«Киберқауіпсіздік туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 24 қарашадағы № 418-V Заңы (2026.25.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

Предыдущая страница

12) бақылау субъектісі басшысының не оның уəкілетті адамының, сондай-ақ тексеру жүргізу кезінде қатысқан адамдардың актімен танысқаны немесе танысудан бас тартқаны туралы мəліметтер, олардың қолтаңбалары немесе қол қоюдан бас тарту туралы жазба;

13) тексеру жүргізген лауазымды адамдардың қолтаңбасы.

Тексеру нəтижелері туралы актіге тексеру нəтижелеріне байланысты құжаттар (олар болған кезде) жəне олардың көшірмелері қоса беріледі.

12. Тексеру нəтижелері бойынша ескертулер жəне (немесе) қарсылықтар болған жағдайда бақылау субъектісі оларды жазбаша түрде жазады. Ескертулер жəне (немесе) қарсылықтар тексеру нəтижелері туралы актіге қоса беріледі, бұл туралы тиісті белгі жасалады.

Уəкілетті орган бақылау субъектісінің тексеру нəтижелері туралы актіге ескертулерін жəне (немесе) қарсылықтарын қарауға жəне он бес жұмыс күні ішінде уəжді жауап беруге тиіс.

Тексеру нəтижелері туралы актіні қабылдаудан бас тартылған жағдайда акт жасалады, оған тексеруді жүзеге асыратын лауазымды адамдар жəне бақылау субъектісінің басшысы не оның уəкілетті өкілі қол қояды.

Бақылау субъектісі бас тарту себебі туралы жазбаша түсіндірме бере отырып, актіге қол қоюдан бас тартуға құқылы.

13. Тексеру нəтижелері туралы акт бақылау субъектісіне тексеруді тағайындау туралы актіде немесе тексеру мерзімдерін ұзарту туралы қосымша актіде көрсетілген тексерудің аяқталу мерзімінен кешіктірілмей табыс етілген күн тексеру мерзімінің аяқталуы деп есептеледі.

14.Тексеру нəтижелері туралы актінің орындалу мерзімдері оны орындаудың нақты мүмкіндігіне əсер ететін мəн-жайлар ескеріле отырып, бірақ тексеру нəтижелері туралы акт табыс етілген күннен бастап кемінде күнтізбелік он күн болып айқындалады.

15. Тексеру нəтижелері туралы актінің орындалу мерзімдерін айқындау кезінде:

1) бақылау субъектісінде бұзушылықтарды жою бойынша ұйымдастырушылық, техникалық мүмкіндіктердің болуы;

2) мемлекеттік органдарда Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген міндетті қорытындыларды, келісулерді жəне басқа да құжаттарды алу мерзімдері ескеріледі.

16. Тексеру нəтижелері туралы актіде белгіленген анықталған бұзушылықтарды жою мерзімі өткеннен кейін бақылау субъектісі тексеру нəтижелері туралы актіде белгіленген мерзім ішінде уəкілетті органға растайтын құжаттармен бірге анықталған бұзушылықтардың жойылғаны туралы ақпарат беруге міндетті.

Анықталған бұзушылықтардың жойылғаны туралы ақпарат берілмеген жағдайда уəкілетті орган осы баптың 3-тармағының 6) тармақшасына сəйкес жоспардан тыс тексеру тағайындауға құқылы.

17. Тексеруді жүзеге асыру кезінде бақылау субъектісінің құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған жағдайда бақылау субъектісі уəкілетті органның лауазымды адамдарының шешімдеріне, əрекеттеріне (əрекетсіздігіне) жоғары тұрған лауазымды адамға не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен сотқа шағым жасауға құқылы.

 

 

2026.09.01. № 256-VIII ҚР Заңымен 11-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

11-тарау. КИБЕРҚАУІПСІЗДІК САЛАСЫН ДАМЫТУ ЖƏНЕ ОСЫ САЛАДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

 

2026.09.01. № 256-VIII ҚР Заңымен 61-бап жаңа редакцияда (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

61-бап. Киберқауіпсіздік саласын дамытуды мемлекеттік қолдау

1. Киберқауіпсіздік саласын дамытуды мемлекеттік қолдауды Қазақстан Республикасында киберқауіпсіздік саласын дамытуды ынталандыру мақсатында уəкілетті мемлекеттік органдар, киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы ұлттық даму институты жəне басқа да ұлттық даму институттары жүзеге асырады.

2. Киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы ұлттық даму институты өз қызметін осы Заңға сəйкес жүзеге асырады.

3. Киберқауіпсіздік саласын дамытуды мемлекеттік қолдаудың негізгі қағидаттары:

1) киберқауіпсіздік саласын жеке кəсіпкерлік жəне мемлекеттік-жекешелік əріптестік базасында дамыту;

2) киберқауіпсіздікті əзірлеуге тапсырыстар алу кезінде отандық заңды тұлғаларға басымдық беру;

3) отандық бағдарламалық қамтылым, бағдарламалық өнімдер өндірісін жəне техникалық құралдар өндірісін дамытуды ынталандыру;

4) киберқауіпсіздік нарығының құрылымын дамыту;

5) киберқауіпсіздік нарығында адал бəсекелестікті қолдау.

4. Мемлекеттік қолдау қағидаттарына сəйкес Қазақстан Республикасының Кəсіпкерлік кодексінде көзделген шаралардан басқа, мыналар киберқауіпсіздік саласын дамыту жөніндегі шаралар болып табылады:

1) киберқауіпсіздік саласындағы қызметтің нормативтік-əдіснамалық базасын қалыптастыру жəне дамыту, оның ішінде халықаралық стандарттарды ендіру;

2) киберқауіпсіздік саласындағы жобаларды қаржыландыру;

3) киберқауіпсіздік саласындағы жобаларды венчурлік жəне өзге де бюджеттен тыс өтеулі қаржыландыру үшін жағдайлар жасау;

4) заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына қатысу, заңды тұлғаларды, оның ішінде шет елдердің қатысумен жəне Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де тəсілдермен құру арқылы киберқауіпсіздік саласындағы жобаларға инвестицияларды жүзеге асыру.

 

2026.24.06. № 326-VIII ҚР Заңымен 61-1-баппен толықтырылды (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)

61-1-бап. Киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы офтейк-келісімшарттар

Мемлекеттік органдар, мемлекеттік заңды тұлғалар және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар отандық цифрлық өнімдер мен киберқауіпсіздік технологияларының бәсекеге қабілеттілігін арттыру және оларды дамыту мақсатында киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы цифрлық өнімдер мен технологияларды әзірлеуге және жеткізуге арналған офтейк-келісімшарттарды Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен жасасуға құқылы.

Өнім беруші офтейк-келісімшарт бойынша киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы технологияны немесе цифрлық өнімді құруға және ендіруге міндетті, ал тапсырыс беруші мұндай өнімді шартта көзделген бағамен, көлемде, мерзімдерде және талаптарда сатып алуды қамтамасыз етуге міндетті.

Әзірлеуші жасалған офтейк-келісімшарттарды қаржыландыруды тарту кезінде қамтамасыз ету (кепіл) ретінде пайдалануға құқылы.

 

2026.09.01. № 256-VIII ҚР Заңымен 62-бап өзгертілді (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

62-бап. Цифрлық технологиялар саласын кадрлық және ғылыми қамтамасыз ету

1. Мемлекет цифрлық технологиялар саласындағы мамандықтар бойынша техникалық, кәсіптік, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды отандық және шетелдік жоғары оқу орындарында даярлау және қайта даярлау үшін жағдайлар жасайды.

2. Ұйымдар, ұлттық компаниялар, олардың үлестес тұлғалары цифрлық технологиялар саласындағы мамандықтар бойынша кәсіптік, техникалық, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарындағы білім алушылар үшін практика базасы ретінде әрекет етеді.

3. Цифрлық технологиялар саласын ғылыми қамтамасыз ету цифрлық технологиялар саласындағы ғылыми және ғылыми-техникалық қызметті мемлекеттік қолдау арқылы, оның ішінде технологияларды коммерцияландыру үшін жағдайлар жасау арқылы жүзеге асырылады.

 

2026.09.01. № 256-VIII ҚР Заңымен 12-тараудың тақырыбы алып тасталды (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

2026.09.01. № 256-VIII ҚР Заңымен 63-бап өзгертілді (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

63-бап. Киберқауіпсіздік саласындағы халықаралық ынтымақтастық

1. Қазақстан Республикасының киберқауіпсіздік саласындағы халықаралық ынтымақтастығы Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарына және заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

2. Қазақстан Республикасының цифрлық орта субъектілері халықаралық ұйымдар мен бірлестіктерге кіруге, халықаралық және шетелдік жобалар мен бағдарламаларға қатысуға құқылы.

Мемлекеттік органдар уәкілетті органмен келісу бойынша киберқауіпсіздік саласында шет мемлекеттердің мемлекеттік органдарымен, халықаралық ұйымдармен және шетелдік заңды тұлғалармен өзара іс-қимылды жүзеге асырады.

3. Киберқауіпсіздік саласындағы халықаралық ынтымақтастық:

1) шет мемлекеттердің мемлекеттік органдарымен, халықаралық ұйымдармен және шетелдік заңды тұлғалармен өзара іс-қимыл жасау, оның ішінде Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын орындау жөніндегі іс-шараларды іске асыруға қатысу;

2) цифрлық технологияларды қолдана отырып, оның ішінде Қазақстан Республикасының ұлттық шлюзі арқылы халықаралық (мемлекетаралық) ақпараттық өзара іс-қимылдың тұрақты және қауіпсіз жүйесін қалыптастыруға көмек көрсету;

3) цифрлық технологияларды дамытуды қамтамасыз ету бойынша шетелдік заңды тұлғалармен өзара іс-қимыл жасау, сондай-ақ кадрлық даму және ғылыми ынтымақтастық;

4) цифрлық технологиялардың дамуына шетелдік заңды тұлғалармен және халықаралық ұйымдармен бірлесіп ұдайы негізде мониторинг және болжау жүргізу;

5) цифрлық технологияларды қауіпсіз пайдалану мәселелері бойынша шет мемлекеттердің мемлекеттік органдарымен және халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасасу, сондай-ақ мемлекеттің цифрлық инфрақұрылымына қол сұғатын және мемлекеттік қызметтің саяси, экономикалық, әлеуметтік және өзге салаларын бұзатын әрекеттерге тыйым белгілеу;

6) Қазақстан Республикасында және шетелде семинарлар, конференциялар және тренингтер өткізу;

7) цифрлық технологияларды адамға, қоғамға және мемлекетке зиян келтіру тұрғысынан пайдалануға өзара түсіністік негізінде тыйым белгілеу;

8) киберқауіпсіздік саласындағы жобаларды шет мемлекеттермен, халықаралық ұйымдармен, шетелдік заңды тұлғалармен, шетелдік қоғамдық ұйымдармен және қорлармен бірлесіп қаржыландыру және іске асыру нысанында жүзеге асырылады.

4. Цифрлық технологияларды дамыту, институттық қамтамасыз ету және тәжірибе мен білім алмасу мәселелері жөніндегі халықаралық ынтымақтастық шет мемлекеттердің мемлекеттік органдарының, халықаралық ұйымдардың және шетелдік заңды тұлғалардың қатысуымен жүзеге асырылады.

 

 

13-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЖӘНЕ ӨТПЕЛІ ЕРЕЖЕЛЕР

 

64 - 64-2-бап. 2026.09.01. № 256-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

2026.09.01. № 256-VIII ҚР Заңымен 65-бап өзгертілді (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

65-бап. Қазақстан Республикасының киберқауіпсіздік туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық

Қазақстан Республикасының киберқауіпсіздік туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.

 

66-бап. 2026.09.01. № 256-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

67-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі

1. Осы Заң 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

2. «Ақпараттандыру туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2007 ж., № 2, 13-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 15, 118-құжат; 2012 ж., № 2, 13-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 5-6, 30-құжат; № 7, 36-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат) күші жойылды деп танылсын.

 

 

Қазақстан Республикасының

             Президенті

 

Н. НАЗАРБАЕВ

 

Астана, Ақорда, 2015 жылғы қарашаның 24-і.

№ 418-V