«Кедейлік шегінің мөлшерін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 19 мамырдағы № 160 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 20 желтоқсандағы № 473 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Кедейлік шегінің мөлшерін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 19 мамырдағы № 160 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32547 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасы бойынша кедейлік шегі:
1) 2023 жылғы 1 шілдеден бастап - мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға жүгінген тоқсанының алдындағы тоқсанға есептелген ең төмен күнкөріс деңгейінің 70 пайызы мөлшерінде;
2) 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап - мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға жүгінген тоқсанының алдындағы тоқсанға есептелген медианалық табыстың 35 пайызы, бірақ көрсетілген тоқсанға есептелген өңірлік ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызынан төмен емес мөлшерінде айқындалсын.».
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік көмек департаментіне заңнамада белгіленген тәртіппен: