«Арнайы экономикалық аймақтар аумағында жүзеге асырылатын қызметтің басым түрлерінің тізбесін және арнайы экономикалық аймақтар бөлінісінде қызметтің басым түрлерінің тізбесін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2024 жылғы 22 ақпандағы № 72 бұйрығына толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 31 қазандағы № 470 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Арнайы экономикалық аймақтар аумағында жүзеге асырылатын қызметтің басым түрлерінің тізбесін және арнайы экономикалық аймақтар бөлінісінде қызметтің басым түрлерінің тізбесін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2024 жылғы 22 ақпандағы № 72 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34030 болып тіркелген) мынадай толықтыру енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген арнайы экономикалық аймақтар бөлінісінде қызметтің басым түрлерінің тізбесі:
мынадай мазмұндағы 16 тармақпен толықтырылсын:
«16. «Қорқыт Ата» арнайы экономикалық аймағы:
1) тоқыма бұйымдарын өндіру;
2) киім өндірісі;
3) былғары және оған жататын өнімдер өндірісі;
4) жиһаздан басқа ағаш және тығын бұйымдарын өндіру; сабаннан жасалған бұйымдар мен тоқуға арналған материалдар өндірісі;
5) қағаз және қағаз өнімдерін өндіру;
6) химия өнеркәсібі өнімдерін өндіру;
7) негізгі фармацевтикалық өнімдерді өндіру;
8) резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіру;