Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау объектілерінің тиісті жылға арналған тізбесін қалыптастыру және сыртқы мемлекеттік аудит жүргізу кезінде қолданылатын тәуекелдерді басқарудың үлгілік жүйесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті төрағасының 2015 жылғы 28 қарашадағы № 13-НҚ нормативтік қаулысы
(2023.14.03. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Жоғары аудиторлық палатасының 2023.24.02. № 8-НҚ нормативтік қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (2023 ж. 14 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 12 қарашадағы Заңының 12-бабы 4-тармағының 11) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау объектілерінің тиісті жылға арналған тізбесін қалыптастыру және сыртқы мемлекеттік аудит жүргізу кезінде қолданылатын тәуекелдерді басқарудың үлгілік жүйесі бекітілсін.
2. Мыналардың:
1) «Сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылауды жоспарлау және жүргізу кезінде қолданылатын тәуекелдерді басқарудың үлгі жүйесін бекіту туралы» Есеп комитетінің 2011 жылғы 31 тамыздағы № 3-НП нормативтік қаулысының (Нормативтік құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тізілімінде 2011 жылғы 26 қыркүйекте № 8373 тiркелген, «Егемен Казақстан» газетінде 2011 жылғы 15 қазанда № 497-500 (26892) жарияланған).
2) «Сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылауды жоспарлау және жүргізу кезінде қолданылатын тәуекелдерді басқарудың үлгі жүйесін бекіту туралы» Есеп комитетінің 2011 жылғы 31 тамыздағы № 3-НП нормативтік қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2013 жылғы 18 қаңтардағы № 1-НП нормативтік қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2013 жылғы 15 ақпанда № 8338 тіркелген, «Егемен Казақстан» газетінде 2013 жылғы 27 наурызда № 93 (28032) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.