«Қазақстан Республикасы Ұлттық мемлекеттік Кітап палатасы» республикалық мемлекеттік мекемесінің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 19 маусымдағы № 415 Қаулысы
Осы редакция 2023 жылғы 4 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Қазақстан Республикасы Ұлттық мемлекеттік Кітап палатасы» республикалық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің «Қазақстан Республикасы Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы» республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - мекеме) болып қайта аталсын.