(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ҚАУIПСIЗДIК ОРГАНД...

Предыдущая страница

Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелеріне жіберілген ұлттық қауіпсіздік органдарының Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелеріндегі ресми өкілдері мен олардың көмекшілерінің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет туралы заңнамасында белгіленген көлемде және тәртіппен, теңестірілген лауазымдар бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитеті үшін бөлінген бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

Ұлттық қауіпсіздік органдарының Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелеріндегі ресми өкілдері мен олардың көмекшілерінің лауазымдарын Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет қызметкерлеріне теңестіру Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы мен Сыртқы істер министрінің бірлескен шешіміне сәйкес жүзеге асырылады.

 

ҚР 21.03.02 ж. № 309-II Заңдарымен 21-бап өзгертілді; 2007.15.05. № 253-III ҚР Заңымен 21-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2012.13.02. № 553-IV ҚР Заңымен 21-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

21-бап. Ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлері

1. Ұлттық қауiпсiздiк органдары қызметкерлерiнiң еңбек жағдайлары Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі және Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасымен реттеледi.

2. Ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлерін әлеуметтік қорғау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қамтамасыз етіледі.

 

ҚР 21.03.02 ж. № 309-II Заңдарымен 22-бап өзгертілді

22-бап. Ұлттық қауiпсiздiк органдары үшiн кадрлар даярлау

1. Ұлттық қауiпсiздiк органдары үшiн кадрлар даярлау, қайта даярлау және олардың біліктiлiгiн арттыру Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.

2. Кадрларды кәсiби даярлауды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің шешiмiмен тиiстi оқу орындары құрылады.

5 Тарау. Қорытынды және өтпелi ережелер

 

22.12.98 ж. № 327-1; 21.03.02 ж. № 309-II; 2004.20.12. № 13-III (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен; 2012.13.02. № 553-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.03.11. № 244-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 23-бап өзгертілді

23-бап. Ұлттық қауiпсiздiк органдарын қамтамасыз ету

2017.30.06. № 80-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Ұлттық қауіпсіздік органдарын қаржыландыру, материалдық-техникалық және әлеуметтік-тұрмыстық қамтамасыз ету бюджет қаражаты есебінен, сондай-ақ медициналық көмек көрсеткені үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан алынған қаражат есебінен жүзеге асырылады.

2. Темiр жол, су және әуе көлiктерiнде, сондай-ақ тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын қорғаныс және стратегиялық объектiлерде қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге қатысатын ұлттық қауiпсiздiк органдарының бөлiмшелерi, сол сияқты бұларды ұстау мен пайдалану жөнiндегi шығыстарды көтеретін тиiстi органдар мен ұйымдардың есебiнен жабдықталған, оның iшiнде байланыс құралдарымен жабдықталған қызметтiк үй-жайлармен, сондай-ақ жол жүру үшiн бiр жылдық қызметтiк билеттермен қамтамасыз етiледi. Әскери қарсы барлау органдары сонымен бiрге автокөлiкпен, жанар-жағармай материалдарымен, қару-жарақпен және тұрмыс-тiршiлiгі үшiн қажеттi басқа да мүлiкпен, сондай-ақ тұрғын үймен және әкімшілік үйлердің күзетімен осы мақсаттар үшін Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарына бөлінетін бюджет қаражаты есебінен қамтамасыз етiледi.

3. 2023.23.12. № 51-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 5 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

24-бап. Ұлттық қауiпсiздiк органдарының қызметiне бақылау жасау

1. Ұлттық қауiпсiздiк органдарының қызметiне бақылауды Қазақстан Республикасының Президентi жүзеге асырады.

2. Ведомстволық бақылауды ұйымдастыру және жүзеге асыру Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Төрағасына жүктеледi.

2012.13.02. № 553-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.11.07. № 91-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 25-бап жаңа редакцияда

25-бап. Ұлттық қауiпсiздiк органдарының қызметiнде заңдылықтың сақталуын қадағалау

Ұлттық қауiпсiздiк органдарының анықтау, тергеу, әкімшілік іс жүргізу және жедел-iздестiру қызметi заңдылығының сақталуына жоғары қадағалауды Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры және ол уәкiлеттік берген прокурорлар жүзеге асырады.

 

26-бап. 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)

2021.29.06. № 58-VІІ ҚР Заңымен (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 27-бап өзгертілді

27-бап. Осы Заңның күшiне ену тәртібі

Осы Заң 1996 жылдың 1 қаңтарынан күшiне енедi.

Осы Заңның 12-бабы 13-1) және 13-2) тармақшаларының қолданысы 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын.

 

28-бап. Осы Заң жүзеге асыру жөніндегі шаралар

1. «Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiк органдары туралы» 1992 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1992 ж., № 11-12, 286-құжат; № 24, 591-құжат; 1993 ж., № 8, 179-құжат) күшi жойылған деп танылсын.

2. 2012.13.02. № 553-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

3. 2012.13.02. № 553-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

 

Қазақстан Республикасының