«Жер қойнауына мемлекеттік сараптама жүргізу қағидаларын және Жер қойнауын сараптау жөніндегі мемлекеттік комиссия туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 16 мамырдағы № 335 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2023 жылғы 20 шілдедегі № 528 бұйрығы

 «Жер қойнауына мемлекеттік сараптама жүргізу қағидаларын және Жер қойнауын сараптау жөніндегі мемлекеттік комиссия туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 16 мамырдағы № 335 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2023 жылғы 20 шілдедегі № 528 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Жер қойнауына мемлекеттік сараптама жүргізу қағидаларын және Жер қойнауын сараптау жөніндегі мемлекеттік комиссия туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 16 мамырдағы № 335 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16964 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жер қойнауына мемлекеттік сараптама жүргізу қағидаларында:

4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Жер қойнауын қолданушы есепті бір данада қағаз және электрондық тасығыштарда, сондай-ақ есептің негізгі мазмұнын қысқаша көрсететін (еркін нысанда, 10 парақтан аспайтын) авторлық анықтаманы қағаз тасығышта бір данада сараптамаға жібереді.»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жер қойнауын сараптау жөніндегі мемлекеттік комиссия туралы ережеде:

7-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«3) жерасты суларын пайдалану қорларының табиғат қорғау және басқа да шектеулерді ескере отырып, әрі қарай пайдалану үшін кен орындарын зерттеу және даярлау дәрежесі бойынша олардың теңгерімдік тиесілігі; жер қойнауы кеңістігінің пайдалану үшін даярлану дәрежесі»;

8-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.