«Құқықтық кадастрда жылжымайтын мүлікке құқықтарды жүйелі түрде тіркеу жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 24 ақпандағы № 110 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2018 жылғы 31 шілдедегі № 1190 бұйрығы

«Құқықтық кадастрда жылжымайтын мүлікке құқықтарды жүйелі түрде тіркеу жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 24 ақпандағы № 110 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2018 жылғы 31 шілдедегі № 1190 бұйрығы

 

«Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» 2007 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 57-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. «Құқықтық кадастрда жылжымайтын мүлікке құқықтарды жүйелі түрде тіркеу жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 24 ақпандағы № 110 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10539 болып тіркелген, 2015 жылғы 15 сәуірде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

Көрсетілген бұйрықпен бекітілген құқықтық кадастрда жылжымайтын мүлікке құқықтарды жүйелі түрде тіркеу жүргізу қағидаларында:

1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«1-тарау. Жалпы ережелер»;

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Осы Қағидалар облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарына, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар, қалалардың, жер қатыныстарды бойынша, сәулет қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органдарға, мемлекеттік мүлік бойынша уәкілетті органдарға және оның аумақтық органдарына (бұдан әрi - мемлекеттiк органдар) және тiркеушi органға қолданылады».

5-тармақта:

11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«11) құқықтық кадастр - жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтардың, азаматтық әуе кемелеріне, теңіз кемелеріне, ішкі суда жүзу кемелеріне, «өзен-теңіз» жүзу кемелеріне тіркелген құқықтар туралы мәліметтердің бірыңғай мемлекеттік тізілімі;»;

16), 17) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.