«Кәсiби ұйымдарды, сертификаттау жөнiндегi ұйымдарды аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 16 наурыздағы № 175 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2026 жылғы 15 қазандағы № 698 бұйрығы (қолданысқа енген жоқ)

 «Кәсiби ұйымдарды, сертификаттау жөнiндегi ұйымдарды аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 16 наурыздағы № 175 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2026 жылғы 15 қазандағы № 698 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Кәсіби ұйымдарды, сертификаттау жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 16 наурыздағы № 175 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10703 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кәсіби ұйымдарды, сертификаттау жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу қағидаларында:

2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«2-тарау. «Бухгалтерлердің кәсіби ұйымын аккредиттеу туралы куәлік беру» № 1 мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі»;

9, 10 және 11 - тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«9. Процестің сипаттамасын, нысанын, мерзімін, сондай-ақ мемлекеттік қызметті ұсыну ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын № 1 мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес «Бухгалтерлердің кәсіби ұйымын аккредиттеу туралы куәлік беру» № 1 мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде (бұдан әрі - № 1 мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде) баяндалған.

Сұрау салу және мәліметтер нысандары осы Қағидаларға 2 және 3-қосымшаларға сәйкес ұсынылады.

Кәсіби ұйымдар аккредиттеу алу үшін осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес № 1 мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.