«Азаматтық хал актілерін тіркеу және апостильдеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 219 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы 27 желтоқсандағы № 1640 бұйрығы (күші жойылды)

 «Азаматтық хал актілерін тіркеу және апостильдеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 219 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы 27 желтоқсандағы № 1640 бұйрығы

 

ҚР Әділет министрінің м.а. 2020 жылғы 28 мамырдағы № 64 бұйрығымен күші жойылды

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Азаматтық хал актілерін тіркеу және апостильдеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 219 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 11374 болып тіркелді, 2015 жылғы 20 шілдеде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1) көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Бала тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

мынадай редакциядағы 9-1-тармағымен толықтырылсын:

«9-1. Он жасқа толған баланың анкеталық деректері өзгертілетін болса, оның жазбаша түрдегі келісімі қосымша ұсынылады.»;

2) көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Қазақстан Республикасының әділет органдарынан және өзге мемлекеттік органдарынан, сондай-ақ нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

мынадай редакциядағы 9-1-тармағымен толықтырылсын:

«9-1. Көрсетілетін қызметті алушының қалауы бойынша Мемлекеттік корпорацияның қызметкері көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттың түпнұсқасымен, 9-тармақтың 5) тармақшасында көрсетілген құжаттың электронды көшірмесін куәландырады, одан кейін түпнұсқаны көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады.»;

3) көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Азаматтық хал актілері жазбаларын жою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

3-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.