(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ АТЫРАУ...

Осы редакция 2025 жылғы 19 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

ҚР Ішкі істер министрінің 2023.11.04. № 287 бұйрығымен ереже жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасы

Ішкі істер министрлігінің

2014 жылғы 1 қазандағы

№ 662 бұйрығына

10-қосымша

 

 

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Атырау облысының Полиция департаменті туралы
ереже

(2023.11.04. берілген өзгерістермен)


1. Жалпы ережелер

 

1. Атырау облысының Полиция департаменті (бұдан әрі-Департамент) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің (бұдан әрі-Министрлік) облыс аумағындағы полиция органдары мен бөліністеріне басшылық етуді жүзеге асыратын аумақтық бөлінісі болып табылады.

2. Департамент өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

3. Департамент мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілдегі атауымен мөрі мен мөртанбадары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

4. Департамент азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

5. Департамент егер заңнамаға сәйкес оған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

6. Департамент өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Департамент бастығының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

7. Департамент құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

8. Департаменттің орналасқан жері: индексі 060005, Қазақстан Республикасы, Атырау облысы, Атырау қаласы, Азаттық даңғылы, 85-үй.

9. Департаменттің толық атауы - «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Атырау облысының Полиция департаменті» мемлекеттік мекемесі.

10. Осы Ереже Департаменттің құрылтай құжаты болып табылады.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.