2024-2026 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы
Ұлытау облыстық мәслихатының 2023 жылғы 13 желтоқсандағы № 95 шешімі
(2024.31.07. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2024 жылғы 12 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес Ұлытау облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Ұлытау облыстық мәслихатының 2024.27.02. № 108 шешімімен (2024 ж. 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2024.10.05. № 126 шешімімен (2024 ж. 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2024.05.07. № 144 шешімімен (2024 ж. 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2024.31.07. № 151 шешімімен (2024 ж. 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. 2024-2026 жылдарға арналған облыстық бюджет 1, 2, 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2024 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 137 912 771 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер - 46 244 413 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 2 078 414 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 0 теңге;
трансферттердің түсімдері - 89 589 944 мың теңге;
2) шығындар - 141 076 151 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - 13 075 417 мың теңге:
бюджеттік кредиттер - 15 464 202 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 2 388 785 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0 теңге:
қаржы активтерін сатып алу - 0 теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - -16 238 797 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 16 238 797 мың теңге:
қарыздар түсімі - 14 664 202 мың теңге;
қарыздарды өтеу - 2 411 732 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 3 986 327 мың теңге.
2. 2024 жылға арналған облыстық бюджетке, аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттеріне кірістерді бөлу нормативтері келесі мөлшерлерде белгіленсін:
1) Корпоративтік табыс салығы бойынша: