«Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 18 ақпандағы № 81 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 24 сәуірдегі № 325 Қаулысы

«Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 18 ақпандағы № 81 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 24 сәуірдегі № 325 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 18 ақпандағы № 81 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі туралы ережеде:

15-тармақта:

1-тармақтың төртінші - он сегізінші абзацтары 2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі

69) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«69) әлеуметтік-еңбек саласының бірыңғай цифрлық жүйесін қалыптастыруды қамтамасыз ету;»;

79) және 79-1) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

«79) цифрлық жүйелердің және дерекқорлардың жұмысы, оларды сүйемелдеу және оларға қол жеткізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;

79-1) «Электрондық еңбек биржасы» жұмыспен қамтудың бірыңғай цифрлық платформасы мен «Еңбек нарығы» автоматтандырылған цифрлық жүйесі арасындағы жұмыс, сүйемелдеу, қолжетімділікті ұсыну және цифрлық өзара іс-қимылды қамтамасыз ету қағидаларын әзірлеу және бекіту;»;

84) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«84) шетелдік жұмыскерлердің орталықтандырылған дерекқорын қалыптастыру, «Шетелдік жұмыс күші» цифрлық жүйесін құру және олардың тиісті уәкілетті мемлекеттік органдардың цифрлық жүйелерімен өзара іс-қимылын қамтамасыз ету;»;

93) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«93) көшіп-қонушылар мен этникалық қазақтардың бірыңғай дерекқорын қалыптастыру және ішкі істер органдарының, ұлттық қауіпсіздік органының, Сыртқы істер министрлігінің тиісті цифрлық жүйелерімен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету;»;

126) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.