«Басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № 553 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 20 маусымдағы № 207 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № 553 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22003 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығында:
«Кәсіпорындарда, мекемелер мен ұйымдарда жұмыс істейтін, экономикалық қызметтің барлық түрлеріне ортақ және кәсіпорындарда, мекемелер мен ұйымдарда кең таралған басшылар, мамандар және өзге де қызметшілер лауазымдарының біліктілік сипаттамалары» деген 2-тарау:
1-бөлім мынадай мазмұндағы 102-параграфпен толықтырылсын:
«102-параграф. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің басшысы - сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-офицер
311-1. Лауазымдық міндеттері:
сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама саласында құқықтық актілер мен нормативтік құқықтық актілері әзірлеуді қамтамасыз етеді;
сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың тиімділігіне қатысты ақпараттық қызметті қамтамасыз етеді;
сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуді қамтамасыз етеді;
сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган мен ұйымның бірінші басшыларының бірлескен шешімі бойынша өткізілетін сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдауға қатысады;
анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне мониторингті қамтамасыз етеді және оларды барынша азайту және жою жөнінде шаралар қабылдайды;