ҚР СТ ISO 19354-2018 «Кеме және теңіз технологиясы. Теңіз крандары. Жалпы ережелер»

ҚР СТ ISO 19354-2018

Кеме және теңіз технологиясы
Теңіз крандары
Жалпы ережелер

 

(ISO 19354:2016 Ships and marine technology - Marine cranes - General requirements, IDT)

 

 

Мазмұны

 

1. Қолданылу саласы

2. Нормативтік сілтемелер

3. Терминдер мен анықтамалар

4. Жалпы талаптар

А қосымшасы (ақпараттық)

Библиография

В.А қосымшасы (ақпараттық). Стандарттардың (мемлекетаралық) сілтемелік халықаралық стандарттарға сәйкестігі туралы мәліметтер

 

 

1. Қолданылу саласы

 

Осы стандарт металл құрастырымдарының теңіз крандарына арналған қажетті сынақтар мен рәсімдерге қажетті талаптарды орнатады.

Осы стандарт теңіз крандарының келесі түрлеріне таратылады:

- айлақ және судан қорғалған жағдайларда, жүктер немесе контейнерлерді өңдеуге арналған кемелерге орнатылатын палуба крандары;

- айлақ жағдайында жұмыс істеу үшін баржалар мен понтондарда орнатылатын, қалқымалы крандар немесе көтергіш крандар;

- айлақ жағдайында жабдықтарды өңдеу және қоймаларды өңдеу үшін кемелерде (қалқымалы доктарды қосқанда) орнатылатын, машиналы бөлімдері бар крандар мен провизиялық крандар және т.б.

 

Ескертпе - Басқа үлгідегі теңіз крандары осы құжатты негізге алады.

 

Осы стандарт келесілерге таратылмайды:

- қоршаған орта температурасы - 20°С-тен төмен;

- қоршаған ортаның температурасы +45°С-тен жоғары;

- апаттар немесе қақтығыстардан болған жүктеме;

- теңіз деңгейінен төмен көтеру операциялары;

- крандарды тасымалдау, құрастыру, бөлшектеу және қолданыстан шығару;

- көтергіш керек-жарақтар, яғни кран мен жүк арасындағы кез келген зат;

- бірден көп кранның қатысуымен болатын көтеру операциялары;

- қол крандары;

- апатты-құтқару операциялары;

- жағадағы тиеу және түсіру крандары;

- борттағы тасымалдайтын крандар;

- құтқару қайықтарына арналған көтергіш құрылғылар, құтқару шығырлары мен лоцманды штормтраптар;

- құтқару қалқымалы құралдар мен құтқару қайықтарына арналған іске қосу құрылғылары;

- тралдар, құтқару трал шығырлары мен лоцман штормтраптар мен олардың тиеу және түсіру құрылғылары.

 

 

2. Нормативтік сілтемелер

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.