9. Анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынымды белгіленген мерзімде орындамау бақылау субъектісін (объектісін) бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылаудың жартыжылдық тізіміне енгізуге алып келеді.
10. Бақылау субъектісіне ( объектісіне) бармай профилактикалық бақылау тоқсанына бір реттен жиілетпей жүргізіледі.
60-3-бап. Мемлекеттік органдарға қатысты цифрландыру саласында мемлекеттік бақылау жүргізу тəртібі
2026.24.06. № 326-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Мемлекеттік органдарға (бұдан əрі - тексерілетін мемлекеттік органдар) қатысты цифрландыру саласында мемлекеттік бақылауды уəкілетті орган және Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары тексерулер нысанында жүргізеді.
Тексерулер мерзімдік жəне жоспардан тыс болып бөлінеді.
Тексерілетін мемлекеттік органдарға қатысты мерзімдік тексерулер мынадай ақпарат көздеріне:
1) алдыңғы тексерулердің нəтижелеріне;
2) есептілік пен мəліметтер мониторингінің нəтижелеріне;
3) мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарын талдау нəтижелеріне;
4) мемлекеттік техникалық қызмет мəліметтеріне сəйкес жүзеге асырылады.
2026.24.06. № 326-VIII ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Мерзімдік тексерулер Қазақстан Республикасының киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органы мен ұлттық қауіпсіздік органдарының бірінші басшылары бекіткен мерзімдік тексерулер жүргізу жоспарларына сəйкес жылына бір реттен жиі болмайтын кезеңділікпен жүргізіледі.
Уəкілетті орган және Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары мерзімдік тексерулер жүргізу жоспарын тексерулер жүргізу жылының алдындағы жылдың 1 желтоқсанынан кешіктірмей бекітеді.
Мерзімдік тексерулер жүргізу жоспары уəкілетті органның және Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарының интернет-ресурсында тексерулер жүргізу жылының алдындағы жылдың 20 желтоқсанынан кешіктірілмей орналастырылады.
Мерзімдік тексерулер жүргізу жоспарында мыналар қамтылады:
1) жоспардың бекітілген күні мен нөмірі;
2) мемлекеттік органның атауы;
3) тексерілетін мемлекеттік органның атауы;
4) тексерілетін мемлекеттік органның тұрған жері;
5) тексеру жүргізу мерзімдері;
7) жоспарға қол қоюға уəкілеттік берілген адамның қолтаңбасы.
Мерзімдік тексерулер жүргізу жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу тексерілетін мемлекеттік орган таратылған, қайта ұйымдастырылған, оның атауы өзгерген немесе өкілеттіктері тексерілетін мемлекеттік органдар арасында қайта бөлінген жағдайларда жүзеге асырылады.
2026.24.06. № 326-VIII ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Уəкілетті орган, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары мынадай:
1) тексерілетін мемлекеттік органға қатысты жеке жəне заңды тұлғалардан келіп түскен, Қазақстан Республикасының киберқауіпсіздік туралы заңнамасы талаптарының бұзылуы туралы расталған жолданымдар болған;
2) құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған жеке жəне заңды тұлғалар жүгінген;
3) жеке жəне заңды тұлғалардың, мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделеріне зиян келтірудің нақты фактілері бойынша не зиян келтіру қатері туралы прокурор талап еткен;
4) жеке жəне заңды тұлғалардың, мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделеріне зиян келтірудің нақты фактілері бойынша, сондай-ақ жойылмауы жеке жəне заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделеріне зиян келтіруге алып келетін Қазақстан Республикасы заңнамасы талаптарының бұзылуының нақты фактілері бойынша мемлекеттік органдар жүгінген;
2026.24.06. № 326-VIII ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)
4-1) аса маңызды цифрлық объектілер меншік иелерінің, иеленушілерінің Қазақстан Республикасының киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы заңнамасының талаптарын бұзушылықтары анықталғаны туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік органдары лауазымды адамының баянаты болған;
5) қылмыстық қудалау органының Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінде көзделген негіздер бойынша тапсырмасы болған;
6) тексеру нəтижелері туралы актінің орындалуына бақылау жүргізу қажет болған жағдайларда тағайындайтын тексеру жоспардан тыс тексеру болып табылады.
4. Уəкілетті органның лауазымды адамдарының тексеру жүргізу кезінде:
1) осы баптың 8-тармағында көрсетілген құжаттарды көрсеткен кезде тексерудің нысанасына сəйкес тексерілетін мемлекеттік органның аумағына жəне үй-жайларына кедергісіз кіруге;
2) тексеру нəтижелері туралы актіге қоса тіркеу үшін тексерудің нысанасына сəйкес қағаз жəне цифрлық жеткізгіштердегі құжаттарды (мəліметтерді) не олардың көшірмелерін, сондай-ақ автоматтандырылған дерекқорларға (цифрлық жүйелерге) рұқсат алуға;
3) аудио-, фото- жəне бейнетүсірілімді жүзеге асыруға;
4) мемлекеттік органдардың, ведомстволық бағынысты жəне өзге де ұйымдардың мамандарын, консультанттары мен сарапшыларын тартуға құқығы бар.
5. Тексерілетін мемлекеттік орган не оның уəкілетті өкілі тексеру жүргізілген кезде:
2026.24.06. № 326-VIII ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) уəкілетті органның және Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының тексеру жүргізуге келген лауазымды адамдарын:
осы бапта белгіленген мерзімдерге сəйкес келмейтін, тексеруді тағайындау туралы актіде (ұзарту туралы қосымша акт болған кезде онда) көрсетілген мерзімдер асып кеткен не өтіп кеткен;
осы баптың 8-тармағында көзделген құжаттар болмаған жағдайларда тексеруге жібермеуге;
2) тексеру нəтижелері туралы актіге Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен шағым жасауға құқылы.
6. Тексерілетін мемлекеттік орган не оның уəкілетті өкілі тексеру жүргізілген кезде:
2026.24.06. № 326-VIII ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) уəкілетті органның және Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының лауазымды адамдарының аумаққа жəне үй-жайларға кедергісіз кіруін қамтамасыз етуге;
2026.24.06. № 326-VIII ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) уəкілетті органның және Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының лауазымды адамдарына тексеру нəтижелері туралы актіге қоса тіркеу үшін тексерудің нысанасына сəйкес қағаз жəне цифрлық жеткізгіштердегі құжаттарды (мəліметтерді) не олардың көшірмелерін ұсынуға, сондай-ақ автоматтандырылған дерекқорларға (цифрлық жүйелерге) рұқсат беруге;
3) тексеруді тағайындау туралы актінің жəне тексеру нəтижелері туралы актінің екінші данасына тексеру аяқталған күні белгі жасауға міндетті.
2026.24.06. № 326-VIII ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7. Тексеру тексеруді тағайындау туралы акт негізінде жүргізіледі.
Тексеруді тағайындау туралы актіде мыналар көрсетіледі:
2) мемлекеттік органның атауы;
3) тексеру жүргізуге уəкілеттік берілген адамның (адамдардың) тегі, аты, əкесінің аты (егер ол жеке басты куəландыратын құжатта көрсетілсе) жəне лауазымы;
4) мемлекеттік органдардың, ведомстволық бағынысты жəне өзге де ұйымдардың тексеру жүргізуге тартылатын мамандары, консультанттары мен сарапшылары туралы мəліметтер;
5) тексерілетін мемлекеттік органның атауы, оның тұрған жері.
Мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесі тексерілген жағдайда тексеруді тағайындау туралы актіде оның атауы мен тұрған жері көрсетіледі;
11) тексерілетін мемлекеттік органның құқықтары мен міндеттері;
12) тексерілетін мемлекеттік орган басшысының не оның уəкілетті адамының актіні алғаны немесе алудан бас тартқаны туралы қолтаңбасы;
13) актіге қол қоюға уəкілеттік берілген адамның қолтаңбасы.
Тексеру жүргізу кезінде уəкілетті орган және Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары тексеру жүргізу нысанасын көрсете отырып, ол басталғанға дейін кемінде бір тəулік бұрын тексерілетін мемлекеттік органды тексеру жүргізудің басталатыны туралы хабардар етуге міндетті.
Тексерілетін мемлекеттік органға тексеруді тағайындау туралы акт табыс етілген күн тексеру жүргізудің басталуы деп есептеледі.
2026.24.06. № 326-VIII ҚР Заңымен 8-тармақ өзгертілді (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8. Уəкілетті органның және Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының объектіге тексеруге келген лауазымды адамдары тексерілетін мемлекеттік органға:
1) тексеруді тағайындау туралы актіні;
2) қызметтік куəлігін не сəйкестендіру картасын;
3) қажет болған кезде құзыретті органның режимдік объектілерге баруға рұқсатын көрсетуге міндетті.
2026.24.06. № 326-VIII ҚР Заңымен 9-тармақ өзгертілді (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
9. Тексеру жүргізу мерзімі тексерудің нысанасы, сондай-ақ алдағы жұмыстардың көлемі ескеріле отырып белгіленеді жəне он жұмыс күнінен аспауға тиіс.
Тексеру жүргізу мерзімі он бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімге бір рет қана ұзартылуы мүмкін. Ұзарту уəкілетті орган мен Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдары басшыларының шешімімен жүзеге асырылады.
Тексеру жүргізу мерзімдерін ұзарту тексерілетін мемлекеттік орган хабардар етіле отырып, тексеру мерзімдерін ұзарту туралы қосымша актімен ресімделеді, онда тексеруді тағайындау туралы алдыңғы акт бұйрығының күні мен нөмірі жəне ұзарту себептері көрсетіледі.
Тексеру мерзімдерін ұзарту туралы хабарламаны уəкілетті орган мен Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары табыс етілгені туралы хабарламамен тексерілетін мемлекеттік органға ұзартылғанға дейін бір жұмыс күні бұрын табыс етеді.
2026.24.06. № 326-VIII ҚР Заңымен 10-тармақ өзгертілді (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
10. Тексеру нəтижелері бойынша уəкілетті органның, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарының тексеруді жүзеге асыратын лауазымды адамдары тексеру нəтижелері туралы акт жасайды.
Тексеру нəтижелері туралы актінің бірінші данасы электрондық нысанда өз құзыретi шегiнде мемлекеттік құқықтық статистика жəне арнайы есепке алу саласында қызметті жүзеге асыратын мемлекеттiк органға, екінші данасы тексерілетін мемлекеттік органда түпнұсқасы бар құжаттардың көшірмелерін қоспағанда, қосымшалардың көшірмелерімен бірге танысу жəне анықталған бұзушылықтарды жою бойынша шаралар мен басқа да əрекеттер қабылдау үшін қағаз жеткізгіште қол қойғызып немесе электрондық нысанда тексерілетін мемлекеттік органға (басшысына не оның уəкілетті адамына) табыс етіледі, үшінші данасы уəкілетті органда қалады.
11. Тексеру нəтижелері туралы актіде мыналар көрсетіледі:
1) актінің жасалған күні, уақыты жəне орны;
2) мемлекеттік органның атауы;
3) тексеруді тағайындау туралы актінің (мерзімді ұзарту туралы қосымша акт болған кезде оның) күні мен нөмірі;
4) тексеру жүргізген адамның (адамдардың) тегі, аты, əкесінің аты (егер ол жеке басты куəландыратын құжатта көрсетілсе) жəне лауазымы;
5) мемлекеттік органдардың, ведомстволық бағынысты жəне өзге де ұйымдардың тексеру жүргізуге тартылатын мамандары, консультанттары мен сарапшылары туралы мəліметтер;
6) тексерілетін мемлекеттік органның атауы, оның тұрған жері;
9) тексеру жүргізу мерзімі мен кезеңі;
10) тексеру нəтижелері туралы, оның ішінде анықталған бұзушылықтар жəне олардың сипаты туралы мəліметтер;
11) орындалу мерзімі көрсетілген, Қазақстан Республикасының киберқауіпсіздік туралы заңнамасы талаптарының анықталған бұзушылықтарын жою туралы талаптар;
12) тексерілетін мемлекеттік орган басшысының не оның уəкілетті адамының, сондай-ақ тексеру жүргізу кезінде қатысқан адамдардың актімен танысқаны немесе танысудан бас тартқаны туралы мəліметтер, олардың қолтаңбалары немесе қол қоюдан бас тарту туралы жазба;
13) тексеру жүргізген лауазымды адамдардың қолтаңбасы.
Тексеру нəтижелері туралы актіге тексеру нəтижелеріне байланысты құжаттар (олар болған кезде) жəне олардың көшірмелері қоса беріледі.
2026.24.06. № 326-VIII ҚР Заңымен 12-тармақ өзгертілді (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
12. Тексеру нəтижелері бойынша ескертулер жəне (немесе) қарсылықтар болған жағдайда тексерілетін мемлекеттік орган оларды жазбаша түрде жазады. Ескертулер жəне (немесе) қарсылықтар тексеру нəтижелері туралы актіге қоса беріледі, бұл туралы тиісті белгі жасалады.
Уəкілетті орган, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары тексерілетін мемлекеттік органның тексеру нəтижелері туралы актіге ескертулерін жəне (немесе) қарсылықтарын қарауға жəне он бес жұмыс күні ішінде уəжді жауап беруге тиіс.
Тексеру нəтижелері туралы актіні қабылдаудан бас тартылған жағдайда акт жасалады, оған тексеруді жүзеге асыратын лауазымды адамдар жəне тексерілетін мемлекеттік органның басшысы не оның уəкілетті өкілі қол қояды.
Тексерілетін мемлекеттік орган бас тарту себебі туралы жазбаша түсіндірме бере отырып, актіге қол қоюдан бас тартуға құқылы.
13. Тексеру нəтижелері туралы акт тексерілетін мемлекеттік органға тексеруді тағайындау туралы актіде немесе тексеру мерзімдерін ұзарту туралы қосымша актіде көрсетілген тексерудің аяқталу мерзімінен кешіктірілмей табыс етілген күн тексеру мерзімінің аяқталуы деп есептеледі.
14. Тексеру нəтижелері туралы актінің орындалу мерзімдері оны орындаудың нақты мүмкіндігіне əсер ететін мəн-жайлар ескеріле отырып, бірақ тексеру нəтижелері туралы акт табыс етілген күннен бастап кемінде күнтізбелік он күн болып айқындалады.
15. Тексеру нəтижелері туралы актінің орындалу мерзімдерін айқындау кезінде:
1) тексерілетін мемлекеттік органда бұзушылықтарды жою бойынша ұйымдастырушылық, техникалық мүмкіндіктердің болуы;
2) мемлекеттік органдарда Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген міндетті қорытындыларды, келісулерді жəне басқа да құжаттарды алу мерзімдері ескеріледі.
2026.24.06. № 326-VIII ҚР Заңымен 16-тармақ өзгертілді (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
16. Тексеру нəтижелері туралы актіде белгіленген анықталған бұзушылықтарды жою мерзімі өткеннен кейін тексерілетін мемлекеттік орган тексеру нəтижелері туралы актіде белгіленген мерзім ішінде уəкілетті органға, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарына растайтын құжаттармен бірге анықталған бұзушылықтардың жойылғаны туралы ақпарат беруге міндетті.
Анықталған бұзушылықтардың жойылғаны туралы ақпарат берілмеген жағдайда уəкілетті орган, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары осы баптың 3-тармағының 6) тармақшасына сəйкес жоспардан тыс тексеру тағайындауға құқылы.
2026.24.06. № 326-VIII ҚР Заңымен 17-тармақ өзгертілді (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
17. Тексеруді жүзеге асыру кезінде тексерілетін мемлекеттік органның құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған жағдайда тексерілетін мемлекеттік орган уəкілетті органның және Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының лауазымды адамдарының шешімдеріне, əрекеттеріне (əрекетсіздігіне) жоғары тұрған лауазымды адамға не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен сотқа шағым жасауға құқылы.
60-4-бап. Электрондық құжат пен электрондық цифрлық қолтаңбаға қойылатын талаптардың сақталуын мемлекеттік бақылау
1. Электрондық құжат пен электрондық цифрлық қолтаңбаға қойылатын талаптардың сақталуын мемлекеттік бақылау, егер осы тармақтың екінші бөлігінде өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының Кəсіпкерлік кодексіне сəйкес жоспардан тыс тексеру жəне бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.
Мемлекеттік органдарға қатысты электрондық құжат пен электрондық цифрлық қолтаңбаға қойылатын талаптардың сақталуын мемлекеттік бақылау осы Заңға сəйкес жүзеге асырылады.
Осы тармақтың талабы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне жəне оның құрылымына кіретін ұйымдарға жəне дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу жəне одан да көп пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі немесе оның сенімгерлік басқаруындағы заңды тұлғаларға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарына қолданылмайды.
60-5-бап. Мемлекеттік органдарға қатысты электрондық құжат пен электрондық цифрлық қолтаңбаға қойылатын талаптардың сақталуына мемлекеттік бақылау жүргізу тəртібі
1. Мемлекеттік органдарға (бұдан əрі - бақылау субъектілері) қатысты электрондық құжат пен электрондық цифрлық қолтаңбаға қойылатын талаптардың сақталуына мемлекеттік бақылауды уəкілетті орган тексерулер нысанында жүргізеді.
Тексерулер мерзімдік жəне жоспардан тыс болып бөлінеді.
Бақылау субъектілеріне қатысты мерзімдік тексерулер мынадай ақпарат көздеріне:
1) алдыңғы тексерулердің нəтижелеріне;
2) есептілік пен мəліметтер мониторингінің нəтижелеріне;
3) мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарын талдау нəтижелеріне;
4) «цифрлық үкімет» операторының мəліметтеріне сəйкес жүзеге асырылады.
2. Мерзімдік тексерулер уəкілетті органның бірінші басшысы бекіткен мерзімдік тексерулер жүргізу жоспарына сəйкес жылына бір реттен жиі болмайтын кезеңділікпен жүргізіледі.
Уəкілетті орган мерзімдік тексерулер жүргізу жоспарын тексерулер жылының алдындағы жылдың 1 желтоқсанынан кешіктірмей бекітеді.
Мерзімдік тексерулер жүргізу жоспары уəкілетті органның интернет-ресурсында тексерулер жылының алдындағы жылдың 20 желтоқсанынан кешіктірілмей орналастырылады.
Мерзімдік тексерулер жүргізу жоспарында мыналар қамтылады:
1) жоспардың бекітілген күні мен нөмірі;
2) мемлекеттік органның атауы;
3) бақылау субъектісінің атауы;
4) бақылау субъектісінің (объектісінің) тұрған жері;
5) тексеру жүргізу мерзімдері;
7) жоспарға қол қоюға уəкілеттік берілген адамның қолтаңбасы.
Мерзімдік тексерулер жүргізу жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бақылау субъектісі таратылған, қайта ұйымдастырылған, оның атауы өзгерген немесе өкілеттіктері бақылау субъектілері арасында қайта бөлінген жағдайларда жүзеге асырылады.
1) бақылау субъектісіне қатысты жеке жəне заңды тұлғалардан келіп түскен, Қазақстан Республикасының цифрлық заңнамасы талаптарының бұзылуы туралы расталған жолданымдар болған;
2) құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған жеке жəне заңды тұлғалар жүгінген;
3) жеке жəне заңды тұлғалардың, мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделеріне зиян келтірудің нақты фактілері бойынша не зиян келтіру қатері туралы прокурор талап еткен;
4) жеке жəне заңды тұлғалардың, мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделеріне зиян келтірудің нақты фактілері бойынша, сондай-ақ жойылмауы жеке жəне заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделеріне зиян келтіруге алып келетін Қазақстан Республикасы заңнамасы талаптарының бұзылуының нақты фактілері бойынша мемлекеттік органдар жүгінген;
5) қылмыстық қудалау органының Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінде көзделген негіздер бойынша тапсырмасы болған;
6) тексеру нəтижелері туралы актінің орындалуына бақылау жүргізу қажет болған жағдайларда тағайындайтын тексеру жоспардан тыс тексеру болып табылады.
4. Уəкілетті органның лауазымды адамдарының тексеру жүргізу кезінде:
1) осы баптың 8-тармағында көрсетілген құжаттарды көрсеткен кезде тексерудің нысанасына сəйкес бақылау субъектісінің (объектісінің) аумағына жəне үй-жайларына кедергісіз кіруге;
2) тексеру нəтижелері туралы актіге қоса тіркеу үшін тексерудің нысанасына сəйкес қағаз жəне электрондық жеткізгіштердегі құжаттарды (мəліметтерді) не олардың көшірмелерін, сондай-ақ автоматтандырылған дерекқорларға (цифрлық жүйелерге) рұқсат алуға;
3) аудио-, фото- жəне бейнетүсірілімді жүзеге асыруға;
4) мемлекеттік органдардың, ведомстволық бағынысты жəне өзге де ұйымдардың мамандарын, консультанттары мен сарапшыларын тартуға құқығы бар.
5. Бақылау субъектілері не олардың уəкілетті өкілдері тексеру жүргізілген кезде:
1) уəкілетті органның тексеру жүргізуге келген лауазымды адамдарын:
осы бапта белгіленген мерзімдерге сəйкес келмейтін, тексеруді тағайындау туралы актіде (мерзімді ұзарту туралы қосымша акт болған кезде онда) көрсетілген мерзімдер асып кеткен не өтіп кеткен;
осы баптың 8-тармағында көзделген құжаттар болмаған жағдайларда тексеруге жібермеуге;
2) тексеру нəтижелері туралы актіге Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен шағым жасауға құқылы.
6. Бақылау субъектілері не олардың уəкілетті өкілдері тексеру жүргізілген кезде:
1) уəкілетті органның лауазымды адамдарының бақылау субъектісінің (объектісінің) аумағына жəне үй-жайларына кедергісіз кіруін қамтамасыз етуге;
2) уəкілетті органның лауазымды адамдарына тексеру нəтижелері туралы актіге қоса тіркеу үшін тексерудің нысанасына сəйкес қағаз жəне электрондық жеткізгіштердегі құжаттарды (мəліметтерді) не олардың көшірмелерін ұсынуға, сондай-ақ автоматтандырылған дерекқорларға (цифрлық жүйелерге) рұқсат беруге;
3) тексеруді тағайындау туралы актінің жəне тексеру нəтижелері туралы актінің екінші данасына тексеру аяқталған күні белгі жасауға міндетті.
7. Тексеру тексеруді тағайындау туралы акт негізінде жүргізіледі.
Тексеруді тағайындау туралы актіде мыналар көрсетіледі:
2) мемлекеттік органның атауы;
3) тексеру жүргізуге уəкілеттік берілген адамның (адамдардың) тегі, аты, əкесінің аты (егер ол жеке басты куəландыратын құжатта көрсетілсе) жəне лауазымы;
4) мемлекеттік органдардың, ведомстволық бағынысты жəне өзге де ұйымдардың тексеру жүргізуге тартылатын мамандары, консультанттары мен сарапшылары туралы мəліметтер;
5) бақылау субъектісінің атауы, оның тұрған жері.
Мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесі тексерілген жағдайда тексеруді тағайындау туралы актіде оның атауы мен тұрған жері көрсетіледі;
11) бақылау субъектісінің құқықтары мен міндеттері;
12) бақылау субъектісі басшысының не оның уəкілетті адамының актіні алғаны немесе алудан бас тартқаны туралы қолтаңбасы;
13) актіге қол қоюға уəкілеттік берілген адамның қолтаңбасы.
Тексеру жүргізу кезінде уəкілетті орган тексеру жүргізу нысанасын көрсете отырып, ол басталғанға дейін кемінде бір тəулік бұрын бақылау субъектісін тексеру жүргізудің басталатыны туралы хабардар етуге міндетті.
Бақылау субъектісіне тексеруді тағайындау туралы акт табыс етілген күн тексеру жүргізудің басталуы деп есептеледі.
8. Уəкілетті органның объектіге тексеруге келген лауазымды адамдары бақылау субъектісіне:
1) тексеруді тағайындау туралы актіні;
2) қызметтік куəлігін не сəйкестендіру картасын;
3) қажет болған кезде құзыретті органның режимдік объектілерге баруға рұқсатын көрсетуге міндетті.
9. Тексеру жүргізу мерзімі тексерудің нысанасы, сондай-ақ алдағы жұмыстардың көлемі ескеріле отырып белгіленеді жəне он жұмыс күнінен аспауға тиіс.
Тексеру жүргізу мерзімі он бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімге бір рет қана ұзартылуы мүмкін. Ұзарту уəкілетті орган басшысының шешімімен жүзеге асырылады.
Тексеру жүргізу мерзімдерін ұзарту бақылау субъектісі хабардар етіле отырып, тексеру мерзімдерін ұзарту туралы қосымша актімен ресімделеді, онда тексеруді тағайындау туралы алдыңғы акт бұйрығының күні мен нөмірі жəне ұзарту себептері көрсетіледі.
Тексеру мерзімдерін ұзарту туралы хабарламаны уəкілетті орган табыс етілгені туралы хабарламамен бақылау субъектісіне ұзартылғанға дейін бір жұмыс күні бұрын табыс етеді.
10. Тексеру нəтижелері бойынша уəкілетті органның тексеруді жүзеге асыратын лауазымды адамдары тексеру нəтижелері туралы акт жасайды.
Тексеру нəтижелері туралы актінің бірінші данасы цифрлық нысанда өз құзыретi шегiнде мемлекеттік құқықтық статистика жəне арнайы есепке алу саласында қызметті жүзеге асыратын мемлекеттiк органға, екінші данасы бақылау субъектісінде түпнұсқасы бар құжаттардың көшірмелерін қоспағанда, қосымшалардың көшірмелерімен бірге танысу жəне анықталған бұзушылықтарды жою бойынша шаралар мен басқа да əрекеттер қабылдау үшін қағаз жеткізгіште қол қойғызып немесе цифрлық нысанда бақылау субъектісіне (басшысына не оның уəкілетті адамына) табыс етіледі, үшінші данасы уəкілетті органда қалады.
11. Тексеру нəтижелері туралы актіде мыналар көрсетіледі:
1) актінің жасалған күні, уақыты жəне орны;
2) мемлекеттік органның атауы;
3) тексеруді тағайындау туралы актінің (мерзімді ұзарту туралы қосымша акт болған кезде оның) күні мен нөмірі;
4) тексеру жүргізген адамның (адамдардың) тегі, аты, əкесінің аты (егер ол жеке басты куəландыратын құжатта көрсетілсе) жəне лауазымы;
5) мемлекеттік органдардың, ведомстволық бағынысты жəне өзге де ұйымдардың тексеру жүргізуге тартылатын мамандары, консультанттары мен сарапшылары туралы мəліметтер;
6) бақылау субъектісінің атауы, оның тұрған жері;
9) тексеру жүргізу мерзімі мен кезеңі;
10) тексеру нəтижелері туралы, оның ішінде анықталған бұзушылықтар жəне олардың сипаты туралы мəліметтер;
11) орындалу мерзімі көрсетілген, Қазақстан Республикасының цифрлық заңнамасы талаптарының анықталған бұзушылықтарын жою туралы талаптар;