Мониторингті жүзеге асыру үшін қажетті мәліметтерді табыс ету қағидаларын және нысанын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 140 бұйрығы
Осы редакция 2018 жылғы 9 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Темекі өнімдерінің өндірілуі мен айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 12 маусымдағы Заңның 5-бабы 5-1) тармақшысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) мониторингті жүзеге асыру үшін қажетті мәліметтерді табыс ету қағидалары осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес;
2) мониторингті жүзеге асыру үшін қажетті мәліметтердің нысаны осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ерғожин) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімдік баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.