«Ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 19 наурыздағы № 392 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 16 қыркүйектегі № 504 бұйрығы

«Ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 19 наурыздағы № 392 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 16 қыркүйектегі № 504 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 19 наурыздағы № 392 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16689 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жөніндегі уәкілетті органның ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларында:

2-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«2. Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) аудиторлық дәлелдемелер - мемлекеттік аудиторлардың жұмыстағы бұзушылықтардың және (немесе) кемшіліктердің бар немесе жоқ екенін анықтауына негіз болатын, заңдылығы, анықтығы және қолжетімділігі ескерілген нақты деректер, сондай-ақ аудиторлық есепте жазылған фактілерді растайтын өзге материалдар;

2) аудиторлық рәсімдер - аудит бағдарламасына сәйкес аудиторлық іс-шара барысында жүзеге асырылатын, аудиторлық іс-шара мақсаттарына қол жеткізу үшін қажет іс-қимылдар;

3) аудиторлық іс-шара - ішкі мемлекеттік аудит қорытындылары бойынша есептер мен қорытындыларды дайындауға, жүргізуге, ресімдеуге бағытталған іс-қимылдар кешені;

4) аудиторлық іс-шараны жүргізуге жауапты тұлға - уәкілетті орган ведомствосының және оның аумақтық бөлімшелерінің ішкі мемлекеттік аудитті ұйымдастыруды және жүргізуді бақылау жөніндегі міндеттер жүктелген лауазымды тұлғасы;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.