«Қазақстан Республикасының құқықтық саясатының 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 15 қазандағы № 674 Жарлығы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ

ЖАРЛЫҒЫ

 

Қазақстан Республикасының құқықтық саясатының 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын бекіту туралы

 

Қазақстан Республикасының Конституциясы 40-бабының 1-тармағына сәйкес мемлекеттің құқықтық саясатының негізгі бағыттарын одан әрі айқындау мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының құқықтық саясатының 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы (бұдан әрі - Тұжырымдама) бекітілсін.

2. Осы Тұжырымдама Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің мемлекеттің құқықтық саясаты саласындағы тиісті құжаттарын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының перспективалық және жыл сайынғы жоспарларын, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын әзірлеу үшін негіз болып табылады деп белгіленсін.

3. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары Мемлекеттік жоспарлау жүйесіндегі өздеріне тиесілі құжаттарын әзірлеу мен іске асыру кезінде Тұжырымдаманың ережелерін басшылыққа алсын.

4. Қазақстан Республикасының Үкіметі Тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарын үш ай мерзімде әзірлесін және бекітсін.

5. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

6. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасы

       Президенті

 

Қ. ТОҚАЕВ

 

Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2021 жылғы 15 қазан

 

                  № 674

 

Қазақстан Республикасы

Президентінің

2021 жылғы 15 қазандағы

№ 674 Жарлығымен

БЕКІТІЛГЕН

 

 

Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі құқықтық саясатының

ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ

 

Мазмұны

 

 

 

1-бөлім. Ағымдағы ахуалды талдау

2-бөлім. Құқықтық саясатты дамыту саласындағы халықаралық тәжірибеге шолу

3-бөлім. Құқықтық саясаттың негізгі қағидаттары

4-бөлім. Ұлттық құқықты дамытудың негізгі бағыттары

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.