облигациялар мен өзге де бағалы қағаздар шығаруына;
3) мемлекеттік-жекешелік әріптестік компаниясын қайта ұйымдастыруға және таратуға;
4) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартында немесе мемлекеттік-жекешелік әріптестік компаниясының жарғысында мемлекеттік әріптес пен жекеше әріптестің келісімін алу көзделген өзге де әрекеттерді жасауға жол берілмейді.
4. Осы бапта көрсетілген жағдайларда келісім беру тәртібі мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартында немесе мемлекеттік-жекешелік әріптестік компаниясының жарғысында айқындалуға тиіс.
2019.03.04. № 243-VI ҚР Заңымен 7-тараудың тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)
7-ТАРАУ. ИННОВАЦИЯЛАРДАҒЫ, АРНАЙЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ИНДУСТРИЯЛЫҚ АЙМАҚТАРДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК-ЖЕКЕШЕЛІК ӘРІПТЕСТІКТІ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
55-бап. Инновациялардағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік
1. Инновациялардағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік мынадай:
1) жаңа технологияларды, технологиялық процестерді, техникалық регламенттерді әзірлеу және оларды жетілдіру;
2) тәжірибелік үлгіні, тәжірибелік-конструкторлық қондырғыны дайындау, сынақтар (тәжірибелік-өнеркәсіптік сынақтарды қоса алғанда), зерттеулер (зертханалық зертеулерді қоса алғанда) жүргізу;
3) аз сериялы өндірісті (тәжірибелік-өнеркәсіптік өндірісті) ұйымдастыру және ғылыми-техникалық жобаларды іске асыру (стартап- компаниялар құруды қоса алғанда) міндеттеріне қол жеткізуге бағытталады.
2. Инновациялардағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына байланысты зияткерлік қызмет нәтижелеріне айрықша құқықтарды бағалау (қайта бағалау) мәселелерін міндетті түрде көздеуге тиіс.
3. Конкурстық комиссия, мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары және басқа да мүдделі тұлғалар инновациялардағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына байланысты құжаттарды коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияның қорғалуын қамтамасыз етуді ескере отырып қарайды.
2019.03.04. № 243-VI ҚР Заңымен 56-баптың тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)
56-бап. Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік
2019.03.04. № 243-VI ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2020.03.07. № 359-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2025.15.03. № 172-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Арнаулы экономикалық жəне индустриялық аймақтардағы мемлекеттік-жекешелік əріптестік осы Заңның ережелеріне сəйкес іске асырылады жəне арнаулы экономикалық немесе индустриялық аймақтың инфрақұрылым объектілерін, сондай-ақ арнаулы экономикалық аймақтағы мемлекеттік-жекешелік əріптестіктің өзге де объектілерін құруға жəне пайдалануға бағытталады.
2019.03.04. № 243-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.03.07. № 359-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Жеке индустриялық аймақтың инфрақұрылым объектілерін қоспағанда, арнайы экономикалық немесе индустриялық аймақтағы инфрақұрылым объектілері бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру кезінде мемлекеттік әріптес ретінде арнайы экономикалық немесе индустриялық аймақтың басқарушы компаниясы әрекет етеді.
Бұл ретте арнайы экономикалық немесе индустриялық аймақтың басқарушы компаниясы мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына қатысу туралы өз шешімін арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарды құру, олардың жұмыс істеуі және таратылуы саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы органмен және акциялардың бақылау пакетіне иелік ететін органмен келіседі.
2019.03.04. № 243-VI ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Арнайы экономикалық немесе индустриялық аймақтың басқарушы компаниясы конкурсты ұйымдастырушы болып әрекет етеді.
2019.03.04. № 243-VI ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2025.15.03. № 172-VIII ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Мемлекеттік-жекешелік əріптестік шартын жасасу жекеше əріптестің арнаулы экономикалық немесе индустриялық аймақ аумағында арнаулы экономикалық немесе индустриялық аймақтың инфрақұрылым объектілерін құру жəне пайдалану жөніндегі қызметін жүзеге асыруға негіз болып табылады.
2025.15.03. № 172-VIII ҚР Заңымен 57-бап жаңа редакцияда (2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
57-бап. Дауларды шешу
1. Мемлекеттік-жекешелік əріптестік шартын орындауға жəне тоқтатуға байланысты даулар сотқа дейінгі реттеу міндетті түрде сақтала отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасында жəне мемлекеттік-жекешелік əріптестік шартында белгіленген тəртіппен шешіледі.
2. Дауларды шешу кезінде тараптар мемлекеттік-жекешелік əріптестік жобасының іске асырылуын қамтамасыз етуге арналған барлық шараларды қабылдауға тиіс.
3. Егер мемлекеттік-жекешелік əріптестік шартын орындауға жəне тоқтатуға байланысты даулар осы баптың 1-тармағына сəйкес шешілмейтін болса, онда мемлекеттік-жекешелік əріптестік шартының тараптары дауды Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сəйкес Қазақстан Республикасының соттарында, «Төрелік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сəйкес төрелікте шешуге құқылы, ал жекеше əріптес немесе жекеше əріптестің дауыс беретін акциялардың (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) жиырма бес жəне одан көп пайызын иеленетін акционерлерінің (қатысушыларының) ең болмағанда біреуі Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылған жағдайда, инвестициялардың болжамды мөлшері республикалық бюджет туралы заңда шарт жасасу жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің төрт миллион еселенген мөлшерінен асатын мемлекеттік-жекешелік əріптестік жобалары бойынша дау «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сəйкес Халықаралық төрелік орталыққа немесе халықаралық төрелікке жүгіну арқылы да шешілуі мүмкін.
4. Жекеше əріптесті айқындау тəртібіне байланысты даулар Қазақстан Республикасының соттарында шешіледі.
58-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
Қазақстан Республикасының мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.
59-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2015 жылғы қазанның 31-і.
№ 379-V