«Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және Петропавл қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық мәслихатының 2023 жылғы 24 қарашадағы № 2 шешіміне өзгерістертер енгізу туралы
Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық мәслихатының 2026 жылғы 16 ақпандағы № 5/31 шешімі
Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. «Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және Петропавл қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық мәслихатының 2023 жылғы 24 қарашадағы № 2 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7637-15 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген, әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және Петропавл қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларында:
9-тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:
«9. Мереке күндері мен атаулы күндерге орай әлеуметтік көмек алушылардың өтініштері талап етілмей көрсетіледі.
Әлеуметтік көмекті алушылардың санаттарын жергілікті атқарушы орган айқындайды.
Әлеуметтік көмекті алушылардың тізімдері Мемлекеттік корпорацияға сұрау салу негізінде не уәкілетті мемлекеттік органның ақпараттық жүйелерінен электрондық түрде қалыптастырылады.
Мереке күндері мен атаулы күндерге әлеуметтік көмек әрбір негіздеме бойынша ақшалай төлемдер түрінде мерзімді түрде жылына 1 (бір) рет мұқтаж азаматтардың мынадай санаттарына:
1) 15-ақпан - Ауғанстан Демократиялық Республикасынан (бұдан әрі - АДР) Кеңес әскерлерінің шектеулі контингенті шығарылған күніне: