(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ҚАУIПСIЗДIК ОРГАНД...

Предыдущая страница

9) 2010.27.05. № 279-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

9-1) Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің және олардың персоналының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысуға;

2016.22.12. № 28-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2026.11.06. № 306-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 10) тармақша өзгертілді

10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау мен Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығуға, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелге баруына, шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасының аумағына келуiне және оның аумағынан тыс жерлерге кетуiне, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасының аумағында болу режимiне қатысты мәселелердi шешуге қатысуға;

11) шет мемлекеттер өкiлдiктерi мен халықаралық ұйымдардың Қазақстан Республикасының аумағында қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiнде басқа құзыреттi органдармен бiрлесе отырып шаралар қолдануға;

12) Қазақстан Республикасы Президентінің нұсқауы бойынша басқа мемлекеттік органдармен бiрлесiп шетел мемлекеттерi, үкiметтерi басшыларының және халықаралық ұйымдар басшыларының Қазақстан Республикасында болған кезеңінде олардың, сондай-ақ елдiң аумағында өткiзiлетiн аса маңызды қоғамдық саяси шаралардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге қатысуға;

2023.23.12. № 51-VIII ҚР Заңымен 12-1) тармақша өзгертілді (2024 ж. 5 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

12-1) Қазақстан Республикасы Президентінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысуға;

2020.16.11. № 375-VІ ҚР Заңымен 13) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

13) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын күзетудi және қорғауды қамтамасыз етуге;

2016.30.12. № 41-VI ҚР Заңымен 13-1) тармақшамен толықтырылды (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2023.23.12. № 51-VIII ҚР Заңымен 13-1) тармақша жаңа редакцияда (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

13-1) тармақшаның қолданысы 2024 ж. 1 қаңтарға дейін тоқтатылды

13-1) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өту кезінде дактилоскопиялық тіркеуден өткен адамдарға қатысты дактилоскопиялық ақпарат бойынша жеке басты растау рәсімін жүзеге асыруға;

13-2) тармақшаның қолданысы 2024 ж. 1 қаңтарға дейін тоқтатылды

2016.30.12. № 41-VI ҚР Заңымен 13-2) тармақшамен толықтырылды (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2026.11.06. № 306-VIII ҚР Заңымен 13-2) тармақша өзгертілді (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

13-2) Қазақстан Республикасының шегінен шығарып жіберуге жататын не Қазақстан Республикасы ратификациялаған реадмиссия туралы халықаралық шарттардың күші қолданылатын шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарды дактилоскопиялық тіркеуді жүзеге асыруға;

14) 2023.23.12. № 51-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 5 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

15) жұмысы Қазақстан Республикасының қауiпсiздiгiне қатер төндiретiн радиоэлектронды құралдармен берiлетiн радиосәулелердi анықтауға;

2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 16) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)

16) шифрлау және шифрды ашу жұмысын ұйымдастыруға, үкіметтік байланысты, шифрланған және құпияландырылған байланысты, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздік органдарының мүдделерінде пайдаланылатын арнаулы мақсаттағы телекоммуникация желілерін пайдалануға, дамытуға, олардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге;

2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 16-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2023.14.03. № 206-VІІ ҚР Заңымен 16-1) тармақша өзгертілді (2023 ж. 26 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

16-1) Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы айқындайтын тəртіппен ұлттық қауіпсіздік органдарында жауынгерлік кезекшілікті ұйымдастыруға жəне атқаруға;

2023.14.03. № 206-VІІ ҚР Заңымен 16-2) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 26 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)

16-2) Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы айқындайтын тәртіппен ұлттық қауіпсіздік органдарында жауынгерлік қызметті ұйымдастыруға және атқаруға;

17) өз қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөніндегі, соның iшiнде мемлекеттік қызметтiк құпия болып табылатын ұлттық қауiпсiздiк органдарының мәлiметтерiне техникалық жолмен кіруге жол бермеу жөніндегі шараларды жүзеге асыруға;

2016.28.12. № 36-VI ҚР Заңымен 17-1) тармақша жаңа редакцияда (ресми жарияланған күнінен кейін екі ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

17-1) барлау, қарсы барлау, жедел-іздестіру қызметін жүргізу, осы қызметтің нәтижелері көрсетілген материалдарды іске асыру кезінде астыртын әрекет етуді қамтамасыз ету, сондай-ақ Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының немесе ол уәкілеттік берген лауазымды адамның жедел-қызметтік жұмыс материалдарына жария сипат берілгенге дейін оларға қолжетімділікті шектеуді қамтамасыз ететін өкімдік қызметі арқылы ақпарат көздерінің құпиясын ашуға жол бермеу жөнінде қажетті шаралар қолдануға;

17-2) 2023.23.12. № 51-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 5 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

18) ұлттық қауiпсiздiк органдарының жұмылу дайындығын қамтамасыз етуге;

2023.23.12. № 51-VIII ҚР Заңымен 19) тармақша өзгертілді (2024 ж. 5 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

19) ұлттық қауiпсiздiк органдары үшiн кадрлар даярлауды, оларды қайта даярлауды және біліктiлiгiн арттыруды жүзеге асыруға;

2023.23.12. № 51-VIII ҚР Заңымен 19-1) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 5 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)  

19-1) ұлттық қауіпсіздік органдарында кадрлық құрамды патриоттық, адамгершілік және рухани тәрбиелеуге және құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған жұмысты Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы айқындайтын тәртіппен жүзеге асыруға;

2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 20) тармақша өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2023.23.12. № 51-VIII ҚР Заңымен 20) тармақша жаңа редакцияда (2024 ж. 5 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

20) мемлекеттік қызметке алғаш рет кіретін немесе мемлекеттік қызметті тоқтатқаннан кейін оған қайта кіретін, сондай-ақ судья, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және оның ведомстволарының қызметшісі, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның қызметшісі, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның авиациялық қауіпсіздік саласында бақылау мен қадағалау функцияларын жүзеге асыратын авиация инспекторы лауазымына орналасуға үміткер Қазақстан Республикасының азаматтарына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда, шекте және тәртіппен міндетті арнаулы тексеру жүргізуге;

2015.23.11. № 417-V ҚР Заңымен 20-1) тармақшамен толықтырылды; 2026.11.06. № 306-VIII ҚР Заңымен 20-1) тармақша өзгертілді (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

20-1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына жұмысқа тартылатын шетел азаматтарына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шектерде және тәртіппен міндетті арнайы тексеру жүргізуге міндетті.

Ұлттық қауіпсіздік органдары шетел азаматын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына жұмысқа қабылдаудан бас тартуға негіз болған себепті түсіндірмеуге құқылы;

20-2) 2023.23.12. № 51-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 5 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

21) өздерiнiң қадағалау функцияларын жүзеге асыруына байланысты прокурордың жазбаша талаптарын орындауға;

2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2025.19.09. № 219-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 20 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 22) тармақша өзгертілді

22) қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органның сұратуы бойынша Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасына сәйкес өздерінің ақпараттық жүйелерінен мәліметтерді ұсынуға;

2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 22-1) тармақшамен толықтырылды; 2023.23.12. № 51-VIII ҚР Заңымен 22-1) тармақша өзгертілді (2024 ж. 5 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

22-1) Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерін қорғау жəне ілгерілету жөніндегі шараларды жүзеге асыруға;

23) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыруға міндетті.

 

ҚР 16.11.99 ж. № 476-1; 29.03.00 ж. № 42-II; 21.03.02 ж. № 309-II Заңдарымен; 2010.08.04. № 266-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.13.02. № 553-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.23.04. № 14-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.08.01. № 63-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.13.01. № 159-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.07.04. № 185-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.03.07. № 227-V ҚР Заңымен (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.04.07. № 233-V ҚР Заңымен (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2017.10.02. № 45-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 13-бап өзгертілді

13-бап. Ұлттық қауiпсiздiк органдарының құқықтары

Ұлттық қауiпсiздiк органдарының өздерiне жүктелген мiндеттердi орындау үшiн мыналарға құқығы бар:

2016.28.12. № 36-VI ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (ресми жарияланған күнінен кейін екі ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2017.18.04. № 58-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1) тармақша өзгертілді

1) қарсы барлау іс-шараларын, жалпы және арнаулы жедел-iздестiру іс-шараларын, криминалистік зерттеулерді жүргiзу, Қазақстан Республикасының азаматтарын Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы белгілеген тәртіппен штаттан тыс жедел қызметкерлер ретiнде ерiктi негiзде жұмысқа тарту;

1-1) құқыққа қайшы іс-әрекеттің жолын кесу жөніндегі жедел-жауынгерлік іс-шараларды әзірленетін арнайы әдістемелерге сәйкес жүзеге асыру, сондай-ақ арнайы құралдарды Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін тізбеге сәйкес пайдалану;

2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 1-2) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi)

1-2) Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті бекітетін қағидаларға сәйкес радиоэлектрондық және радиотехникалық барлауды жүзеге асыру;

2016.28.12. № 36-VI ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (ресми жарияланған күнінен кейін екі ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.11.06. № 306-VIII ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2) мақсаттары мен әрекеттері мемлекеттiң қауiпсiздiгiне нұқсан келтіруге, Қазақстан Республикасының тұтастығын бұзуға, конституциялық құрылыс негіздерін күштеп өзгертуге бағытталған шет мемлекеттердiң арнаулы қызметтерiне және өзге де шетелдік ұйымдарға, қылмыстық топтарға енудi жүзеге асыру;

2016.22.12. № 28-VI ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2026.11.06. № 306-VIII ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3) өздерiнiң әрекеттерімен қоғамның және мемлекеттiң қауiпсiздiгiне қатер төндiретiн немесе нұқсан келтiретiн шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасына кіргізбеу және одан шығарып жіберу туралы мәселелердi өзі дербес немесе құзыреттi мемлекеттiк органдармен бiрлесiп шешу;

4) заңмен ұлттық қауiпсiздiк органдарының қарауына жатқызылған қылмыстық құқық бұзушылықтарды анықтауда, алдын алуда, тыюда, ашуда және тергеуде қылмыстық iс жүргiзу заңында көзделген шекте орындау үшiн басқа органдарға орындалуы мiндеттi тапсырмалар беру;

5) өздерi жүргiзiп жатқан материалдар бойынша азаматтарды ұлттық қауiпсiздiк органдарына шақыру, олардан түсiнiктемелер, анықтамалар, құжаттар алып, бұлардың көшiрмелерiн түсiру, шақыру бойынша келуден бас тартқан адамдарды мәжбүрлеп әкелу;

6) қылмыстық құқық бұзушылықтар жасады деген негiздi сезiк туғызған ретте азаматтардың жеке басын куәландыратын құжаттарын тексеру. Қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауына сезiк келтiрiлген адамдарды ұстау, ұсталғандардың құжаттарын қарап, жеке тексеру және олардың көлiк құралдарын тексерудi, сондай-ақ олардың заттары мен құжаттарын алып қоюды жүзеге асыру;

6-1) терроризмге қарсы операцияға қатысу және терроризмге қарсы операцияның құқықтық режимін қамтамасыз ету кезінде «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген шараларды және уақытша шектеулерді қолдану;

7) арнайы күзетiлетiн ерекше режимдегi аумақтарға және өзге де объектiлерге кіруге әрекет жасаған және кіруге байланысты құқық бұзған, шекара аймағында заңсыз жүрген адамдарды әкiмшiлiк жолмен ұстауды жүзеге асыру. Олардың жеке басын куәландыратын құжаттарды тексеру, олардан түсiнiктемелер алу, жеке тексеру, заттарын қарау мен құжаттарын тексерiп алып қоюды жүзеге асыру;

8) қылмыстық құқық бұзушылықтарды болдырмау, құқық бұзушылық жасаған немесе жасады деген күдік туғызған адамдарды қуғындау мен ұстау, ұсталғандарды оларды ұстайтын жерге жеткiзу, сондай-ақ оқиға болған жерге жету және шұғыл медициналық көмекке мұқтаж азаматтарды емдеу мекемелерiне әкелу үшiн ұйымдардың, әскери құрамалардың және бөлiмдердiң қарамағындағы байланыс құралдарын, көлiк құралдарын пайдалану, иелерiнiң талап етуi бойынша ұлттық қауiпсiздiк органдары осының салдарынан келтiрiлген нақты залалды Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен өтейдi;

9) егер кiдiру адамдардың өмiрi мен денсаулығына қауiп туғызса, елдiң қауiпсiздiгiне нұқсан келтiруi мүмкiн болса, қылмыстық құқық бұзушылықтардың жолын кесу, оларды жасады деген күдік туғызған адамдарды қудалау мақсатымен ұйымдардың, әскери құрамалардың және бөлiмдердiң аумақтары мен үй-жайларына және азаматтардың қарамағындағы тұрғын үй-жайлар мен олардың қарамағындағы жер учаскелерiне кiдiргiсiз кіру. Азаматтардың қарамағындағы тұрғын үйлерге және өзге де үй-жайларға басып кіру оқиғалары туралы ұлттық қауiпсiздiк органдары прокурорды жиырма төрт сағаттың iшiнде хабардар етедi;

10) өздеріне қатысты бұлтартпау шарасы ретінде күзетпен ұстау таңдалған немесе ұлттық қауіпсіздік органдары қылмыстық құқық бұзушылықтар жасады деген күдікпен ұстап алған адамдарды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ұстау үшін уақытша ұстау изоляторлары, тергеу изоляторлары бар болуға. Жекелеген жағдайларда, құқық қорғау органдары мен соттар ұстап алғандарды және күзетпен ұсталатындарды, сондай-ақ сотталғандарды ұлттық қауіпсіздік органдарымен келісу бойынша ұстау үшін пайдаланылады;

2026.12.06. № 311-VIII ҚР Заңымен 10-1) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 24 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді)

10-1) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы айқындайтын тәртіппен ұстап алынғандарды және күзетпен қамауға алынған адамдарды айдауылмен алып жүру;

2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 11) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)

11) Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдарындағы, әскери басқару, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарындағы мемлекеттiк құпиялардың, коммерциялық, банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпияның сақталуын, арнаулы мақсаттағы телекоммуникация желілерінің және шифрлау жұмысының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мәселелерi бойынша бақылауды жүзеге асыру, әдiстемелiк және практикалық көмек көрсету;

2023.23.12. № 51-VIII ҚР Заңымен 12) тармақша өзгертілді (2024 ж. 5 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

12) Ұсынулардың нысанын және оларды енгізу тәртібін Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы айқындайды;

2014.03.11. № 244-V ҚР Заңымен 12-1) тармақшамен толықтырылды (2015 ж. 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

12-1) жеке және заңды тұлғаларға тергеп-тексерілуі Қазақстан Республикасының заңнамасымен ұлттық қауіпсіздік органдарының қарауына жатқызылған қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауға жағдайлар туғызатын іс-әрекетке (әрекетке немесе әрекетсіздікке) жол бермеу туралы орындалуы міндетті ресми алдын ала ескертулерді жазбаша түрде хабарлау;

13) Қазақстан Республикасының аумағында мемлекеттік құпияларды қорғау туралы белгiленген ережелердi немесе Қазақстан Республикасының заңдарын бұза отырып пайдаланатын радиоэлектрондық хабар беру құралдарының қолданылуына жол бермеу;

2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 14) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2026.11.06. № 306-VIII ҚР Заңымен 14) тармақша өзгертілді (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

14) ұлттық қауiпсiздiк органдарына жүктелген мiндеттердi орындау үшiн қажеттi ақпаратты, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың ақпараттық жүйелерінен көрсетілген мемлекеттік органдармен - бірлескен нормативтік құқықтық актілерде, ал ұйымдармен келісімдерде белгіленген тəртіппен берілетін электрондық ақпараттық ресурстарды қоса алғанда, мемлекеттiк органдардан, əскери құралымдардан, бөлiмдер мен ұйымдардан өтеусiз жəне коммерциялық, банктiк жəне заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мəлiметтердi жария етуге Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген талаптарды сақтай отырып алу;

15) ұлттық қауiпсiздiк органдарының құзыретiне енетiн мәселелер жөнiнде жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдарды хабардар ету;

16) 2023.23.12. № 51-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 5 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

17) ұлттық қауiпсiздiк органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшiлерiнiң жеке басын, олардың бөлiмшелерiнiң, үй-жайларының және көлiк құралдарының ведомстволық тиесілігін немесе ұлттық қауіпсіздік органдарына құпиялылық негізде жәрдем көрсететін азаматтардың жеке басын шифрлау мақсатында басқа мемлекеттік органдардың, сондай-ақ ұйымдардың құжаттарын пайдалану, әзірлеу және (немесе) ресімдеу, оларды пайдалану, әзірлеу және (немесе) ресімдеу тәртібін Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы айқындайды.

Ұлттық қауіпсіздік органдарының мемлекеттік органдарда тіркелуі талап етілетін мемлекеттік органдардың құжаттарын, оның ішінде олардың беретін құжаттарын осы тармақшада көзделген мақсаттарда пайдалануы қажет болған жағдайда, ұлттық қауіпсіздік органдарының өтінімі бойынша тиісті мемлекеттік органдар бірлескен нормативтік құқықтық актілерде айқындалған тәртіппен ұлттық қауіпсіздік органдары үшін оларды өтеусіз негізде әзірлейді және (немесе) ресімдейді;

17-1) басқа мемлекеттік органдар мен ұйымдарға ұлттық қауіпсіздік органдарына құжаттардың бланктері мен қызметтік куәліктерді, оларды толтыру үлгілерін беру туралы орындалуы міндетті сауалдарды жолдау;

17-2) сыртқы барлаудың және арнаулы мемлекеттік органдардың өзге де субъектілерінің қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің жеке басын, олардың бөлімшелерінің, үй-жайлары мен көлік құралдарының ведомстволық тиесілілігін, сондай-ақ жасырын көмекшілердің жеке басын шифрлау мақсатында сыртқы барлаудың және арнаулы мемлекеттік органдардың өзге де субъектілері үшін басқа мемлекеттік органдардың, сондай-ақ ұйымдардың оларды дайындау және (немесе) ресімдеу тәртібі бірлескен нормативтік құқықтық актілермен айқындалатын құжаттарын дайындау және (немесе) ресімдеу.

Сыртқы барлаудың және арнаулы мемлекеттік органдардың өзге де субъектілерінің мемлекеттік органдарда тіркелуі талап етілетін мемлекеттік органдардың құжаттарын, оның ішінде олардың ұлттық қауіпсіздік органдарының өтінімі бойынша беретін құжаттарын осы тармақшада көзделген мақсатта пайдалану қажеттігі жағдайында, тиісті мемлекеттік органдар бірлескен нормативтік құқықтық актілермен айқындалатын тәртіппен оларды өтеусіз негізде дайындайды және (немесе) ресімдейді;

18) ұлттық қауiпсiздiк органдарына жүктелген мiндеттердi орындау және аталған органдардың қызметiн қамтамасыз ету үшiн қажеттi ұйымдар мен бөлiмшелердi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен құру;

2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 19) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)

19) арнайы техникалық және өзге де құралдарды қоса алғанда, арнайы байланыс, қару-жарақ және жарақтандыру құралдарын әзiрлеу, жасау, сатып алу және пайдалану, бұл ретте мемлекеттік шифрлық құралдарды әзірлеу, шығару және жарақтандыруға қабылдау және оларды (барлаудың техникалық құралдарынан) арнайы қорғау Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады. Осы мақсаттарда Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарымен және ұйымдарымен, шет мемлекеттердiң арнаулы қызметтерiмен және ұйымдарымен шарттар, келісімшарттар жасасу;

2016.28.12. № 36-VI ҚР Заңымен 20) тармақша жаңа редакцияда (ресми жарияланған күнінен кейін екі ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

20) Қазақстан Республикасының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету проблемалары жөнiнде ғылыми зерттеулер жүргiзу, ақпараттық жүйелер мен арнаулы байланыс түрлерiнiң жүйелерiн әзiрлеу және жасау;

2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 20-1), 20-2), 20-3), 20-4) және 20-5) тармақшалармен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi)

20-1) 2023.23.12. № 51-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 5 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

20-2) 2023.23.12. № 51-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 5 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

20-3) 2023.23.12. № 51-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 5 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2023.23.12. № 51-VIII ҚР Заңымен 20-4) тармақша өзгертілді (2024 ж. 5 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

20-4) арнайы куәландырушы орталықты құру, аккредиттеу, оның қызметін тоқтату;

20-5) 2023.23.12. № 51-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 5 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

21) 2023.23.12. № 51-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 5 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2016.28.12. № 36-VI ҚР Заңымен 21-1) тармақшамен толықтырылды (ресми жарияланған күнінен кейін екі ай өткен соң қолданысқа енгізілді)

21-1) бірлескен нормативтік құқықтық актілерде немесе келісімдерде айқындалған тәртіппен мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың бейнекамераларын және өзге де электрондық жабдық түрлерін пайдалану;

2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 21-2) - 21-8) тармақшалармен толықтырылды

21-2) Интернетке қол жеткізу бірыңғай шлюзінің және «электрондық үкіметтің» электрондық поштасы бірыңғай шлюзінің жұмыс істеуі мәселелері бойынша ведомствоаралық үйлестіруді жүзеге асыру;

21-3) Интернетке қол жеткізу бірыңғай шлюзін және «электрондық үкіметтің» электрондық поштасының бірыңғай шлюзін дамытуды жүзеге асыру;

21-4) байланыс операторларының қауіпсіздік сертификатын қолдануын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 21-5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

21-5) байланыс операторлары желілерін интернет-трафикпен алмасу және интернет-трафикті өткізу нүктелеріне қосу тәртібіне мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 21-6) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

21-6) байланыс операторлары желілерін интернет-трафикпен алмасу және интернет-трафикті өткізу нүктелеріне қосу тәртібін айқындау;

21-7) қауіпсіздік сертификатын беру және қолдану тәртібін айқындау;

21-8) ақпараттық қауіпсіздіктің куәландырушы орталығын айқындау;

2025.17.11. № 231-VIII ҚР Заңымен 21-9) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 18 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

21-9) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес, берілген рұқсаттар бойынша біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына сәйкестікке жүргізілетін тексерулер мен жоспардан тыс тексерулер нысанында ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнаулы техникалық құралдар салаларында берілген рұқсаттар бойынша мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;