«Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 22 маусымдағы № 372 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 19 қазандағы № 775 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1054 Қаулысымен 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 22 маусымдағы № 372 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасында:
«Бағдарлама паспорты» деген 1-бөлімде:
«Қаржыландыру көздері мен көлемі» деген кесте мынадай редакцияда жазылсын:
«Бағдарламаны іске асыруға арналған қаржы шығындары республикалық бюджет есебінен, сондай-ақ жеке инвестициялар, оның ішінде квазимемлекеттік сектор субъектілерінің есебінен көзделеді.
Бағдарламаны қаржыландыру көлемі мынаны құрайды:
млрд. теңге