«Жер қойнауын пайдалануға арналған үлгілік келісімшарттарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 11 маусымдағы № 233 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2022 жылғы 15 сәуірдегі № 136 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Жер қойнауын пайдалануға арналған үлгілік келісімшарттарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 11 маусымдағы № 233 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17140 болып тіркелді) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Кодексі 36-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған үлгілік келісімшартта:
18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«18. Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасында және Келісімшартта көзделген ережелерді сақтаған кезде, жер қойнауын пайдаланушы:
1) кәсіпкерлік мақсатта бөлінген жер қойнауы учаскесі шегінде жер қойнауын өтеулі негізде пайдалануға;
2) өз қалауынша өз қызметінің нәтижелерін, оның ішінде өндірілген көмірсутектерді пайдалануға, егер Кодексте немесе Келісімшартта басқасы көзделмесе;
3) жер қойнауы учаскесінің аумағында, ал қажет болғанда жер қойнауын пайдаланушыға белгіленген тәртіппен ұсынылған басқа жер учаскелерінде жұмыстарды жүзеге асыру үшін қажетті өндірістік және әлеуметтік сала объектілерін салуға, сондай-ақ шарттардың негізінде жер қойнауы учаскесіндегі әрі оның шегінен тыс жердегі баршаға ортақ объектілерді және коммуникацияларды пайдалануға;
4) Келісімшарт бойынша операторды тағайындауға;
5) Кодексте белгіленген тәртіппен және талаптармен барлауға немесе өндіруге арналған бүкіл учаскені қайтару арқылы жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды мерзімінен бұрын тоқтатуға;
6) барлау кезеңі ішінде және Кодексте белгіленген шектеулерді ескере отырып, аумақта көмірсутектерді барлау жөніндегі жұмыстардың кез келген түрлерін жүргізуге;