«Жер қойнауына мемлекеттік сараптама жүргізу қағидаларын және Жер қойнауын сараптау жөніндегі мемлекеттік комиссия туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 16 мамырдағы № 335 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2023 жылғы 20 шілдедегі № 528 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Жер қойнауына мемлекеттік сараптама жүргізу қағидаларын және Жер қойнауын сараптау жөніндегі мемлекеттік комиссия туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 16 мамырдағы № 335 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16964 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жер қойнауына мемлекеттік сараптама жүргізу қағидаларында:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Жер қойнауын қолданушы есепті бір данада қағаз және электрондық тасығыштарда, сондай-ақ есептің негізгі мазмұнын қысқаша көрсететін (еркін нысанда, 10 парақтан аспайтын) авторлық анықтаманы қағаз тасығышта бір данада сараптамаға жібереді.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жер қойнауын сараптау жөніндегі мемлекеттік комиссия туралы ережеде:
7-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) жерасты суларын пайдалану қорларының табиғат қорғау және басқа да шектеулерді ескере отырып, әрі қарай пайдалану үшін кен орындарын зерттеу және даярлау дәрежесі бойынша олардың теңгерімдік тиесілігі; жер қойнауы кеңістігінің пайдалану үшін даярлану дәрежесі»;
8-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: