«Киберқауіпсіздік туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 24 қарашадағы № 418-V Заңы (2026.25.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

Предыдущая страница

1-1. Мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган ұлттық қауіпсіздік органдарымен келісу бойынша киберқауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналған, мемлекеттің меншігі болып саналатын және Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарының басқаруындағы цифрлық объектілерді «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік техникалық қызметке өтеусіз пайдалануға беруге құқылы.

2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген, мемлекеттік техникалық қызмет өндіретін жəне (немесе) өткізетін тауарлардың (орындалатын жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын монополияға қарсы органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті белгілейді.

 

2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 14-1-баппен толықтырылды; 2026.09.01. № 256-VIII ҚР Заңымен 14-1-бап жаңа редакцияда (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

14-1-бап. Киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы ұлттық даму институты

Киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы ұлттық даму институты:

1) киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысады;

2) киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы стандарттау жөніндегі құжаттарды əзірлейді;

3) киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы ғылыми-техникалық қызметті жүзеге асырады;

4) киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы жобалардың ғылыми-техникалық сараптамасын жүргізеді;

5) киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында даярлауды, қайта даярлауды жəне біліктілікті арттыруды жүзеге асырады.

 

15-бап. 2026.09.01. № 256-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

 

2026.09.01. № 256-VIII ҚР Заңымен 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3-тарау. КИБЕРҚАУІПСІЗДІКТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ САЛАСЫНДАҒЫ ЦИФРЛЫҚ ОБЪЕКТІЛЕРДІҢ МЕНШІК ИЕЛЕРІНІҢ ЖƏНЕ ИЕГЕРЛЕРІНІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ, АСА МАҢЫЗДЫ ЦИФРЛЫҚ ОБЪЕКТІЛЕРДІҢ МЕНШІК ИЕСІНІҢ ЖƏНЕ (НЕМЕСЕ) ИЕГЕРІНІҢ МІНДЕТТЕРІ

 

2026.09.01. № 256-VIII ҚР Заңымен 16-бап жаңа редакцияда (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

16-бап. Цифрлық объектілердің меншік иелерінің құқықтары мен міндеттері

1. Цифрлық объектілердің меншік иесі:

1) цифрлық объектілерді жалға, сенімгерлік басқаруға, шаруашылық жүргізуге немесе жедел басқаруға беруге жəне оларға өзге де түрде билік етуге;

2) өз құзыреті шегінде цифрлық объектілерді өңдеу, қорғау жəне оларға қол жеткізу режимі мен қағидаларын белгілеуге;

3) цифрлық объектілерді сақтау, көшіру жəне тарату кезінде оларға билік ету шарттарын айқындауға;

4) цифрлық объектілерді иелену жəне пайдалану шарттарын айқындауға;

5) осы Заңда жəне Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өзге де құқықтарды пайдалануға құқылы.

2. Цифрлық объектілердің меншік иесі:

1) цифрлық объектілердің киберқауіпсіздігін қамтамасыз етуге;

2) осы Заңға жəне Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сəйкес цифрлық ресурстар мен цифрлық инфрақұрылым объектілеріне қолжетімділікті таратуға, беруге, шектеуге немесе оған тыйым салуға;

3) осы Заңға жəне Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сəйкес өзге де міндеттерді орындауға міндетті.

3. Дербес деректерді қамтитын цифрлық объектінің меншік иесі Қазақстан Республикасының дербес деректер жəне оларды қорғау туралы заңнамасында көзделген шараларды қабылдауға міндетті.

4. Цифрлық объектінің меншік иесі өзіне тиесілі цифрлық объектілерде орналастырылған цифрлық ресурстардың сақталу қауіпсіздігі жəне қорғалуы үшін цифрлық ресурстардың меншік иесінің жəне (немесе) иегерінің алдында жауапты болады.

 

2026.09.01. № 256-VIII ҚР Заңымен 17-бап жаңа редакцияда (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

17-бап. Цифрлық объектілердің иегерінің құқықтары мен міндеттері

1. Цифрлық объектінің иегері:

1) цифрлық объектілерді меншік иесі айқындаған шарттарда иеленуге жəне пайдалануға;

2) осы тармақтың 1) тармақшасына сəйкес цифрлық объектілерге қол жеткізу жəне пайдалану шарттарын айқындауға;

3) цифрлық жүйеде цифрлық ресурстарды өңдеу шарттарын айқындауға;

4) осы Заңда жəне Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өзге де құқықтарды пайдалануға құқылы.

2. Цифрлық объектілердің иегері:

1) цифрлық объектілердің киберқауіпсіздігін қамтамасыз етуге;

2) цифрлық объектілердің меншік иесінің жəне үшінші тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сақтауға;

3) осы Заңға жəне Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сəйкес өзге де міндеттерді орындауға міндетті.

3. Дербес деректер қамтылған цифрлық объектінің иегері Қазақстан Республикасының дербес деректер жəне оларды қорғау туралы заңнамасында көзделген шараларды қабылдауға міндетті.

4. Цифрлық объектінің иегері өзіне тиесілі объектілерде орналастырылған цифрлық ресурстардың, цифрлық объектілердің сақталу қауіпсіздігі жəне қорғалуы үшін цифрлық ресурстардың, цифрлық объектілердің меншік иесінің жəне (немесе) иегерінің алдында жауапты болады.

 

2026.09.01. № 256-VIII ҚР Заңымен 18-бап жаңа редакцияда (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

18-бап. Аса маңызды цифрлық объектілердің меншік иесінің жəне (немесе) иегерінің міндеттері

1. Аса маңызды цифрлық объектілердің меншік иесі немесе иегері:

2026.24.06. № 326-VIII ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1) өзінің киберқауіпсіздікті қамтамасыз етудің меншікті орталығын құруға жəне оның жұмыс істеуін қамтамасыз етуге немесе киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету орталығы көрсететін қызметтерді Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сəйкес үшінші тұлғалардан киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету орталығының көрсетілетін қызметтерінің сатып алуға міндетті көлемдерінің (жиынтықтарының) және олардың сипаттамаларының тізбесінде белгіленген көлемде (жиынтықта) сатып алуға;

2026.24.06. № 326-VIII ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2) «цифрлық үкіметтің» цифрлық объектілері болып табылатын аса маңызды цифрлық объектілер үшін цифрлық оқиғаларды журналға енгізу жүйелерін Киберқауіпсіздіктің ұлттық үйлестіру орталығының және цифрлық оқиғаларды журналға енгізудің бірыңғай платформасының киберқауіпсіздікті қамтамасыз етуді мониторингтеу жүйесінің техникалық құралдарына дербес немесе Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сəйкес үшінші тұлғалардың көрсететін қызметтерін сатып алу арқылы қосуды қамтамасыз етуге;

3) егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, «цифрлық үкіметтің» цифрлық объектілерінің жəне аса маңызды цифрлық объектілердің киберқауіпсіздігін қамтамасыз ету мониторингін жүргізу қағидаларында айқындалған тəртіппен жəне мерзімдерде, аса маңызды цифрлық объектілер қосылған Киберқауіпсіздікті ұлттық үйлестіру орталығы мен киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету орталығын дербес анықталған киберқауіпсіздіктің оқыс оқиғалары туралы хабардар етуге;

2026.24.06. № 326-VIII ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4) егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, уəкілетті орган айқындаған тəртіппен жəне мерзімдерде цифрлық ресурстардың резервтік көшірмелерін цифрлық ресурстарды сақтаудың бірыңғай ұлттық резервтік платформасына беруді жүзеге асыруға;

2026.24.06. № 326-VIII ҚР Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)

5) жыл сайын өзінің барлық жұмыскері үшін киберқауіпсіздік және кибермәдениет бойынша оқытуды жүргізуге міндетті.

Цифрлық ресурстың меншік иесін немесе иегерін қоспағанда, цифрлық ресурстарды сақтаудың бірыңғай ұлттық резервтік платформасында сақталатын цифрлық ресурстардың көшірмесіне қол жеткізуге тыйым салынады.

2. Заңмен қорғалатын құпияны қамтитын деректерді өңдейтін аса маңызды цифрлық объектілердің меншік иесі жəне (немесе) иегері жылына бір реттен сиретпей киберқауіпсіздік аудитін жүргізеді. Екінші деңгейдегі банктердің киберқауіпсіздік аудиті Қазақстан Республикасының банк заңнамасының талаптарына сəйкес жүргізіледі.

 

18-1-бап. 2025.17.11. № 231-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2026 ж. 18 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

18-2-бап. 2023.10.07. № 19-VIІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 10 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

19-бап. 2026.09.01. № 256-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

20-бап. 2026.09.01. № 256-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

2024.21.05. № 86-VIII ҚР Заңымен 20-1-баппен толықтырылды (2024 ж. 22 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)

20-1-бап. Жай электрондық қолтаңбаны пайдалану

1. Жай электрондық қолтаңба кодтарды, парольдерді немесе өзге де сәйкестендіру құралдарын пайдалану арқылы адамның қолтаңбасын растаудың электрондық-цифрлық түрі болып табылады.

2. Жеке кәсіпкерлік субъектілері шетелдіктермен, шетелдік заңды тұлғалармен, шетелдік қатысуы бар заңды тұлғалармен өзара іс-қимыл жасау кезінде жай электрондық қолтаңбаны пайдалануға құқылы.

3. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес нотариаттық куәландыруға немесе міндетті мемлекеттік тіркеуге жататын мәмілелерді және тізбесін уәкілетті орган бекітетін мәмілелерді қоспағанда, мынадай жағдайлар орындалған кезде:

1) мәміле тараптары арасында өзара мәмілелер жасау кезінде жай электрондық қолтаңбаны пайдалану туралы жазбаша нысанда келісімге қол жеткізілсе;

2) мәміле тараптары жазбаша нысандағы өзара келісіммен жай электрондық қолтаңба арқылы өзара жасалған мәмілелердің түпнұсқалығы мен жарамдылығын таныса, мәмілелерге қол қоюға өкілеттігі бар тұлғаның жай электрондық қолтаңбасы арқылы куәландырылған мәмілелердің қол қойылған қағаз жеткізгіштердегі құжаттармен мәні бірдей болады.

Осы баптың талаптары пилоттық жоба шеңберінде 2026 жылғы 1 шілдеге дейін қолданылады.

 

 

2026.09.01. № 256-VIII ҚР Заңымен 2-бөлімнің тақырыбы алып тасталды (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

2026.09.01. № 256-VIII ҚР Заңымен 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4-тарау. КИБЕРҚАУІПСІЗДІКТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ СУБЪЕКТІЛЕРІ МЕН ОБЪЕКТІЛЕРІ

 

21-бап. 2026.09.01. № 256-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

22-бап. 2026.09.01. № 256-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

23-бап. 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 қаңтардан қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

24-бап. 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 қаңтардан қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

25 - 28-бап. 2026.09.01. № 256-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

2026.09.01. № 256-VIII ҚР Заңымен 28-1-баппен толықтырылды (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)

28-1-бап. Киберқауіпсіздікті зерттеуші

1. Киберқауіпсіздікті зерттеуші:

1) цифрлық объектінің меншік иесі жəне (немесе) иегері белгілеген шекараларда осалдықты іздеуді жүзеге асырады;

2) анықталған осалдық сипатталған есепті ұсынады;

3) цифрлық объектілердің меншік иелерін жəне (немесе) иегерлерін анықталған осалдық туралы хабардар етеді;

4) анықталған осалдық туралы мəліметтерді ол толық жойылғанға дейін жəне цифрлық объектінің меншік иесі жəне (немесе) иегері тарапынан ресми рұқсат берілгенге дейін ашпайды;

5) анықталған осалдықты жеке немесе заңсыз мақсаттарда пайдаланбайды;

6) осалдықты іздеу кезінде цифрлық объектінің штаттық жұмыс істеуін бұзбайды.

2. Киберқауіпсіздікті зерттеуші өз қызметінің нəтижесінде алған коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны жария еткені үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сəйкес жауапты болады.

 

2026.09.01. № 256-VIII ҚР Заңымен 28-2-баппен толықтырылды (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)

28-2-бап. Киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы лицензиялау

1. Киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы қызмет Қазақстан Республикасының рұқсаттар жəне хабарламалар туралы заңнамасында белгіленген тəртіппен лицензиялауға жатады.

2. Киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы лицензиаттар лицензиарға есептерді, хабарламаларды, тізбені ұсынады, олардың нысандары мен кезеңділігін біліктілік талаптары шеңберінде лицензиар айқындайды.

 

2026.09.01. № 256-VIII ҚР Заңымен 29-бап жаңа редакцияда (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

29-бап. Мемлекеттік органдардың бірыңғай көліктік ортасы

1. Мемлекеттік органдардың бірыңғай көліктік ортасы - «цифрлық үкіметтің» инфрақұрылымына кіретін жəне мемлекеттік органдардың, олардың ведомстволық бағынысты ұйымдары мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, сондай-ақ уəкілетті орган айқындаған өзге де цифрлық орта субъектілерінің оқшау (Интернетке қолжетімділігі бар оқшау желілерді қоспағанда), ведомстволық жəне корпоративтік телекоммуникация желілерінің өзара іс-қимыл жасауын киберқауіпсіздіктің қажетті деңгейін сақтай отырып қамтамасыз етуге арналған телекоммуникациялар желісі.

2. Мемлекеттік органдар, олардың ведомстволық бағынысты ұйымдары жəне жергілікті өзін-өзі басқару органдары, сондай-ақ уəкілетті орган айқындаған цифрлық ортаның өзге де субъектілері оқшау (Интернетке қолжетімділігі бар оқшау желілерді қоспағанда), ведомстволық жəне корпоративтік желілердің өзара іс-қимыл жасауы үшін тек қана мемлекеттік органдардың бірыңғай көліктік ортасын пайдалануға міндетті.

3. Киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік органдардың бірыңғай көліктік ортасына, жалпыға ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желілеріне жəне басқа да телекоммуникация желілеріне қосылған оқшау, ведомстволық жəне корпоративтік желілерді қосу цифрландыру жəне киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету салаларындағы бірыңғай талаптарға сəйкес жүзеге асырылады.

 

2026.09.01. № 256-VIII ҚР Заңымен 30-бап жаңа редакцияда (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

30-бап. Интернетке қол жеткізудің бірыңғай шлюзі жəне «цифрлық үкіметтің» электрондық поштасының бірыңғай шлюзі

1. Мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, мемлекеттік заңды тұлғалардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің, сондай-ақ аса маңызды цифрлық объектілердің меншік иелерінің немесе иегерлерінің цифрлық объектілерін Интернетке қосуды байланыс операторлары Интернетке қол жеткізудің бірыңғай шлюзі арқылы жүзеге асырады.

2026.24.06. № 326-VIII ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)

1-1. Байланыс операторларының уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен Интернет желісіне қол жеткізудің бірыңғай шлюзіне қосылу үшін өздерінің техникалық құралдарын (аппараттық-бағдарламалық кешендерін) пайдалануға құқығы бар.

Мұндай техникалық құралдарды басқару мемлекеттік техникалық қызметке беріледі.

2. Мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының цифрлық объектілерін Интернетке қосу цифрландыру жəне киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету салаларындағы бірыңғай талаптарға сəйкес жүзеге асырылады.

3. Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік, құқық қорғау органдары жəне Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің əскери барлау органдары жедел мақсаттарда, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Интернетке қол жеткізудің бірыңғай шлюзін пайдаланбай Интернетке қосуды ұйымдастыруы мүмкін.

Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау жəне қадағалау жөніндегі уəкілетті орган киберқауіпсіздіктің салалық орталығының функцияларын іске асыруды ескере отырып, Интернетке қол жеткізудің бірыңғай шлюзін пайдаланбай Интернетке қосылуды ұйымдастыруы мүмкін.

2026.24.06. № 326-VIII ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4. Мемлекеттік органдар мен аса маңызды цифрлық объектілердің меншік иелері жəне (немесе) иегерлері электрондық поштасының өзге тұлғалардың сыртқы электрондық поштасымен электрондық өзара іс-қимыл жасауы электрондық хабарларды «цифрлық үкіметтің» электрондық поштасының бірыңғай шлюзі арқылы қайта бағыттау арқылы жүзеге асырылады.

 

2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 30-1-баппен толықтырылды; 2026.09.01. № 256-VIII ҚР Заңымен 30-1-бап жаңа редакцияда (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

30-1-бап. Ұлттық бейнемониторинг жүйесі

2026.24.06. № 326-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Ұлттық бейнемониторинг жүйесі - ұлттық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету міндеттерін шешу үшін бейнекескіндерді жинауды, өңдеуді жəне сақтауды жүзеге асыратын бағдарламалық жəне техникалық құралдардың жиынтығын білдіретін цифрлық жүйе.

2. Осы баптың 1-тармағында көзделмеген міндеттерді шешу үшін Ұлттық бейнемониторинг жүйесі арқылы алынған мəліметтерді пайдалануға жол берілмейді.

2026.24.06. № 326-VIII ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Мыналар Ұлттық бейнемониторинг жүйесіне міндетті түрде қосылуға жататын объектілердің санаттары болып табылады:

1) орталық мемлекеттік жəне жергілікті атқарушы органдардың бейнебақылау жүйелері;

2) террористік тұрғыдан осал объектілерді бейнебақылау жүйелері;

3) қоғамдық жəне жол қауіпсіздігін бейнебақылау жүйелері;

2026.24.06. № 326-VIII ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)

4) объектінің меншік нысанына қарамастан, қоғамдық орындарда, азаматтар көп болатын орындарда және халықтың еркін баруына қолжетімді объектілерде орнатылған бейнебақылау жүйелері.

2026.24.06. № 326-VIII ҚР Заңымен 3-1-тармақпен толықтырылды (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)

3-1. Ұлттық бейнемониторинг жүйесінің қатысушылары - оның үйлестірушісі, операторы, әкімшісі, пайдаланушылары мен абоненттері.

2026.24.06. № 326-VIII ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4. Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары, құқық қорғау органдары, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі және жергілікті атқарушы органдар Ұлттық бейнемониторинг жүйесін пайдаланушылар болып табылады.

Ұлттық бейнемониторинг жүйесінің жұмыс істеуі нəтижесінде алынған мəліметтер Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда өзге де мемлекеттік органдарға берілуі мүмкін.

5. Ұлттық бейнемониторинг жүйесінің жұмыс істеу қағидаларын Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті бекітеді.

2026.24.06. № 326-VIII ҚР Заңымен 6-тармақпен толықтырылды (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)

6. Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын мемлекеттік орган немесе дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлға Ұлттық бейнемониторинг жүйесінің операторы болып саналады.

2026.24.06. № 326-VIII ҚР Заңымен 7-тармақпен толықтырылды (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)

7. Ұлттық бейнемониторинг жүйесінің операторы Ұлттық бейнемониторинг жүйесін жасайды әрі дамытады және оның жұмыс істеуін қамтамасыз етеді, сондай-ақ Ұлттық бейнемониторинг жүйесін пайдалану қызметін ұсынады.

Ұлттық бейнемониторинг жүйесін пайдалану Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарына, құқық қорғау органдарына және Төтенше жағдайлар министрлігіне өтеусіз негізде беріледі.

2026.24.06. № 326-VIII ҚР Заңымен 8-тармақпен толықтырылды (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)

8. Ұлттық бейнемониторинг жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету мыналарды қамтиды:

Ұлттық бейнемониторинг жүйесінің бағдарламалық қамтылымына, байланыс арналары мен техникалық құралдарына жүйелік-техникалық қызмет көрсету мен сүйемелдеу;

Ұлттық бейнемониторинг жүйесінде деректердің сақталуын қамтамасыз ету;

Ұлттық бейнемониторинг жүйесінің тоқтаусыз және үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету үшін кезекші қызметтің тәулік бойы жұмыс істеуін қамтамасыз ету.

 

2026.09.01. № 256-VIII ҚР Заңымен 30-2-баппен толықтырылды (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)

30-2-бап. Цифрлық оқиғаларды журналға енгізу

1. Цифрлық оқиғаларды журналға енгізу цифрлық оқиғалар журналдарын жинау, есепке алу мен сақтау жəне олардың өзгермеуі арқылы қамтамасыз етіледі.

2. Цифрлық оқиғаларды журналға енгізу мемлекеттік органдардың цифрлық объектілерінде жəне мемлекеттік органдар өз қызметін цифрландыру үшін пайдаланатын өзге де тұлғалардың цифрлық объектілерінде артықшылықты құқықтары бар пайдаланушылардың іс-əрекеттері нəтижесінде туындайтын цифрлық оқиғалар журналдарын мониторингтеуді, талдауды жəне сақтауды қамтамасыз ету үшін пайдаланылады.

3. Цифрлық оқиғаларды журналға енгізуді жүзеге асыру тəртібін уəкілетті орган айқындайды.

 

31-бап. 2026.09.01. № 256-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

 

2026.09.01. № 256-VIII ҚР Заңымен 5-тараудың тақырыбы алып тасталды (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

32 - 36-бап. 2026.09.01. № 256-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

33-1-бап. 2023.06.02. № 194-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

 

2026.09.01. № 256-VIII ҚР Заңымен 6-тараудың тақырыбы алып тасталды (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

37-бап. 2026.09.01. № 256-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

2026.09.01. № 256-VIII ҚР Заңымен 38-бап жаңа редакцияда (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

38-бап. «Цифрлық үкіметтің» цифрлық объектісіне қойылатын киберқауіпсіздік талаптары

1. «Цифрлық үкіметтің» цифрлық объектісі Қазақстан Республикасының заңнамасына, Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын стандарттарға, «цифрлық үкіметтің» цифрлық объектісінің өмірлік цикліне сəйкес жəне мыналарды:

1) цифрландыру жəне киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету салаларындағы бірыңғай талаптарды;

2) «цифрлық үкімет» архитектурасын, сондай-ақ деректерді басқару жөніндегі талаптарды;

3) «цифрлық үкіметтің» басқа да цифрлық объектілерімен интеграциялануын (қажет болған жағдайда);

2026.24.06. № 326-VIII ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4) «цифрлық үкіметтің» цифрлық объектісінің Киберқауіпсіздіктің ұлттық үйлестіру орталығының киберқауіпсіздік оқиғаларын мониторингтеу жүйесімен және цифрлық оқиғаларды журналға енгізудің бірыңғай платформасымен цифрлық өзара іс-қимыл жасауын;

2026.24.06. № 326-VIII ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5) киберқауіпсіздікті қамтамасыз етудің меншікті орталығын құруды жəне оның жұмыс істеуін қамтамасыз етуді немесе киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету орталығының көрсетілетін қызметтерінің сатып алуға міндетті көлемдерінің (жиынтықтарының) және олардың сипаттамаларының тізбесінде белгіленген көлемде (жиынтықта) киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету орталығы көрсететін қызметтерді Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сəйкес үшінші тұлғалардан сатып алуды;

6) еркін бағдарламалық қамтылымның басымдығын;

7) сыныптауышқа сəйкес сынып беруді;

8) мүмкіндігі шектеулі пайдаланушыларға қолжетімділікті қамтамасыз етуді ескере отырып құрылады, пайдаланылады жəне дамытылады.

2. Мемлекеттік цифрлық ресурстарды қалыптастыруға арналған мемлекеттік заңды тұлғаның цифрлық жүйесі жəне мемлекеттік емес цифрлық жүйе Қазақстан Республикасының заңнамасына, Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын стандарттарға, цифрлық жүйенің өмірлік цикліне сəйкес жəне мынадай талаптар:

1) уəкілетті органмен жəне цифрландыру саласындағы уəкілетті органмен келісілген техникалық тапсырманың;

2026.24.06. № 326-VIII ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2) киберқауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сынаудың оң нәтижелері бар хаттамалары алынған;

3) мемлекеттік органның цифрлық жүйесі өнеркəсіптік пайдалануға енгізілген «цифрлық үкіметтің» сыртқы шлюзі арқылы ғана мемлекеттік емес цифрлық жүйемен интеграциясының талаптары;

4) цифрландыру жəне киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету салаларындағы бірыңғай талаптар орындалған жағдайда құрылады, пайдаланылады жəне дамытылады.