Жеке басын куәландыратын құжаттары болмаған не жоғалтқан, жоғалтып алған жағдайда күдіктіні, айыпталушыны құжаттандыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 23 қыркүйектегі № 631 бұйрығы
Осы редакция 2020 жылғы 14 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 4 шілдедегі Қылмыстық-процестік кодексінің 203-бабының 5-бөлігіне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Жеке басын куәландыратын құжаттары болмаған не жоғалтқан, жоғалтып алған жағдайда күдіктіні, айыпталушыны құжаттандыру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон полициясы департаментінің, Тергеу департаментінің бастықтары тоқсан сайын күдіктілерді (айыпталушыларды) құжаттандыру барысы туралы мәліметтер жинақтасын.
3. Көші-қон полициясы департаменті (С.С. Сайынов):
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен бұқаралық ақпарат көздерінде ресми жариялауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры Е.З. Тургумбаевқа және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон полициясы департаментіне (С.С. Сайынов) жүктелсін.
5. Осы бұйрық 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс.
| Министр полиция генерал-лейтенанты |
Қ. Қасымов |
| КЕЛІСІЛДІ | КЕЛІСІЛДІ |
| Қазақстан Республикасының | Қазақстан Республикасы |
| Бас прокуроры | Қаржы министрі |
| А. Дауылбаев | Б. Сұлтанов |
|
|
|
| КЕЛІСІЛДІ | КЕЛІСІЛДІ |
| Қазақстан Республикасы | Қазақстан Республикасы |
| Қорғаныс министрі | Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы |
| С. Ахметов | А. Күреңбеков |
|
|
|
| КЕЛІСІЛДІ | КЕЛІСІЛДІ |
| Қазақстан Республикасы | Қазақстан Республикасы |
| Мемлекеттік қызмет істері және | Ұлттық қауіпсіздік |
| сыбайлас жемқорлыққа қарсы | комитетінің төрағасы |