3. Цифрлық ресурста қамтылған ақпарат, нормативтік-техникалық құжаттама, сондай-ақ мемлекеттік органдардың цифрлық жүйесінің басқа да ілеспе құжаттары қазақ жəне орыс тілдерінде жасалады жəне сақталады.
4. Мемлекеттік органның цифрлық жүйесінің меншік иесі немесе иегері немесе ол уəкілеттік берген тұлға киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету мониторингін жүргізу үшін оның орналасқан жері бойынша мемлекеттік органның цифрлық жүйесіне Киберқауіпсіздіктің ұлттық үйлестіру орталығына қолжетімділікті қамтамасыз етеді.
39 - 41-1-бап. 2026.09.01. № 256-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2026.09.01. № 256-VIII ҚР Заңымен 42-бап жаңа редакцияда (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
42-бап. «Цифрлық үкіметтің» цифрлық инфрақұрылымының цифрлық ресурстарын өңдеу, сақтау жəне резервтік көшіру құралдарына қойылатын міндетті талаптар
1. «Цифрлық үкіметтің» цифрлық инфрақұрылымы объектілерінің жұмыс істеу сенімділігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін цифрлық ресурстарды сақтау, өңдеу жəне беру үшін пайдаланылатын техникалық құралдар Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасының талаптарына сəйкес келуге міндетті.
2. «Цифрлық үкіметтің» цифрлық инфрақұрылымы объектісінің меншік иесі немесе иегері, сондай-ақ «цифрлық үкімет» операторы «цифрлық үкіметтің» цифрлық инфрақұрылымы объектілерінде қамтылған мемлекеттік цифрлық ресурстарды сақтауды жүзеге асырады жəне қажет болған жағдайда қалпына келтіруді қамтамасыз етеді жəне Қазақстан Республикасының заңдарында жəне тараптардың келісімімен белгіленген тəртіппен мемлекеттік цифрлық ресурстардың жоғалуына, модификациялануына немесе сақталуын өзге де қамтамасыз етпеуге жауапты болады.
3. Мемлекеттік цифрлық ресурстардың резервтік көшірмесін дайындауды қамтамасыз ету «цифрлық үкіметтің» цифрлық инфрақұрылым объектісінің меншік иесі мен иегері немесе «цифрлық үкімет» операторы үшін міндетті болып табылады.
Мемлекеттік цифрлық ресурстарды қамтитын резервтік көшірмені жасау жəне сақтау тəсілі келесі резервтік көшірме жасалғанға дейін цифрлық ресурстардың сақталуын қамтамасыз етуге тиіс.
Мемлекеттік цифрлық ресурстарды резервтік көшірудің мерзімділігі «цифрлық үкіметтің» цифрлық объектісіне арналған техникалық құжаттамада белгіленеді.
43-бап. 2026.09.01. № 256-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
44-бап. 2026.09.01. № 256-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7-тарау. 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 қаңтардан қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2026.09.01. № 256-VIII ҚР Заңымен 8-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8-тарау. КИБЕРҚАУІПСІЗДІК ТАЛАПТАРЫНА СƏЙКЕСТІККЕ СЫНАҚТАР ЖҮРГІЗУ, КИБЕРҚАУІПСІЗДІК АУДИТІ
48-бап. 2026.09.01. № 256-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2026.09.01. № 256-VIII ҚР Заңымен 49-бап жаңа редакцияда (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
49-бап. Киберқауіпсіздік талаптарына сəйкестікке сынақтар жүргізу
1. Цифрлық объектілерге киберқауіпсіздік талаптарына сəйкестігіне сынақтар жүргізу міндетті түрде жəне (немесе) меншік иесінің немесе иегердің бастамасы бойынша жүргізіледі.
2. Киберқауіпсіздік талаптарына сəйкестігіне міндетті сынақтар жүргізуге жататын сынақ объектілеріне мыналар жатады:
1) платформалық бағдарламалық өнім;
2) «цифрлық үкіметтің» платформасы;
3) мемлекеттік органның, мемлекеттік заңды тұлғаның, квазимемлекеттік сектор субъектісінің интернет-ресурсы;
4) мемлекеттік органның, мемлекеттік заңды тұлғаның, квазимемлекеттік сектор субъектісінің цифрлық жүйесі;
5) аса маңызды цифрлық объектілер;
6) мемлекеттік цифрлық ресурстарды қалыптастыруға, мемлекеттік функцияларды жүзеге асыруға жəне мемлекеттік қызметтер көрсетуге арналған мемлекеттік емес цифрлық жүйе.
3. Қазақстан Республикасының ұлттық куəландырушы орталығының электрондық цифрлық қолтаңбаның түпнұсқа- лығын тексеру жөніндегі сервистерін пайдалану үшін мемлекеттік органның цифрлық жүйесі мен мемлекеттік емес цифрлық жүйеге киберқауіпсіздік талаптарына сəйкестігіне сынақтар жүргізу талап етілмейді.
4. Цифрлық объектілерге (меншік иесі (иегері) жəне (немесе) тапсырыс беруші мемлекеттік орган болып табылатын цифрлық объектілерді қоспағанда) киберқауіпсіздік талаптарына сəйкестігі тұрғысынан сынақты осы Заңға жəне Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасына сəйкес аккредиттелген сынақ зертханалары жүргізеді.
5. Цифрлық объектілердің сапасын бағалау мақсатында оларға сынақ жүргізу Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасына сəйкес жүргізіледі.
2026.09.01. № 256-VIII ҚР Заңымен 50-бап жаңа редакцияда (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
50-бап. Киберқауіпсіздік аудиті
1. Цифрлық объектілердің киберқауіпсіздік аудиті олардың меншік иесінің жəне (немесе) иегерінің бастамасы бойынша жүргізіледі.
2. Цифрлық объектілердің меншік иесі жəне (немесе) иегері ішкі аудит жүргізуге немесе киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында лицензиясы бар заңды тұлғалардан Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сəйкес көрсетілетін қызметті сатып алуға құқылы.
3. Аса маңызды цифрлық объектілердің, заңмен қорғалатын құпиясы бар цифрлық деректерді өңдейтін цифрлық объектілердің иегері жылына бір реттен сиретпей киберқауіпсіздік аудитін жүргізеді. Аудит нəтижелері уəкілетті органға жəне Киберқауіпсіздіктің ұлттық үйлестіру орталығына жіберіледі.
51-бап. 2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 30 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2026.09.01. № 256-VIII ҚР Заңымен 52-бап өзгертілді (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
52-бап. Цифрлық орта саласындағы сәйкестікті растау
Цифрлық орта саласындағы сәйкестікті растау Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
2026.09.01. № 256-VIII ҚР Заңымен 9-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
9-тарау. ЦИФРЛЫҚ ОБЪЕКТІЛЕРДІ ҚОРҒАУ
2026.09.01. № 256-VIII ҚР Заңымен 53-бап жаңа редакцияда (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
53-бап. Цифрлық объектілерді қорғау мақсаттары
1. Цифрлық объектілерді сақтауға, оларға құқыққа сыйымсыз жəне (немесе) абайсызда қол жеткізуге жəне (немесе) əсер етуге жол бермеуге бағытталған құқықтық, ұйымдастырушылық жəне техникалық іс-шаралар кешенін іске асыру цифрлық объектілерді қорғау болып табылады.
2. Цифрлық объектілерді қорғау Қазақстан Республикасының заңнамасына жəне Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын стандарттарға сəйкес:
1) цифрлық ресурстардың қызметін қамтамасыз ету;
2) қолжетімділігі шектелген цифрлық ресурстардың құпиялылық режимін қамтамасыз ету;
3) киберқауіпсіздік субъектілерінің цифрлық ресурстарға қол жеткізу құқығын іске асыру;
4) цифрлық ресурстарға қатысты санкцияланбаған жəне (немесе) абайсызда қол жеткізуге, таралып кетуге жəне өзге де əрекеттерге, сондай-ақ цифрлық инфрақұрылым объектілеріне санкцияланбаған жəне (немесе) абайсызда əсер етуге жол бермеу;
5) цифрлық объектілер мен аса маңызды цифрлық объектілердің жұмыс істеуінің бұзылуына жол бермеу;
6) телекоммуникация желілерінің абоненттері туралы қызметтік ақпаратқа жəне телекоммуникация хабарларына санкцияланбаған жəне (немесе) абайсызда қол жеткізуге жол бермеу;
7) телекоммуникация желілерінің абоненттік құрылғыларының жұмысын санкцияланбаған жəне (немесе) абайсызда бұғаттауға жол бермеу мақсатында жүзеге асырылады.
3. Мыналар цифрлық объектілерге қатысты өзге де санкцияланбаған жəне (немесе) абайсызда болған əрекеттер болып табылады:
1) цифрлық ресурстар мен цифрлық инфрақұрылым объектілеріне қол жеткізуді шектеуге немесе жабуға алып келетін əрекеттер түрінде жасалған цифрлық ресурстар мен цифрлық инфрақұрылым объектілерін бұғаттау;
2) цифрлық объектілерді санкцияланбаған жəне (немесе) абайсызда модификациялау;
3) цифрлық ресурстарды санкцияланбаған жəне (немесе) абайсызда көшіру;
4) цифрлық ресурстарды санкцияланбаған жəне (немесе) абайсызда жою, жоғалту;
5) цифрлық объектілердің жұмысын бұзу;
6) зиянды бағдарламаларды пайдалану.
4. Цифрлық объектілерді қорғау сыныптауышқа сəйкес берілген сыныпқа сай жүзеге асырылады.
2026.09.01. № 256-VIII ҚР Заңымен 54-бап жаңа редакцияда (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
54-бап. Цифрлық объектілерді қорғауды ұйымдастыру
1. Цифрлық объектілерді қорғауды:
1) цифрлық ресурстарға қатысты - олардың меншік иелері, иегерлері жəне пайдаланушылары;
2) цифрлық инфрақұрылым объектілеріне жəне аса маңызды цифрлық объектілерге қатысты - олардың меншік иелері немесе иегерлері жүзеге асырады.
2. «Цифрлық үкіметтің» цифрлық инфрақұрылым объектілерінің жəне аса маңызды цифрлық объектілердің меншік иелері немесе иегерлері мыналарды:
1) санкцияланбаған қол жеткізуге жол бермеуді;
2) егер санкцияланбаған қол жеткізудің алдын алу мүмкін болмаса, мұндай санкцияланбаған қол жеткізу фактілерін уақтылы анықтауды;
3) қол жеткізу тəртібін бұзудың қолайсыз салдарын барынша азайтуды;
4) цифрлық ресурстарды өңдеу жəне беру құралдарына санкцияланбаған əсер етуге жол бермеуді;
5) киберқауіпсіздіктің оқыс оқиғаларын, осалдықты жоюды;
6) санкцияланбаған қол жеткізу салдарынан модификацияланған не жойылған цифрлық ресурстарды жедел қалпына келтіруді;
7) мемлекеттік құпияларды құрайтын мəліметтерді қамтитын цифрлық ресурстардың меншік иелерін жəне (немесе) иегерлерін қоспағанда, цифрлық деректерді кейіннен жібере отырып, орын алған киберқауіпсіздіктің оқыс оқиғасы туралы, киберқауіпсіздіктің оқыс оқиғасын жою жөнінде қабылданған шаралар туралы Киберқауіпсіздіктің ұлттық үйлестіру орталығын дереу хабардар етуді;
8) «цифрлық үкіметтің» цифрлық объектілерінің киберқауіпсіздігін қамтамасыз ету мониторингі мəселелері бойынша Киберқауіпсіздіктің ұлттық үйлестіру орталығымен ақпараттық өзара іс-қимыл жасауды;
9) Киберқауіпсіздікті ұлттық үйлестіру орталығына «цифрлық үкіметтің» цифрлық объектілеріне жəне киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету орталықтарына «цифрлық үкіметтің» цифрлық объектілерінің жəне аса маңызды цифрлық объектілердің киберқауіпсіздігін қамтамасыз ету мониторингін жүргізу қағидаларына сəйкес киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету мониторингін іске асыруға бағытталған ұйымдастырушылық-техникалық іс-шараларды жүргізу үшін аса маңызды цифрлық объектілерге қол жеткізуді беруді қамтамасыз ететін шараларды қабылдауға міндетті.
3. Мемлекеттік органдардың цифрлық объектілерінің меншік иелері немесе иегерлері мыналарды:
1) Интернетке қолжетімділігі бар цифрлық объектілердің «цифрлық үкіметтің» цифрлық объектілері үшін киберқауіпсіздікті зерттеушілермен өзара іс-қимыл жасау бағдарламасына қатысуын;
2) «цифрлық үкіметтің» цифрлық объектілері үшін киберқауіпсіздікті зерттеушілермен өзара іс-қимыл жасау бағдарламасы шеңберінде анықталған осалдықты жоюды;
3) осы Заңға жəне Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сəйкес өзге де міндеттерді орындауды қамтамасыз ететін шараларды қабылдауға міндетті.
4. Мемлекеттік органдардың қызметін цифрландыруға арналған мемлекеттік емес цифрлық объектілердің меншік иелері немесе иегерлері мемлекеттік органдардың цифрлық объектілерімен интеграцияланғанға дейін:
1) цифрландыру жəне киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету салаларындағы бірыңғай талаптарға сəйкестікті қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдайды;
2026.24.06. № 326-VIII ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) киберқауіпсіздікті қамтамасыз етудің меншікті орталығын құрады жəне оның жұмыс істеуін қамтамасыз етеді немесе киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету орталығы көрсететін қызметтерді Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сəйкес үшінші тұлғалардан киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету орталығының көрсетілетін қызметтерінің сатып алуға міндетті көлемдерінің (жиынтықтарының) және олардың сипаттамаларының тізбесінде белгіленген көлемде (жиынтықта) сатып алады.
5. Мемлекеттік органдарды, жергілікті өзін-өзі басқару органдарын, мемлекеттік заңды тұлғаларды, квазимемлекеттік сектор субъектілерін қоспағанда, аса маңызды цифрлық объектілердің меншік иелері немесе иегерлері аса маңызды цифрлық объектілер тізбесіне енгізілген күннен бастап алты ай ішінде:
1) киберқауіпсіздік саласына жататын, цифрландыру жəне киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету салаларындағы бірыңғай талаптарға сəйкестік жөнінде шаралар қабылдайды;
2026.24.06. № 326-VIII ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) киберқауіпсіздікті қамтамасыз етудің меншікті орталығын құрады жəне оның жұмыс істеуін қамтамасыз етеді немесе киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету орталығы көрсететін қызметтерді Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сəйкес үшінші тұлғалардан киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету орталығының көрсетілетін қызметтерінің сатып алуға міндетті көлемдерінің (жиынтықтарының) және олардың сипаттамаларының тізбесінде белгіленген көлемде (жиынтықта) сатып алады;
3) киберқауіпсіздік талаптарына сəйкестікке сынақтар рəсімінен өтеді;
4) жүргізілген киберқауіпсіздік аудиті жөніндегі ақпаратты киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уəкілетті органға береді.
6. Əлеуметтік, табиғи жəне техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар, төтенше жағдай немесе соғыс жағдайы енгізілген кезде интернет-ресурстар мен цифрлық инфрақұрылым объектілерін басқаруды Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес уəкілетті орган жүзеге асырады.
2026.09.01. № 256-VIII ҚР Заңымен 54-1-баппен толықтырылды (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
54-1-бап. Цифрландыру жəне киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету салаларындағы бірыңғай талаптар
1. Цифрландыру жəне киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету салаларындағы бірыңғай талаптар Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітіледі.
2. Киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету саласына жататын, цифрландыру жəне киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету салаларындағы бірыңғай талаптардың ережелері мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, мемлекеттік заңды тұлғалардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің, мемлекеттік органдардың цифрлық объектілерімен интеграцияланатын немесе мемлекеттік цифрлық ресурстарды қалыптастыруға арналған мемлекеттік емес цифрлық объектілердің меншік иелері мен иегерлерінің, сондай-ақ аса маңызды цифрлық объектілердің меншік иелері мен иегерлерінің қолдануы үшін міндетті.
3. Цифрландыру жəне киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету салаларындағы бірыңғай талаптардың ережелері мемлекеттік құпияларға жатқызылған қорғалған түрде орындалған цифрлық жүйелерге, мемлекеттік құпияларды құрайтын мəліметтерді қамтитын цифрлық объектілерге, сондай-ақ арнаулы мақсаттағы телекоммуникациялар желісіне жəне (немесе) президенттік, үкіметтік жəне қорғалған байланыс желілеріне қолданылмайды.
2026.09.01. № 256-VIII ҚР Заңымен 55-бап жаңа редакцияда (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
55-бап. Цифрлық объектілерді қорғау шаралары
1. Цифрлық объектілерді қорғаудың құқықтық шараларына мыналар жатады:
1) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптары жəне Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын цифрландыру саласындағы стандарттар;
2) Қазақстан Республикасының цифрландыру заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық;
3) цифрлық объектілердің меншiк иесi немесе иегері жасасатын, оларда осы объектілердің жұмыс істеу, оларға қол жеткiзу немесе оларды пайдалану шарттары, сондай-ақ оларды бұзғаны үшiн жауаптылық белгіленетін келісімдер.
2. Цифрлық объектілерді қорғаудың ұйымдастырушылық шараларына цифрлық объектілерге қол жеткізу жүзеге асырылуы мүмкін аумаққа (ғимараттарға, үй-жайларға) кіру режимін белгілеу жəне қамтамасыз ету, сондай-ақ оларға қол жеткізуді шектеу жатады.
3. Цифрлық объектілерді қорғаудың техникалық (бағдарламалық-техникалық) шараларына мыналар жатады:
1) ақпаратты қорғау құралдарын пайдалану, ал мемлекеттік құпияларды құрайтын мəліметтерге қатысты - Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес əзірленген, дайындалған жəне (немесе) пайдалануға қабылданып алынған, мемлекеттік құпияларды құрайтын ақпаратты қорғау құралдарын қолдана отырып қана пайдалану;
2) цифрлық объектілерге қол жеткізуді бақылау жəне қол жеткізу фактілерін тіркеу жүйесін пайдалану;
3) цифрлық объектілердің меншік иелерінің немесе иегерлерінің қорғау шараларын айқындауы үшін бекітілген қорғау бейіндерінің негізінде қауіпсіздік жөніндегі тапсырманы əзірлеу.
4. Цифрлық объектілерді қорғаудың техникалық (бағдарламалық-техникалық) шараларын пайдалану жеке тұлғалардың өміріне, денсаулығына жəне мүлкіне, сондай-ақ заңды тұлғалардың мүлкіне жəне мемлекеттік мүлікке зиян келтірмеуге немесе зиян келтіру қатерін туғызбауға тиіс.
2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.09.01. № 256-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 56-бап өзгертілді
56-бап. Дербес деректерді қамтитын цифрлық ресурстарды қорғау
Дербес деректерді қамтитын цифрлық жүйелердің меншік иелері және иеленушілері, дербес деректерді қамтитын базаның меншік иесі және (немесе) операторы, сондай-ақ үшінші тұлғалар осы Заңға, жəне Қазақстан Республикасының дербес деректер жəне оларды қорғау туралы заңнамасына сәйкес оларды қорғау бойынша шараларды қолдануға міндетті.
Бұл міндет дербес деректерді қамтитын цифрлық ресурстар алынған немесе дербес деректер жиналған кезден бастап және олар жойылғанға не иесіздендірілгенге дейін туындайды.
2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 56-1-баппен толықтырылды
56-1-бап. Интернеттің қазақстандық сегментінің кеңістігінде домендік аттарды қорғау
1. KZ және (немесе).ҚАЗ домендік аттармен тіркелген интернет-ресурс Интернеттің қазақстандық сегментінің кеңістігінде орналастырылады.
2. Интернет-ресурстармен деректерді беру кезінде Интернеттің қазақстандық сегментінің кеңістігінде. KZ және (немесе). ҚАЗ домендік аттарды пайдалану қауіпсіздік сертификаттарын қолдану арқылы жүзеге асырылады.
2026.09.01. № 256-VIII ҚР Заңымен 3-бөлімнің тақырыбы алып тасталды (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2026.09.01. № 256-VIII ҚР Заңымен 10-тараудың тақырыбы алып тасталды (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
57-бап. 2026.09.01. № 256-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
58-бап. 2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 30 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен 59-бап жаңа редакцияда (2019 ж. 30 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.09.01. № 256-VIII ҚР Заңымен 59-бап өзгертілді (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
59-бап. Цифрлық орта жəне киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету салаларындағы техникалық құжаттаманы және мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша құжаттаманы келісу
2026.09.01. № 256-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. «Цифрлық үкіметтің» цифрлық объектісін құруға жəне дамытуға арналған техникалық тапсырманы келісуді киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уəкілетті орган цифрландыру саласындағы уəкілетті орган бекіткен «цифрлық үкіметтің» цифрлық объектілерін құруға жəне дамытуға арналған техникалық тапсырмаларды жасау жəне қарау қағидаларында айқындалған тəртіппен жəне мерзімдерде жүзеге асырады.
2. 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 қаңтардан қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2026.09.01. № 256-VIII ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Қазақстан Республикасының мемлекеттік-жекешелік əріптестік саласындағы заңнамасына сəйкес цифрландыру саласындағы мемлекеттік-жекешелік əріптестіктің республикалық жəне жергілікті жобалары шеңберінде «цифрлық үкіметтің» цифрлық объектілерін құру жəне дамыту кезінде киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уəкілетті орган жекеше əріптесті айқындау жөніндегі тікелей келіссөздер кезінде мемлекеттік-жекешелік əріптестік жобасының конкурстық құжаттамасын, мемлекеттік-жекешелік əріптестік жобасына бизнес-жоспарды келіседі.
60-бап. 2026.09.01. № 256-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2026.09.01. № 256-VIII ҚР Заңымен 10-1-тараумен толықтырылды (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
10-1-тарау. ЦИФРЛАНДЫРУ САЛАСЫНДАҒЫ, СОНДАЙ-АҚ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҚҰЖАТ ПЕН ЭЛЕКТРОНДЫҚ ЦИФРЛЫҚ ҚОЛТАҢБАҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАРДЫҢ САҚТАЛУЫН МЕМЛЕКЕТТІК БАҚЫЛАУ
60-1-бап. Цифрландыру саласындағы мемлекеттік бақылау
1. Цифрландыру саласындағы мемлекеттік бақылау тексерулер, бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жəне бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.
2. Тексеру жəне бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау Қазақстан Республикасының Кəсіпкерлік кодексіне сəйкес жүзеге асырылады.
3. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау осы Заңға жəне Қазақстан Республикасының Кəсіпкерлік кодексіне сəйкес жүзеге асырылады.
4. Мемлекеттік органдарға қатысты цифрландыру саласындағы мемлекеттік бақылау осы Заңның 60-3-бабына сəйкес жүзеге асырылады.
5. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, осы баптың талаптары Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне жəне оның құрылымына кіретін ұйымдарға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарына қолданылмайды.
60-2-бап. Цифрландыру саласында бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау жүргізу тəртібі
2026.24.06. № 326-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылауды уəкілетті орган және Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік органдары бақылау субъектілеріне (объектілеріне) бармай, цифрлық жүйелерді, ашық дереккөздерді, бұқаралық ақпарат құралдарын талдаудың жəне олардың деректерінің, сондай-ақ бақылау субъектісінің (объектісінің) қызметі туралы басқа да мəліметтердің негізінде жүзеге асырады.
2. Бұзушылықтардың уақтылы жолын кесу жəне оларға жол бермеу, бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылаудың нəтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды дербес жою құқығын бақылау субъектісіне беру жəне бақылау субъектісіне əкімшілік жүктемені азайту бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылаудың мақсаттары болып табылады.
3. Бақылау субъектілеріне бұзушылықтарды дербес жою құқығын беру үшін бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес салдарын жоюға болатын бұзушылықтар бойынша ғана жүргізіледі.
4. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау қорытындысы бойынша бақылау субъектісіне анықталған бұзушылықтарды жою тəртібі міндетті түрде түсіндіріле отырып, əкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалмай, оларды жою туралы ұсыным жасалады.
5. Анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсыным бақылау субъектісіне жеке қолын қойғызып немесе жөнелту жəне алу фактісін растайтын өзге тəсілмен табыс етілуге тиіс.
6. Төменде санамаланған тəсілдердің бірімен жіберілген, анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсыным мынадай жағдайларда:
1) қолма-қол - ұсынымда алғаны туралы белгі жасалған күннен бастап;
2) поштамен - хабарламасы бар тапсырысты хатпен;
2026.24.06. № 326-VIII ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) электрондық тəсілмен - уəкілетті органның және Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының сұрау салуы кезінде бақылау субъектісінің хатта көрсетілген электрондық мекенжайына уəкілетті орган жөнелткен күннен бастап табыс етілді деп есептеледі.
7. Анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсыным табыс етілген күнінен кейінгі күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде орындалуға тиіс.
2026.24.06. № 326-VIII ҚР Заңымен 8-тармақ өзгертілді (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8. Бақылау субъектісі анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынымда көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынымды жіберген уəкілетті органға, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарына ұсыным табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қарсылық жіберуге құқылы.