(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «МҮГЕДЕКТЕР ҚАТАРЫНДАҒЫ КЕМТАР БАЛАЛАРДЫ ЖЕКЕ ОҚЫТУ ...

Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өтеу туралы
Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы мәслихатының 2017 жылғы 21 қыркүйектегі № 18/115-VI шешімі

(2017.07.12. берілген өзгерістермен)

 

Осы редакция 2020 жылғы 29 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы мәслихатының 2017.07.12. № 20/125-VI шешімімен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы» Заңының 11-бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Заңының 16-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Семей қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындары ай сайын он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде өтелсін.

2. Келесі тәртіп анықталсын:

2.1. кемтар балаларды оқытуға шығындарды өтеу «Семей қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен жүргізіледі;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.