Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерінің дербес деректері жазылған жеке істерін жүргізу қағидалары (Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2016 жылғы 19 мамырдағы № 103 бұйрығына 1-қосымша) (күші жойылды)

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 21 қазандағы № 17 бұйрығымен күші жойылды

Қазақстан Республикасы

Мемлекеттік қызмет істері министрінің

2016 жылғы 19 мамырдағы

№ 103 бұйрығына 1-қосымша

 

 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерінің дербес деректері жазылған жеке істерін жүргізу

 қағидалары


1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Осы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерінің дербес деректері жазылған жеке істерін жүргізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 42-бабы 7-тармағына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы (сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) және оның аумақтық органдарының (әрі қарай - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) қызметкерлерінің жеке істерін жүргізу, оларды есепке алу, сақтау және беру тәртібін айқындайды.

2. Үміткер Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке (бұдан әрі - сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) түскен кезде кадр қызметі жеке іс ресімдейді, оған барлық зерделеу материалдары және одан әрі қызметтік іс-әрекеттері мен құқық қорғау қызметінің өтілі туралы мәліметтер тігіледі.

3. Жеке істе бұрынғы еңбек қызметі, Қарулы Күштерде, әскерлерде, арнайы мемлекеттік және құқық қорғау органдарында қызмет өткеруі, өмірбаяндық және әлеуметтік сипаттағы деректер, зерделеудің, арнайы тексерістердің нәтижелері мен басқа да мәліметтер көрсетіледі.

4. Қызметкердің жеке ісіндегі және есепке алу құжаттарындағы мәліметтер «Мемлекеттік құпиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік құпияларға жатады.

5. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте қызмет істейтін барлық тұлғаларға жеке істер ресімделіп жүргізіледі.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.