Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын корпоративтік басқарудың кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрінің 2025 жылғы 14 ақпандағы № 53 бұйрығы
«Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабының 4, 5-тармақтарына және 36-бабы 1-тармағының 1-1) тармақшасына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабының 3-тармағына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 5 қазандағы № 21 бұйрығымен бекітілген Ұлттық әл-ауқат қорын қоспағанда, мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардағы корпоративтік басқарудың үлгілік кодексінің 70-тармағына сәйкестендіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын корпоративтік басқарудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 8 тамыздағы № 398 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының корпоративтік басқару кодексіне осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес өзгерістер енгізілсін;
2) көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының корпоративтік басқару кодексіне осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес өзгерістер енгізілсін;
3) көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының корпоративтік басқару кодексіне осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес өзгерістер енгізілсін;
4) көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының корпоративтік басқару кодексіне осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес өзгерістер енгізілсін;