«Инватакси қызметін алушылар үшін тізбе мен көрсеткіштерді кеңейту туралы» Қарағанды облысы Теміртау қаласының әкімдігінің 2026 жылғы 3 ақпандағы № 5/4 Қаулысы

Инватакси қызметін алушылар үшін тізбе мен көрсеткіштерді кеңейту туралы
Қарағанды облысы Теміртау қаласының әкімдігінің 2026 жылғы 3 ақпандағы № 5/4 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушы 2013 жылғы 1 қарашадағы № 859 «Автомобиль көлігімен (инватакси) мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау жөнінде қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8950 болып тіркелген) Теміртау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Инватакси қызметін ұсыну үшін объектілер мен межелі орындар тізбесін келесі объектілер мен межелі орындар тізбесімен кеңейту:

«Қарағанды облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

Қарағанды қаласының медициналық мекемелері (жедел (шұғыл) медициналық көмек көрсету жағдайларын қоспағанда);

Қарағанды қаласының әуежайы және теміржол вокзалдары;

Қарағанды қаласының арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін ұйымдары;

Қарағанды облысы білім басқармасының «Аутизмі бар балаларды қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Зағип және нашар көретіндер мәдениет үйі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны;

«Қарағанды облысы бойынша Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің филиалы;

«Қарағанды облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің түзету орталықтары.

2. Инватакси қызметін көрсетуге көрсеткіштерді мынадай көрсеткіштермен кеңейту:

1) жүріп-тұруы қиын 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.