Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті көрсететін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 394 бұйрығы
(2017.10.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2018 жылғы 13 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Ішкі істер министрінің 2015.27.11. № 973 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған:
1) «Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерді ұйымдардағы, елді мекендердегі және объектілердегі өрттердің алдын алу және сөндіру, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу жөніндегі жұмыстарды жүргізу құқығына аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;
2) «Төтенше жағдайларды жою кезінде құтқару жұмыстарын жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын субъектілерді аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес;