«Бюджеттік сұранымды жасау, ұсыну, қарау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 22 сәуірдегі № 185 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 18 қыркүйектегі № 510 бұйрығы

 «Бюджеттік сұранымды жасау, ұсыну, қарау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 22 сәуірдегі № 185 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 18 қыркүйектегі № 510 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Бюджеттік сұранымды жасау, ұсыну, қарау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 22 сәуірдегі № 185 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджеттік сұранымды жасау, ұсыну, қарау қағидаларында:

53-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«53. Шығыстардың экономикалық сыныптамасының ерекшеліктері бойынша жоспарланатын шығыстар түрлері бойынша 154, 155, 156 және 157 есептеулер осы Қағидаларға 62-қосымшаға сәйкес жасалады.»;

55 және 56-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«55. 01-372 нысаны инновациялық гранттар мен әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілеріне гранттарды төлеуге шығыстарды есептеу үшін толтырылады және осы Қағидаларға 72-қосымшаға сәйкес жасалады.

56. 01-373 нысаны білім беру ұйымдарына гранттарды төлеуге арналған шығыстарды есептеу үшін толтырылады және осы Қағидаларға 73-қосымшаға сәйкес жасалады.»;

77-тармақтың 16) тармақшасы алынып тасталсын;

95-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бюджеттік бағдарламаларға өз бастамасы бойынша өзгерістер енгізген кезде 3 (үш) жұмыс күні ішінде бюджеттік бағдарламалардың паспортына қол қойылған өзгерістерді тиісінше бюджетті атқару жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органға хабарлама тәртібімен жібереді.»;

96-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«96. Бюджеттік бағдарламалар паспорттары, бюджеттік бағдарламалар паспорттары туралы біріктірілген жиынтық ақпарат қол қойылған және қалыптастырылған күннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде Кодекстің 40-бабына сәйкес бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің интернет-ресурсына орналастырылады.»;

көрсетілген Қағидаларға 4-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.