Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» 2015 жылғы 25 сәуірдегі № 325 және «Гуманитарлық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы» 2019 жылғы 8 қазандағы № 743 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 21 қазандағы № 932 Қаулысы
Осы редакция 2025 жылғы 21 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі № 325 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалану қағидаларында:
18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«18. Қазақстан Республикасының ресми гуманитарлық көмекті тауар нысанында көрсетуі үшін ұсынылған тауарлардың құнын, оларды тасымалдау бойынша көлік ұйымдарының шығыстарын, сондай-ақ материалдық құндылықтарды жөнелтуге және жеткізуге, азаматтық қорғау және денсаулық сақтау салаларындағы уәкілетті органдардың құтқарушы және медициналық құралымдарын жіберуге байланысты шығыстарды өтеу Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде төтенше резервтен жүзеге асырылады.»;
2) «Гуманитарлық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 8 сәуірдегі № 743 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген гуманитарлық көмек көрсету қағидаларында:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Гуманитарлық көмек ақша немесе тауар нысанында және (немесе) қызметтер түрінде көрсетіледі.