Өздерiнiң бақылау функцияларын жүзеге асыру үшiн қажеттi ақпарат пен құжаттарды сақтанушының, сақтандырушының, агенттің және қоғамның ұсыну нысаны мен мерзiмдерiн белгiлеу туралы
Жамбыл облысы әкімдігінің 2015 жылғы 27 тамыздағы № 220 Қаулысы
Жамбыл облысы әкімдігінің 2025 жылғы 27 ақпандағы № 42 Қаулысымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, «Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 10 наурыздағы Заңына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Бақылау функцияларын жүзеге асыру үшiн қажетті ақпарат пен құжаттарды ұсынудың мынадай нысандары белгіленсін:
1) сақтанушы үшін осы қаулының 1- қосымшасына сәйкес;
2) сақтандырушы және өзара сақтандыру қоғамы үшін осы қаулының 4, 5 - қосымшаларына сәйкес;
3) агент үшін осы қаулының 2, 3, 4, 5 - қосымшаларына сәйкес.
2. Бақылау функцияларын жүзеге асыру үшiн беретін қажетті ақпарат пен құжаттарды ұсынудың мынадай мерзімдері белгіленсін:
1) сақтанушының - сақтандырушымен немесе өзара сақтандыру қоғамымен міндетті сақтандыру келісім-шартын жасасқаннан кейін бір айдың ішінде осы қаулының 1- қосымшасына сәйкес белгіленген нысан бойынша аудан, қала әкімдігіне;
2) сақтандырушымен және өзара сақтандыру қоғамымен - апта сайын аудан, қала әкімдігіне осы қаулының 4, 5 - қосымшаларына сәйкес белгіленген нысандар бойынша;
3) агентпен - апта сайын «Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі - Басқарма) осы қаулының 2 - қосымшасына сәйкес, сонымен қатар апта сайын аудан, қала әкімдігіне осы қаулының 3, 4, 5 - қосымшаларына сәйкес белгіленген нысандар бойынша.
3. Басқарма заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;