«Құқықтық мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 11 шілдедегі № 471 бұйрығы (2025.15.01. берілген өзгерістермен)

Құқықтық мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 11 шілдедегі № 471 бұйрығы

(2025.15.01. берілген өзгерістермен)

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелерi» қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi туралы ереженің 14-тармағының 264) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Құқықтық мониторинг жүргізу қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Құқықтық саясат департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Әділет вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

ҚР Әділет министрінің 2024.31.12. № 1070 бұйрығымен қағида жаңа редакцияда (2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасы

Әділет министрі

2023 жылғы 11 шілдедегі

№ 471 бұйрығымен

бекітілген

 

 

Құқықтық мониторинг жүргізу ережелері

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Осы Құқықтық мониторинг жүргізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелерi» туралы қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi туралы ереженің 14-тармағының 264) тармақшасына сәйкес әзірленді және мемлекеттік органдардың құқықтық мониторинг жүргізу тәртібін айқындайды.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.