(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «БАСҚАРУШЫ КОМПАНИЯҒА БЕРІЛГЕН АКТИВТЕРДІ БАСҚАРУ ҚА...

Басқарушы компанияға берілген активтерді басқару қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2023 жылғы 5 қазандағы № 1061 бұйрығы

 

Осы редакция 2024 жылғы 4 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды 

 

«Заңсыз сатып алынған және шығарылған активтерді мемлекетке қайтару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабының 7-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Басқарушы компанияға берілген активтерді басқару қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің

орынбасары - Қаржы министрі

2023 жылғы 5 қазандағы

№ 1061 бұйрығымен

бекітілген

 

 

Басқарушы компанияға берілген активтерді басқару

 қағидалары

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Осы Басқарушы компанияға берілген активтерді басқару қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 33-бабының 7-тармағына сәйкес әзірленді және басқарушы компанияның Заңда көзделген негіздер бойынша басқарушы Компания мүлкінің құрамына түскен активтерді басқару тәртібін айқындайды.

2. Осы Қағидаларда келесі ұғымдар қолданылады:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.